Өмірбаяны

Туған жылы: 21сәуір 1981 ж.
Туған жері: Алматы қ., Қазақстан.
Тұратын жері:
Алматы қ., Қазақстан.

Петракова Анна Игоревна 1998 жылы № 1 Алматы көркемдік мектебін бітірді.

2002 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша көркем сурет факультетін бітірді. 2004 жылғы маусым айында Абай атындағы ҚазҰПУ сурет өнері теориясы және тәжірибесін оқыту мамандығы бойынша магистратураны үздік түрде бітірді.

2006-2007 жылдары аталған университетте сабақ берді. Орыс және ағылшын тілдерінде көркемдік шеберлік негіздері бойынша сабақ береді.
16 жеке көрмеге ие, сонымен қатар ол 30-дан жоғары топтық көрмелерде қатысты.

Аннаның жұмыстары Греция, Малайзия, Швейцария, Англия, Жапония, Германия, Түркия, Франция, Қытай, АҚШ, Украина және Ресейдің жеке коллекцияларында бар.

Әдебиет, сурет өнері, тауға шығумен айналысады.

Жеке жоспарлары: ҚР көркемөнері мен мәдениетін дамыту және насихаттауға өз үлесін қосу.

Хобби, жұмыс және әуесқойлық шеберлікті арттыру және кәсіби дағдымен байланысты.

Кейбір көрмелері:

  • 2005 жылғы 23 маусым мен 31 тамыз аралығында «Қайырлы жаз» жеке көрмесі, «Альгаир» галереясы, PROMENAD сауда орталығы.
  • 2008 жылғы 26 қараша мен 16 желтоқсан аралығында тәуелсіздік күніне орай А. Қастеев атындағы Мемлекеттік көркемөнер мұражайында «Тәуелсіздік тынысы» атты жас суретшілердің екінші қалалық көрмесіне қатысты.
  • 2009 жылғы 27 ақпан мен 30 наурыз аралығында А. Қастеев атындағы Мемлекеттік көркемөнер мұражайында өткен «Галереялар шеруі» атты көрмеге қатысты.
  • 2009 жылғы 25 сәуір мен 10 мамыр аралығында «Президенттің бірінші қорының» Президенттік мәдениет орталығы қамқорлығы аясында «Жас импульс» атты топтық көрмеге қатысты.
  • 2009 жылғы 22 қыркүйек мен 4 қазан аралығында «Жүректен жүрекке. Астана-Алматы» атты жеке көркемөнер көрмесі, «Суретшілер одағы» ҚБ, Астана қаласы.
  • 2009 жылғы 30 қазан мен 20 қараша аралығында Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайының «Куланши» арт орталығында өткен «Таза ауа» атты жас суретшілер көрмесіне қатысты.
  • 2010 жылғы 27 наурыз мен 10 сәуір аралығында «Президенттің бірінші қорының» Президенттік мәдениет орталығы қамқорлығы аясында «Көркем суреттегі ұлттық идея» топтық көрмесіне қатысты.
  • 2010 жылғы 19 мамыр мен 25 мамыр аралығында Көркем көрмелер және аукциондар дирекциясы өткізген «Қазақстандық көркемөнер аптасы» көрмесінің қатысушысы.
  • 2010 жылғы 22 қазан мен 11 қараша аралығында «Вернисаж» галереясында өткен «Алыс әрі жақын» жеке жеке көркем сурет көрмесі.
  • 2011 жылғы 5 мамыр мен 19 мамыр аралығында Алматы қаласы Орталық көрме залында өткен «Шаршы» шығармашылық бірлестігінің 4-ші республикалық көрмесіне қатысты. Көркем көрмелер және аукциондар дирекциясы.
  • 2011 жылғы 25 мамыр мен 2 маусым аралығында «Қазақстандық өнер аптасы» көрмесіне қатысты. Орталық көрме залы. Көркем көрмелер және аукциондар дирекциясы.
  • 2011 жылғы 3 маусым мен 17 маусым аралығында жыл сайынғы «НЮ» көрмесіне қатысты. «Арт-Нават» көркемөнер галереясы.

Ақпарат соңғы жаңаруы 15.06.2011