Өмірбаяны

Туған күні: 08.06.1973

Туған жері: Ақтау қ., Маңғыстау облысы, Қазақстан

Тұрғылықты жері: Астана қ.

Өтеғалиев Бақытжан Сисенғалиұлы – мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты, Қазақстан мұнай нарығы және шетелдік мұнай трейдерлігі бойынша көпшілікке танымал сарапшы, «Olympex Management» Бақылау Кеңесінің Төрағасы.

Төртінші ұрпақтың мұнайшысы - Бақытжан Өтеғалиев атасы Өтеғалиев Әжіғалидің өмірдегі ұстанымы Қазақстанның мұнай саласын дамыту керек деген өсиетін орындады.

Тәлімгерінің Қазақстанның мұнай секторын дамытудың сарапшысы әрі катализаторы бол деген сөздерін Бақытжан Өтеғалиев өмірдегі міндеті деп білді, ол үшін мұнай саласында жан-жақты білім алды, атап айтар болсақ, Қазақ ұлттық техникалық университеті «Мұнай және газ кен орындарын дайындау және пайдалану» 1991-1996, «Салалардағы экономика және менеджмент» 1999-2003, 2006-2008 жж. Ресейдің Ульяновск Мемлекеттік Университетінде «Жоба менеджері», 2002 ж. Petroleum Economist Program «Механизм және Операциялық мұнай трейдингі», Лондон, Ұлыбритания, 2002 ж. Оxford Princeton Program «Мұнай трейдингі және оперэйшнз» Лондон, Ұлыбритания.

Бақытжан Сисенғалиұлы өзінің мұнай саласындағы қызметімен мұнай саласы қалыптаса бастаған кезден-ақ айналыса бастаған: мұнай мен газды өндіру операторы, мұнайшы инженер, мұнай трейдерінен бастап «ҚазМұнайГаз», СҮ АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары мен жеке мұнай қызметін көрсету компаниясына дейінгі жолды жүріп өтті.

Мұнай саласының өнеркәсіптік саласында 10 жылдан аса тер төкеннен кейін (1990 ж. бастап «Жетібай-мұнай» МГҚБ мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор, Ақтау; «Кумколь-Лукойл» БК мұнайшы инженер, Қызылорда, 1996; «Қараспан» ЖШС коммерциялық директор, Алматы, 1996-1997; «Қазақ Ойл» ТМК мұнай өндіру жөніндегі менеджер, Астана, 1998-2000; «Теңізшевройл» ЖШС-дағы «Қазақ Ойл» ТМК төрағасы, Атырау, 2000-2001), Бақытжан Сисенғалиұлы Ұлыбританиядағы Оксфордта мұнай трейдері бойынша білім алады, биржалық және биржадан тыс мұнай саудасының тетігі мен барлық қыр-сырын меңгерді, сөйтіп, Ұлыбританиядағы Сюррейдің Сhevron Texaco мұнай трейдері ретінде қызмет ете жүріп (2001-2003), Қазақстанға қажетті тәжірибе жинайды.

Дәл осы кезде Бақытжан Сисенғалиұлын Қазақстанның экспорт мүмкіндігін дамыту үшін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «ҚазМұнайГаз» сауда үйіне басқару қызметіне шақырады.

Елінің игілігі үшін, туған Қазақстанының мұнай саласын сапалы түрде дамыту үшін отанына оралған Бақытжан Сисенғалиұлы өзінің алдына қойылған міндеттерді жемісті түрде жүзеге асырады, олар – Қазақстан мұнай экспортының географиясын кеңейту, сату жүйелерін халықаралық стандарттарға келтіру, барлық келісімшарттық міндеттемелерді қайта қарау және шетелдік серіктестермен қарым-қатынас орнату. Алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін Бақытжан Сисенғалиұлы экспорт саудасы жөніндегі сарапшы ретінде үкіметтік комиссияға қатысып, Қазақстан мұнай нарығының барлық қатысушыларына саладағы барлық ерекшелікті, мұнайды сатудың әлемдік тәжірибесін, нарықтағы баға белгіленімі қалай жасалатынын, мұнайдың маркерлік сұрыптары қандай болатынын және т.б. түсіндіреді. Осы кезде оған шетелдегі трейдер тәжірибесі мен шетелде жинаған машықтары, білімі көмек болды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК басшылығы Бақытжан Сисенғалиұлына берілген тапсырмаларды сапалы әрі табысты жүзеге асырғанын аса жоғары бағалап, «Қазақойл-Ақтөбе» АҚ-тың коммерция жөніндегі бас директордың орынбасары етіп жібереді, бұл компанияны ұлттық компания озық ресей компаниясы «Лукойл-Оверсиз» АҚ-пен бірге сатып алған болатын (50/50), Бақытжан Өтеғалиевтің алдына қойылған мақсат сату саясатын басынан бастап қайта құру болды, кейінірек оны «ҚазМұнайГаз» сауда үйіне бас директордың бірінші орынбасары ретінде қайта шақырады, сөйтіп 2009 жылдың қарашасында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың коммерциялық мәселелер бойынша бас директорының орынбасары етіп тағайындайды, оның активтерін «ҚазМұнайГаз» ҰК мен CNPC бірлесіп сатып алған болатын.

