Өмірбаяны

Туған жылы: 1969 жыл
Туылған жері: Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласы.  
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы, Қазақстан.

Төлеген Бахаргүл– танымал топтамашы-этнограф, Қазақстандағы түркі халықтарында сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдарының бірден-бір жеке мұражайының иегері болып табылады. Қазақ ұлттық кәдесыйларын жасап шығаратын «Әдемі-Ай РІus» компаниясының президенті.  

Балалық шағы мен жастық шағы Қытай Халық Республикасында өткен Бахаргүл Төлеген бала кезіндегі арманын жүзеге асырды, 1994 жылы тарихи отанына оралды. Сол сәттен бастап Бахаргүл өмірін қазақ ұлттық мәдениетін насихаттауға әрі құнды тарихи жәдігерлерді сақтауға арнады.  

Бахаргүл Төлегеннің барлық жұмыстарынан ұлттық рухтың нақыштарын, қазақтарда сирек кездесетін бұйымдардың құпиясын ашқысы келетін тілегін көреміз. Бахаргүл ханым қазақ мәдениеті мен этнографиясын ағарту және насихаттау мақсатында Қазақстандағы ғана емес, сондай-ақ шетелдік көрмелерге де қатысқан. Сирек кездесетін бұйымдар топтамасымен: Бүкіләлемдік қазақ қауымдастығының 15-жылдығына арналған қазақ шеберлерінің қолданбалы және заманауи өнер әлемінің «Елім-ай» көрмесіне, «Тараз-2000» көрмесіне; Бүкіләлемдік қазақтардың ІІ құрылтайына (Түркістан, 2002 ж.), Шағын қазақ құрылтайына (Швеция, Вестерос 2003 ж.); «Наурыз» көрмесіне (Алматы, 2004 ж.); Бүкіләлемдік қазақтардың ІІ құрылтайына (Астана, 2005 ж.), Шағын қазақ құрылтайына (Германия, Мюнхен, 2007 ж.); Кәдесыйлардың халықаралық «Ару-2007» (Алматы), « Қиял ғажап әлемі» (Астана, Думан, 2007 г.) көрмесіне; Кәдесыйлардың халықаралық «Ару-2008», «Ару-2009», «Ару-2010», «Ару-2010»  көрмесіне қатысқан. Әрбір өткен көрмеден Бахаргүл ханым қазақ мәдениетін дамытуға қосқан бағалы үлесі үшін ұйымдастырушылар тапсырған алғысхаттар мен дипломдар алып келеді.  

2009 жылы Бахаргүл Төлеген Әбілхан Қастеев атындағы мұражайда және Астанадағы Мемлекеттік алтын және бағалы металдар мұражайында «Жүрегімде – Отаным» атты ерекше этно жәдігерлік жеке көрме ұйымдастырды. Экспозицияға зергерлік бұйымдар ғана емес, сондай-ақ көшпенді қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары, атты ерттеуге арналған керек-жарақтар, тоқылған бұйымдар, семсер, сауыт және басқа да ерекше бұйымдар ұсынылды. 2010 ж. Алматы қаласындағы Мемлекеттік Орталық мұражайда «Жүрегімде-Отаным» атты жеке көрмесін тағы да жалғастырады.

Бахаргүл Төлегеннің балалық шағы Қытай Халық Республикасының негізгі тұрғыны қазақтар болып саналатын Шәуешек қаласында өтті. Бахаргүлдің бойындағы қазақтардың қолданбалы ұлттық өнеріне деген қызығушылығы кесте тігумен, киіз жасаумен айналысқан анасының арқасында пайда болды. Орта мектепті тәмамдаған Бахаргүл ҚХР астанасына барып, Пекин Мемлекеттік университетінің биология факультетіне оқуға түседі. Оқу жылдары Бахаргүл тарих мен этнографияға үлкен қызығушылық танытады, әсемдігі жағынан ерекше қытайлық сирек кездесетін бұйымдар сақталған мұражайларға барады. Осы салаға қызығушылық танытудың салдарынан Бахаргүл қоладан жасалған қытай мүсіндерін жинай бастайды.  

Қазақстанның тәуелсіздік алғандығы туралы хабар – тарихи отанына оралу туралы арманына жаңа күш беріп, Бахаргүлді қуантып жібереді. 1994 жылы университетті тәмамдағаны туралы диплом ала салысымен Бахаргүл бірінше рет Қазақстанға келіп, өз пәні бойынша кандидаттық диссертациясын зерттеу жұмысына кіріседі, сонымен қатар қолданбалы өнерді және ежелгі жәдігерлерді жинауды зерттейді. 

Сол кезден бастап Бахаргүл өзінің құмарлығы – қазақ қолданбалы өнеріне толығымен беріледі, жергілікті топтамашылармен танысады. Адамдардың бұндай жабық «қоғамдық топтарымен» ортақ тіл табысуға оның Қытайдан әкелген «қазынасы» - қола және мыс мүсіндері көмектеседі.  Бахаргүл осындай сирек кездесетін заттарға деген сұранысты қанағаттандырады, тапсырыстар алады, ал топтамашылар, өз кезегінде, Бахаргүлге күмістен жасалған ұлттық зергерлік әшекейлер әлемін ашады. Біртіндеп, қазақ қолданбалы өнерінің және күміс әшекейлердің заттар топтамасы қалыптасады. Ол кезеңде сирек кездесетін 10-нан астам ғана бұйым болатын.  

