Өмірбаяны

Туылған күні:  18.02.1982
Туылған жері:  Алматы, Қазақстан.
Тұрғылықты жері: Алматы, Қазақстан.


Молдағалиева Үлия - дизайнер-модельер, суретші. Қазақстан Республикасы Өнер академиясының шынайы академигі. 2006 жылдан бастап Қазақстан суретшілер қауымдастығының мүшесі.

Бейнелеу өнерінің үлгісі – әйелдер және ерлер киімдерін этно-авангард және рельефті сурет стилінде үлгілеу болып табылады.  

Төмендегі шығармашылық киім топтамаларының авторы:

Этно-авангард сән үлгісіндегі «Түркі гладиаторлары» (2004 ж.);

Заманауи киім үлгісінің әдеттегіден тыс элементтерімен үйлестірілген қазақ монументалды барокко сән үлгісіндегі «Тұрандот  ханшайым» (2005 ж.);

Түркі сарынындағы суретті-рельефті суреттер сериясы. 

5-ші мерейтойлық халықаралық «Ару-2007» зергерлік көрмесіндегі «Гран-при» күміс мүсіншесінің, сондай-ақ күмістен және алтыннан жасалған «Ұмай ана» және «Дала Шолпаны» атты 2 зергерлік топтаманың авторы.

«Түркі гладиаторлары» топтамасы 7 костюмнен тұрады: ерлерге арналған 3 және әйелдерге арналған 4 костюм.

«Түркі гладиаторлары» - бұл ортағасырлық түркі жауынгерлері киімінің элементтері пайдаланылған этно-авангардтық имидж топтамасы. Модельердің бұл топтаманы жасауына VII-XII ғасырлардағы тас мүсін (тас бейне) бейнелері, сондай-ақ айбарлы жауынгер қыздың бейнесі шабыттандырған. Костюмнің құрамдас элементтері: металл көкірекше, тізеқап, иықбау, бас киімдер, корсет пен білезіктер, бұларды Үлия нақыштау әдісімен орындады, сондай-ақ былғарыдан тігілген тізеқап, шұлық етік. 

Топтамада тері және органза, металл және зерлі мата, былғары тәрізді материалдардың үйлесімділігі пайдаланылды.   

Көне түркі костюмі тақырыбындағы шығармашылық түпкі ойының жалғасы «Тұрандот» топтамасы болып табылады, 2005 жылдың мамыр айында Үлия бұл топтамасымен «Жоғарғы Сән апталығына» қатысты. Алматылық төрешілерге қазақ-барка стилінде тігілген 10 костюм ұсынылған. Бұл топтамаға қазақ костюмінің сәнділігі, аңғал сәнділік, тамаша әшекей және пішінінің «баркалық» монументтілігі тән. Автор даланың барлық сары реңктерін, оның барлық бояуларын пайдаланды. «Тұрандот» топтамасының нысапсыздығы, молшылығы негізді.  
Үлиянің өзі: «Мен үшін киім дизайны – бұл костюмді, стильді, өмірді барынша театрландыру. Карнавал, декоративтілік, театр – мені модельер ретінде сипаттайтын үш негізгі сөз болып табылады. Үйлеспейтін стильдерді, маталарды үйлестіру маған ұнайды. Мысалы, сәнді барокко немесе демократиялық джинсаны қазақ нышандарымен, металды нәзік шифонмен, теріні органзамен, гипюрді тері тонмен немесе ішікпен үйлестіру. Сонымен қатар стильдің ешқандай тазалығы жоқ!» деп пайымдайды. 

Суретші бейнелеу өнерінде де өте белсенді жұмыс істейді: бүгінгі таңда, түркі сарынының негізінде суретті-рельефті жұмыстар топтамасын жасады. Үлия шығармашылығының өзгешелігі – тігілген киім үлгілері көрмеге айналады. Сондай-ақ, матаның және керек-жарақтардың қымбаттылығы мен түрі терең рельефті бейнелеу өнерінің әдісімен беріледі. Бейнелеу өнерінде Үлия Еңбегі сіңген өнер қайраткері Амандос Ақанаевтың рельефті бейнелеу өнері мектебінің мүддесін қорғайды.  