Өздігінен білім алу жағынан жан-жақты, сонымен қатар мұнай экспорты мен саудасының мәселелеріне маманданған Бақытжан Сисенғалиұлы тіпті, ең данышпан әрі кәсіби менеджер болса да, ол жақсы мамандарсыз, жақсы командасыз, бір ғана адамның қолынан ештеңе келмейтініне сенімді. Сондықтан да ол кісі үшін мұнайды теңізден өндіру және мұнай саудасы саласында мамандар тапшы болып отырған қазіргі жағдайда өскелең ұрпақтың білімі мен дайындығы аса маңызды.

Бақытжан Сисенғалиұлы белгіленген бизнес процестер аясында қатып қалған операцияларды тек орындап қана қоюға ғана ұмтылмайды, сондай-ақ Қазақстанның мұнай секторын қарқынды дамыту үшін қажетті сапалы өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында инновацияларды үздіксіз бастама етіп көтеруге тырысады, мысалы: мұнай қызмет көрсету секторын техникалық жаңарту, Қазақстандағы мұнай мен мұнай өнімдеріне тәуелді және тиімді бағалар белгілеу үшін Қазақстанды институттармен және құралдармен қамтамасыз ету, мұнайдың экспорт саудасының жүйесін жетілдіруге әсер ету.

Өмірімдегі ең басты міндетім – үздіксіз циклдегі мұнай қызмет көрсету комбинаты формасында мықты әрі бәсекеге қабілетті отандық мұнай қызметін көрсету кластерін жасау дейді Бақытжан Сисенғалиұлы.

Бұл міндетті жүзеге асырудың уақыты келіп жетті деп санайды Бақытжан Сисенғалиұлы. Қазіргі таңда Қазақстан ДСҰ-ға кіруге дайындық кезеңінде тұр, бұл Қазақстанның мұнай қызметін көрсетуді дамытудағы елеулі кезең. Қазақстаннан бұрын ДСҰ-ға кірген Ресей Федерациясының тәжірибесіне сәйкес, тіпті, инфрақұрылымы мен мұнай қызметін көрсету өнеркәсібі мықты болса да, Ресейдің мұнай қызметін көрсететін компаниялары өз компанияларының Ресей мұнай қызметін көрсету секторына қатысу үлесін жылдам жоғалтады екен. Мұндай оқиғаның Қазақстанда да орын алуы мүмкін. Сонымен қатар бытыраңқы мұнай қызметін көрсету компаниялары «ұзақ» әрі «арзан» қаржыландыру көздеріне қолжеткізу мүмкіндіктері, мұнай қызметін көрсетудің су жаңа технологиялары мен біліктілігі жоғары кадрлары бар шетелдік компанияларға төтеп бере алмайды, десе де комбинатқа бірігетін болса, өндірілетін мұнай қызметтерінің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге әсер ететін, сонымен қатар кәсіпорын комбинатына кірген пайданы арттырып, бәсекеге қабілетті ұйым құра алады. Сондай-ақ Бақытжан Сисенғалиұлының пікірінше, бұл отандық мұнай қызметін көрсететін компанияларға экологиялық мұнай қызметінің өсіп келе жатқан талаптарына жауап беруге мүмкіндік береді.

Өміріндегі басты ісі – жұмысына шын берілген Бақытжан Сисенғалиұлы өміріндегі аса маңызды адамдары: Жұбайы Дәмеліге, қызы Жаннэт пен ұлы Нүриге алтын уақыт табады. Әділ болу, адамдарды құрметтеу, кез келген жағдайда адам болу іспеттес өміріндегі басты қағидаттарын балаларының бойына сіңіреді. Ұлының барлық бастамаларына әрдайым қолдау көрсетіп, оған кәміл сенген анасы Өтеғалиева Шәкизат та ұлына осы қасиеттерді дарытқан екен.

 

Ақпараттың соңғы жаңаруы 16.04.2014