2000 жылы Бахаргүл «Әдемі-Ай plus» компаниясының негізін қалайды, 2002 жылы «Әдемі-Ай» өнер салонын ашады, онда үш жыл бойы ізденіс үстінде жиналған бұйымдарының көрмесін ұйымдастырады. Экспозиция біртіндеп өседі, оның қатарында Бахаргүлге сирек кездесетін бұйымдар мен ежелгі жәдігерлерді әкелетін салонның келушілерінің еңбегі де зор. Экспонаттарға үлкен қызығушылық танытатын келушілерге қарап, Бахаргүл Қазақстанда әртүрлі себептермен кәдесый өнімдерінің өндірілмейтініне ойланып қалады. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін ол кәдесый өндірісін қолға алады. Әртүрлі халықтарда және мәдениетте ырым бойынша сәттілік әкелетін немесе бәле-жаладан сақтайтын заттар болады, мысалы, қытайлық шаян немесе құрбақа. Қазақ мәдениетінде де осы тәріздес бұйымдар бар. Оның жарқын мысалы, асық, оның мағынасын «Асығың оңынан түссін!» деген мақалдан түсінуге болады. Осы идеяны неліктен кәдесый бейнесіне айналдырмасқа?  

Осы сәттен бастап жігерлі әрі пысық Бахаргүл ханымның өмірінде жаңа кезең басталады. Ол кәдесыйлардың көлемді өндірісін ашады. Бұл үдеріс білім мен дүниетанымды ғана емес, сондай-ақ бизнесті жүргізу шеберлігін және алпауыт іскерлік қабілетті талап етеді. Бұл шеберліктер Бахаргүл ханымның Қазақстандағы мүсіншілермен, тарихи қайраткерлердің монументтерін жасаған авторларымен (олардың жұмыстары мерейтой және тарихи даталармен ұштастырылатын) ынтымақтастық орнатқанынан көрініс тапты. 2003 жылы мемлекетіміз Махамбет пен Исатайдың мерейтойын атап өтеді, Бахаргүл ханым монумент авторларының келісімін алып, сол авторлармен ынтымақтаса жүріп, ескерткіштердің кәдесыйлық нұсқаларын дайындай бастайды. Кейінірек, басқа да бұйым түрлері (қобыз, асық, Бәйтерек, Тәуелсіздік алаңы, Пирамида, «Алтын адам» статуэткасы, металдан жасалған ұлттық аспаптар және т.б.) пайда болды. «Әдемі-Ай» салонында жаңа зал ашылып, Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған, тарихымызға қатысты, салт-дәстүр деген тақырыптар бойынша топтастырылған қазақ ұлттық кәдесыйлары  сатылымға қойылады.   Осылайша Қазақстандағы кәдесый нарығындағы бірден бір көшбасшы компанияға айналады.
«Әдемі-Ай РІus» компаниясын құрған сәтте осы тәрізді ерекшелігі бар кәсіпорындар мен ұйымдар болмаған, қалғандары кейінірек пайда бола бастады. Бүгінде, Бахаргүл Төлеген басқарып отырған компанияның бәсекелестік артықшылығы – металды құю технологиясы бойынша дайындалатын кәдесый өнімдерінің өндіріс ауқымында және сапасында. Бұл жағдай 22-ғасырда Бахаргүл Төлегеннің кәдесыйлары сирек кездесетін бұйымдар мәртебесіне ие болуы мүмкін деп болжауға келеді, өйткені олар адал жасалады, сынбайды әрі тозбайды. Сонымен қатар ерекше бұйымдардың саны шектеулі.  

Дарынды шеберлер, мүсіншілер, суретшілер командасының арқасында кез келген адам заманауи нұсқада жасалған ежелгі өнердің бір бөлігіне ие бола алады. Демек, Бахаргүл кәсіпкер ретінде мемлекет аясында да, шетелде де Қазақстанның тарихы мен өнерін дәріптеу ісіне, өскелең ұрпақты ұлттық дәстүр және құндылықтар рухында тәрбиелеуде үлесін қосып келеді.  

Қазірде Бахаргүл Төлегеннің топтамасында, барша халық көре алатын «Әдемі-Ай» мұражайында Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының тұрмыстық заттары, қолданбалы өнер және зергерлік бұйымдардың мыңнан астам даналары жиналған. Бұл сирек кездесетін заттар, тұрмыстық бұйымдар, күміс зергерлік бұйымдар топтамасын іздеу және жүйелеу бойынша 15-жылдық жұмыстың нәтижесі. Топтамада археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде алынған, 6-7 ғасырларда даталанған раритетті бұйымдар да бар. Бахаргүлдің өзі үшін қазынаның ішіндегі анағұрлым қымбаттары – күміс әшекейлер, ақша, құмыра, 18-19 ғғ. монеталар. Топсалы білезік, құдағи жүзік (18 ғ., Батыс Қазақстан) тәрізді зергерлік бұйымдар үлкен қызығушылық тудырады. Салон экспозициясындағы әрбір заттың төлқұжаты бар, онда датасынан, металынан бастап бұйымның толық сипаттамасына дейінгі барлық маңызды мәліметтер бар.  

