Жетістіктері

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы кәсіби музыкалық білім беру саласында жетекші жоғары оқу орны.

Консерватория түлектері өздерінің кәсіби дайындығының бәсекеге қабілетті екенін тек Қазақстанда емес , шет мемлекеттерде де дәлелдеп  жүр. Консерватория еліміздің абыройын жақын және алыс шет елдерде асқақтатып жүрген біртуар орындаушылар және өнер қайраткерлерінің кәсіби мектебі болып табылады. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы республикамыздың жоғары музыкалық кәсіби білім беру саласының ең үздік қайталанбас оқу орны болып табылады.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халықаралық пианистер байқауы, «Наурыз-21» халықаралық заманауи музыка фестивалі, халықаралық камералық байқауы, «Асыл мұра» дәстүрлі музыка байқауы секілді үлкен халықаралық фестивальдар мен байқаулардың және тағы да басқа ірі жобалардың ұйымдастырушысы болып табылады.

2004 оқу жылынан бастап, білім берудің кредиттік жүйесіне жоспарлы түрде көшіп келеді. «Арт-менеджмент» сияқты, бакалавриат және магистратура бағдарламаларына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясыжаңа мамандықтар ендірілуде. Консерваторияда құрылған телерадиокешені дыбыс режиссеры және продюссер, дыбыс инженері және музыка сыншылары, бағдарлама редакторлары және радио дикторлары мамандықтарын дайындау мүмкіндігін ұсынады.

1997 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры - Қазақстан Республикасы Халық әртісі, Казақстан Республикасы Мемлекеттік Премиясының лауреаты, профессор Жәния Әубәкірова.