Жетістіктері

Мусаева (Шандыбаева) Сана Жеткербайқызы бала жасынан бастап өзінің көшбасшылық және биіктерге ұмтылу қасиеттерін дамытып  келеді.
  • 2009 жылы Cass Business School, City University, London абыроймен бітіріп шығып, сақтандыру және тәуекел-менеджменті саласының ғылым Магистрі дәрежесін алды.( Мaster of Science in «Insurance and Risk Management»).
  • Сана Мусаева (Шандыбаева) Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
  • 2004 жылы «Қазақфильм» киностудиясында режиссер Болат Қалымбетов түсірген көркемсуретті тарихи «Сардар» фильмінде басты рольді абыроймен орындап шықты.
  • 2005 жылы Қазақ Ұлттық университетінде «Қаражат» мамандығы бойынша Эконмика Магистрі дәрежесін қорғап шықты.
  • Сана 2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты өткізілген студенттік ғылыми-практикалық конференцияда I орынды жеңіп алды.
  • Сана бірінші Республикалық студент жастар фестивлінің  «Жас Толқын аруы-2001» конкурсының жеңімпазы атанды, сондай-ақ  Республикалық «Ана тілі» газетінің өткізген «Ана тілі аруы-2003» конкурсының бас жүлдесінің иегері.
  • 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  Унивеситетін «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.
  • 1999 жылы Алматы облыстық қыздарға арналған қазақ-түрік лицейін тамамдады. Үздік оқығаны үшін «Алтын белгі» алтын медалімен марапатталудың мәртебесіне ие болды.
  • 1988 жылы өткен Республикалық мектепаралық олимпиадада Қазақстан тарихы пәні бойынша II  орынды иеленді.