«Топтаманың құндылығы неде?» деген сұраққа Бахаргүл Төлеген «Бұл, алғашқы кезекте, ұлттық игілік, оның құндылығы – ақшалай көрініс емес. Бұл біздің төл тарихымыз бен мәдениетіміздің көрінісі, бұл ғасырлық қолтаңбасы бар бұйымдар, оны сонау ата-бабаларымыз пайдаланған. Сонымен бірге, топтамадағы заттар – ата-бабаларымызды құрметтеу болып табылады» деп жауап берді.  Бахаргүл ханым әртүрлі факторлармен айқындалатын ол заттардың әрқайсысының нақты бағасын анық біледі. Зергерлік әшекей дайындалатын металдың құнына (Лондон биржасының курсына сәйкес) зергер жұмысының құны қосылады да, егер ол бұйым 100 жылдық бұйым болса, ол сома жүз есеге көбейтіледі. Жыл сайын бағаның артатындығы сөзсіз.   

2007 жылы сирек кездесетін заттар мен ұлттық кәдесыйлар топтамасының шығарылған алғашқы тізімдемесі Бахаргүл Төлегенді этнографиялық және мәдени-танымдық «Әдемі-Ай» журналын шығаруға итермелейді, онда мәдениетке, этнографияға, қазақ дәстүріне арналған материалдар, сондай-ақ дарынды қазақстандық суретшілер, мүсіншілер, зергерлер туралы маңызды басылымдар жарияланады. Бахаргүл ханым журналды кәсіби журналистер мен кәсіби редакторға шығартады.   

Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін 2010 жылы Мәдениет министрлігі Бахаргүл Төлегенге ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері деген  атақ береді.  

Сол жылы Бахаргүл Төлеген мемлекетіміздегі 30-дан астам танымал әйелдер қатысқан «Қазақстан әйелі - 2010» атты орасан зор тележобада жеңіске жетіп, жобаның жеңімпазы атанады.

Сирек кездесетін бұйымдарды бағалайтындардың арасында ғана емес, сондай-ақ Қазақстан халқының арасында да Қазақстан тарихы мен өнерін дәріптеуге үлес қосу мақсатында Бахаргүл Төлеген 2011 жылдың 20 сәуірі күні Әдемі-Ай компаниясының жеке ғимараты «Әдемі-ай» өнер үйін ашты. Ол ғимаратта Қазақстандағы түркі халықтарында сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдарының бірден-бір жеке мұражайын «Әдемі-ай өнер мұражайы» және «Әдемі-ай галлереясы» ойып орын алды. Мұражайда Бахаргүл Төлегеннің барлық топтамасы ұсынылған, көрем деушілерге есік ашық.  

Бахаргүл ханымның клиенттері топтама жинаумен әуестенетін сирек кездесетін заттардың және зергерлік бұйымдардың шынайы бағалаушылары, Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен өнерінің білгірлері, сондай-ақ біздің халқымыздың тарихымен әуестенетіндер және туристер болып табылады. Бүгінгі таңда, Бахаргүл Төлеген әлемдік қауымдастықтың назарын қазақ халқының мәдениетіне және жетістіктеріне аударту мақсатында шетелдік топтамашылармен, аукциондық үйлермен ынтымақтастық жасауды жоспарлап отыр.    

Базаргүл Төлеген басқаратын «Әдемі-Ай Ріus» компаниясы 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындарына демеушілік көрсетіп, 15 млн. теңге бөлді, Қытаймен және Түркиямен бірлесе отырып, Ақ Азиаданың қатысушыларына және қонақтарына арнап ерекше кәдесый даярлады.    Кәдесыйларды дайындау үшін Бахаргүл ханым еліміздің ең дарынды суретшілері мен сәулетшілерін тартты.  

Кез келген пысық әрі белсенді адамның табыс кепілдігі – мықты әрі берік серігінің болуында. Табысқа жету жолында Бахаргүл ханымның қасында әрдайым өзінің жолдасы, кеңесшісі әрі серіктесі – Мұрат жүреді. Мұрат Бахаргүл ханымға зерттеу жұмысы, құнды жәдігерлерді іздестіру тәрізді барлық жағынан көмектеседі. Бақытты ерлі-зайыптылар бүгінде Әдемі атты қыз тәрбиелеуде. Әдемі үлкен үміт күттіретін жан, 4 жасында «Әнші болғым келеді» атты байқауға қатысқан. Ендігі оның арманы – әнші болғысы келеді.  

Бахаргүл ханым өзінің сүйікті жұмысына бүтіндей берілген адам. Әлемдік нарыққа шығатын, жаңа шетелдік серіктестермен байланыс орнататын, аукциондық үйлермен серіктестік жасайтын кез келді.   

Ақпарат соңғы рет 24.05.2011 жаңартылды