Бейнелеу өнерінің жұмыстары Заманауи өнер мұражайына (Астана, 2004), Франция Мәдениет орталығына (Алматы, 2004), «Shahar» арт - центріне  (Алматы, 2004), Президент Мәдени орталығына (Астана, 2005), Астана қаласындағы «Хассанат» галереясына, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына (Алматы, 2006, 2009), Бейбітшілік және келісім сарайындағы Көркемөнер академиясының экспозициясына (Пирамида, Астана, 2007) қойылған. Рельефті «Шежiре» бейнелеу өнері Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Мұражай қорында  орналасқан.

Үлия Бүкіләлемдік «Экспо-98. Лиссабон» (Португалия) көрмесіне, Халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің аясында өткен «Мода-2000» байқауына (Алматы, 2000 ж.), Астана қаласы әкімдігінің және Еуразиялық даму банкінің қолдауымен өткен «Жаңа толқын» көркемөнер көрмесіне (Астана, 2004 ж.), «Тұрандот» топтамасымен қатысқан Қазақстандағы Жоғары сән апталығына (Алматы, 2005 ж.), Республикалық «Астана - Бәйтерек 2005» көрме байқауына (Астана, 2005 ж.), «Хассанат» галереясындағы Қазақстан Республикасы Суретшілер академиясының шынайы суретшілер көрмесіне (Астана, 2006 г№.), Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайындағы «Таранда Великого Эля» көрмесіне (Алматы, 2006 ж. қараша), Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайындағы «Галереялар парады» көрмесіне (Алматы, 2009 ж.) қатысқан.

Алғашқы «Климт туралы ой» шығармашылық үлгісі үшін «Тамаша идея үшін» берілген (2000 ж.), Алматыдағы «Prete-a-Porter: жаз-күз 2002 ж.» фестиваліндегі үздік композициясы үшін берілген, «А может быть?» атты жастар-авангардтық джинса киімдерінің топтамасы үшін берілген (2002 ж.), «Ару-2003 ж.» Халықаралық көрмесінде ұлттық дәстүрді қазіргі заманмен үздік үйлестіргені үшін берілген, 9-шы Халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінде «Сурет өнері» аталымы үшін берілген, «Сұлулық пен сәнділік. Патшаның көктемгі кеші» фестивалінде «Шығармашылық жолы мен тамаша түсінігі үшін» берілген Дипломдары, Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақстанның бейнелеу өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» берілген Құрмет грамотасы бар. 

Литваның Вильнюс қаласында өткен «AmberTripFashionShow» халықаралық сән фестивалінде «Үздік шығармашылық топтама үшін» берілген Дипломның иегері.  Вена қаласында өткен халықаралық «CONTEMPORARY ART» көрмесіне (Австрия, 2008 ж.) қатысқан. Қазақстанның Тайландтағы Елшілігінің шақыруымен Тайланд пен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынасының 15-жылдығына арналған салатанатты іс-шараға өзінің шығармашылық топтамаларымен қатысты. Өмірбаяны «Қазақстан Республикасында кімнің кім екені» (II том, «Өнер» тарауы, Алматы, 2006 ж.) атты анықтамаға және «Алматы және Астана қаласындағы 100 ең көрікті әрі сәнді адамдар» (Алматы, 2008 ж.) атты анықтамаға енген. 2009 жылдың сәуір-мамыр айларында Молдағалиева Үлияның жеке көрмесі болды, онда рельефті сурет өнерінің шығармалары, киімнің 2 топтамасы, зергерлік бұйымдар мен ұсақ пластика ұсынылды. 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының декоративті-қолданбалы өнер және дизайн факультетін тәмамдады (2004ж.).

Ақпарат соңғы рет 25.05.2009 жаңартылды.