Өмірбаяны

Туған жылы: 04.08.2000
Тұрғылықты жері: Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы.
Білімі: Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Негізгі жетістіктері мен наградалары:
Олимпиадалар:

-    І орын мектепішілік математика пәнінен олимпиада. 3сынып.
-    I орын мектепішілік математика пәнінен олимпияда  4 сынып.
-    ІІІ орын қалалық математика пәнінен олимпиада. 4 сынып.
-     2011 жыл – « Бастау» математикалық олимпиададан  Диплом Гран –при және жеңісі үшін медаль.

Ғылыми жобалар:
-    «Magic Dream» – жобасы сертификат.

Жарыстар:
-    І орын футболдан сайыс. 4 сынып.

Конференция :
- «British Bulldog» I орын. 3 сынып

Басқасы:
-    Мақтау қағазы.3 сынып;
-    Мақтау қағазы. 4 сынып;
-     VIPlisting.biz  сайтында «Будущее нации» атауында тіркеу.

Президент бағдарламасы (Дарын, НЗМ, НУ) қалай Сіздің өміріңізге ықпалын тигізді?

2008 жылы қаламызда Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Мен іріктеу тестілеуден өтіп, 3 «А» сыныбына қабылдандым.Бұл менің өмірімдегі ең үлкен әрі қызықты сәттер болды. Осы мектептің арқасында мен әр түрлі сайыстар мен іс шараларға қатысудамын. Мен көп жолдастармен танысып, көптеген мүмкіндіктерге ие болдым. Осы мектепте ең үздік мұғалімдер қызмет атқарады. Сабақ барысында жаңа технологияларды қолданады. Осы зияткерлік мектепте оқу мен үшін үлкен мақтаныш.

Ел Президентіне Сіздің өтінішіңіз
Әр адам баласының арманы Президентпен кездесу. Мен үшін Президентпен кездесу үлкен бақыт. Егер мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездессем, еліміздегі тыныштық пен бейбіт өмір үшін алғысымды білдірер едім. Елбасына өзімнің арманымды айтар едім. Менделеевтің кестесіндегі барлық табиғи заттар жер қойнауымызда бар. Соларды адам баласы орынды және үнемді қолданса деймін. Менің тілегім әр адам баласы жұмыспен қамтылып, жоғары мамандық және дәрігерлік көмек алуға мүмкіндік болса деймін. Ең бастысы, әр баланың жастық шағы бақытты өтсе деймін.

Болашақта қандай жоспарларыңыз бар?

Арманға қарап адамның болашағын анықтауға болады. Ержеткен соң мен ғалым болғым келеді. Себебі ,ол мамандық өте пайдалы және қызықты мамандық. Мен Қазақстанмен  бүкіл әлем үшін үлкен ашылулар жасаймын. Осындай жаңа ашылулар тек адамзат баласына ғана қызмет етіп, оларды үнемді пайдаланса деген арманым бар.

Маған математика және физика пәндері өте ұнайды. Өйткені ,олар сандар әлемімен тығыз байланысты. Қаражаттың жұмсалуын жоспарлап, санаулар жүргізеді. Математика – экономика негізі, ал саясат ол көзделген экономика.

Қазіргі таңдағы басты арманым жақсы білім алып, үлкен ұмтылыстар мен жеңістерге ие болу.

Мен өз Отаныма үлкен табыс тілей отырып, өркендей берсе екен деген тілегім бар!    

Ақпарат соңғы рет 07.11.2011 жаңартылды