Жаңалықтар архиві

GR club Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, шетелде тұратын және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық бойынша (Ресей ынтымақтастығы) Қазақстан Республикасында тұратын отандастардың істері бойынша Федералды Үкімет агенттігімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Толығырақ...

Қор төрағасының міндеттерін атқарушы Қазыбек Шайх тұлғасындағы «ҚР Бейбітшілік қоры» АҚҚҚҚ  Қазақстанның Ашық Қысқы Арнайы Олимпиадасына қатысқан (2012 жылдың 23-24 ақпаны, Астана қ.) арнайы атлеттерге демеушілік қолдау көрсетті.  

Спешиал Олимпикс – әлемдегі зияткерлік мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған спорт жаттығулары мен жарыстарының ең ауқымды бағдарламасы.   

Толығырақ...

2011 жылы 6-11 желтоқсан аралығында Қытай Халық Республикасының Чунцин қаласында Жаһандық Қорлардың II Саммит-Форумы өтті. Форумның мақсаты – «Бейбіт даму, үйлесімді ілгерілеу және өзара тиімді ынтымақтастық» болып табылады.

Форум спикерлерінің бірі «Қазақстан Республикасының бейбітшілік қорының» төрағасы Қазыбек Шайх болды. Шайх мырза өз сөзінде, жаңа Ұлы Жібек жолын жасау идеясымен таныстырды.

Толығырақ...

Бастауыш сынып оқушыларына арналған «БАСТАУ» республикалық математикалық турнирі  

2011 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын мерекелеу аясында, сондай-ақ Алматы қаласында халықаралық VIPlisting.biz жобасының ақпараттық серіктестігімен дарынды балаларға арналған О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернаты мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының негізінде Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдары Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған бастауыш сынып оқушыларына арналған «БАСТАУ» республикалық математикалық турнирінің жеңімпаздары марапатталды.       
Турнирдің мақсаты – оқушылардың оқуға деген ынтасын, танымдық белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бастауыш сынып оқушыларының математика пәнінен алған білімін тереңдету және кеңейту.   

Гран-При иегерлері Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары: Ұзақбаев Қанат, Сейітқали Темірлан, Байлин Әмірхан, Аманкелдi Құдiретолла, Зейнолла Әділ Қазақстанның инвестициялық-тартымды адамдары листингіндегі «Ұлт болашағы» аталымында өздерінің тіркелгендігін растайтын VIPlisting.biz куәлігімен марапатталды.   

Турнирдің басты міндеттері:  

- математика пәні бойынша бастауыш сынып жасындағы дарынды балаларды табу, дамыту және қолдау;  
- математика бойынша оқушылардың олимпиада құрамасының қорын даярлауға көмектесу;  
- балалардың математика ғылымына деген танымдық қызығушылығын дамыту.

Турнирді үйлестіруші Ысқақова Әлия Ербалақызы – «Дарын» РҒПО Алматы филиалының бастығы.

Төменгі сыныптарға арналған «БАСТАУ» республикалық математикалық турнирі

2010 жылғы 17 маусымда Оқушылардың 51-ші халықаралық математикалық олимпиадасына (IMO-2010, Қазақстан) арналған шара аясында VIPlisting.biz халықаралық жобасы ақпараттық серіктестік көрсеткен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталықтың ұйымдастырумен төменгі сыныптарға арналған «БАСТАУ» республикалық математикалық турнирдің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Толығырақ...