Өмірбаяны

Орталық Қазақстандағы пайдалы қазбалар кенорындары адамды ерте заманнан бері қызықтырып келеді, кен қазу да сонау металдан мыс қорытудан басталатын болар. Орталық және Солтүстік Шығыс Қазақстанда қола заманынан бері металлургия және кен істері орталықтары болғандығы ғалым-геологтар мен инженерлер жазбаларынан белгілі, олар XIX ғ. Сарыарқада геологиялық зертеулер жүргізген. 1824 ж. ертедегі кеніштерге баруға рұқсат берілді, сөйтіп қазақтың кен танитын білгірлері көмегімен кен өнеркәсіпшілері мен кәсіпкер алып-сатарлар алтын іздестірді, мыс, қалайы, қорғасын кенорындары ашылды. Осылардың бәрі бұрынғы кен алған жерлерде жұмыс істеді.

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның кен кәсіпорындары қара, түсті және сирек т.б. металдар шығарудың шикізат базасы болды. Минералды шикізатты өндіруді көбейту, республика кен өнеркәсібін соғыс қажеттілігіне қарай қайта құру және кен өндіру кәсіпорындарына тікелей практикалық көмек беру мақсатымен академик Қ.И. Сатпаевтың бастамасымен 1943 ж. 02.21. № 4 КСРО ҒА Қазақ филиалы төралқасы қаулысымен Геология институты құрамында «Кен істері секторы» құрылды. Бұл сектор ҚазССР-ы халық комиссариаты № 689 қаулысымен 1944 ж. 12.06. «Кен істері институты» болып қайта құрылды.

1945-2001 жылдары осы институттың басшылары әрі ғылыми қызметті ұйымдастырушылары мыналар: т.ғ.к., И.З. Лысенко, ҚазКСР ҒА корр.-мүшесі А.Ш. Мусин, т.ғ.д., проф. А.М. Сиразутдинов, т.ғ.д., проф. И.З. Лысенко, т.ғ.к., проф. В.Г. Береза, ҚРҒА корр.- мүшесі А.Г. Балғожин, ҚРҰҒА корр- мүшесі Е.И. Рогов, т.ғ.д., проф. М.Ж.. Бітімбаев.болды.

2001 ж. бастап Д.А. Қонаев атындағы кен істері институтының директоры т.ғ.д., проф. Сейтғали Жолдасұлы Ғалиев, қазір ҚР Минералды ресурстар академиясының толық мүшесі, Халықаралық ақпараттау академиясы академигі (ХААА).

Д.А. Қонаев атындағы кен істері институты - кен өндірісін ғылыми техникалық қамтамасыз ететін Қазақстан және Орталық Азиядағы ірі ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Магистратура, аспирантура, докторантура және ізденушілік арқылы ғылыми кадрлар дайындалады.

Институт 1993 жылдан бері Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі «Минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» РМК еншілес кәсіпорны болып саналады.

Институт құрамында 6 ғылыми бөлім, 16 ғылыми зертхана, 5 мамандандырылған бөлім: Жобалау-конструкторлық бөлім, Патенттеу-ақпараттық бөлім, Оқу-әдістемелік бөлім, Гылыми- техникалық жұмыстарды автоматтандыру бөлімі, қоғамдық тамақтандыру ұйымдастыру бөлімі, кітапхана, Институт мұражайы бар.

Институттың жақсы жабдықталган әрі қажетті техникасы бар, ғылыми конференциялар, семинарлар, әртүрлі іс-шаралар өткізетін залдары, сондай-ақ оқу кабинеттері, спорттық-сауықтыру кешені, дәрігерлік кабинет, технопарк, асханасы бар.

Институт қызметінің басты бағыттары:
  • Пайдалы қазбалар кенорындарын табиғи және техногендік игерудің тиімді және экологиялық жағынан таза, қауіпсіз технологияларын дайындау.
  • Кенді жерасты өндіруде геомеханикалық процестерді болжау және басқару.
  • Техникалық қызметтерді басқарудың, кен жұмысын жоспарлау және жобалаудың автоматтандырылған жүйелерін жасау.
  • Кенді жерасты және ашық қазып алу жұмыстарын механикаландыру.
  • Жер қойнауын және техногендік шикізатты кешенді игеру.
  • Жобалау-конструкторлық жұмыстар.
  • Кен құқығы, кен өндірісі экономикасы, геоэкология, геотехнология, бұрғылау-жару жұмыстары және жарылғыш заттар жасау, кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі салалары бойынша консалтингтік қызмет.
  • Кен ісі саласы бойынша біліктілігі жоғары мамандар дайындау.
Институт лицензиясы:
  • ЖОО кейінгі кәсіби білім: Мына мамандықтар бойынша докторантура: «Геотехнология» (жерастылық, ашық және құрылыс) және «Геомеханика» (тау жыныстарын жарылыспен бұзу, кеніштік аэрогаздинамика және кен жылу физикасы).
  • Аспирантура (күндізгі және сырттан оқыту түрлері, мына мамандықтар бойынша: «Геотехнология» (жерастылық, ашық және құрылыс), «Геомеханика» (тау жыныстарын жарылыспен бұзу, кеніштік аэрогаздинамика және кен жылу физикасы), «Еңбекті қорғау», «Кен машиналары», «Геоинформатика».

Ғылыми –ұйымдастыру қызметі

Институт кен істері саласындағы республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды және мемлекеттік іргелі ғылыми-зерттеу бағдарламаларын іске асыру жөніндегі бас ұйым болып саналады, сонымен бірге Қазақстанның бірқатар кен өндіру кәсіпорындарының бас жобалаушысы.

Институтта дирекциямен бірлесе отырып алдағы міндеттер мен мақсатты анықтап стратегиясын белгілейтін мекемені басқарудың жоғарғы алқалық органы Ғылыми кеңес бар. Оның құрамын уәкілетті орган ҚР МШКҰҰО бекітеді. Ғылыми кеңестің 2 секциясы жұмыс істейді.

Институт жанында кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес қызмет атқарады, ол 5 мамандық: «Геотехнология», «Геомеханика», (тау жыныстарын жарылыспен бұзу, кеніштік аэрогаздинамикасы мен кен жылу физикасы), «Еңбекті қорғау», «Геоэкология», «Геоақпараттау» салалары бойынша жұмыс істейді.

1971-2009 жылдар аралығында институтта 51 докторлық, оның ішінде 39 диссертацияны институт қызметкерлері қорғаған, 327 кандидаттық диссертация, оның ішінде 210 диссертацияны институт қызметкерлері қорғаған.

Иститут 50 жылдан астам уақыттан бері «Кен өндірісін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» еңбектер жинағын шығарады, ол докторлық диссертациялардың негізгі қорытындыларын жариялауға ұсынылған ғылыми баспалар тізіміне кіреді.

Институт ашылғаннан бері оның 8 қызметкері Қазақ КСР Ғылым академиясы корреспондент мүшесіне, үшеуі ҚР ҰҒА толық мүшелігіне сайланды.

Институттың біліктілік деңгейін қазір 1 ҚР ҰҒА академигі, 2 ҚР МРА академигі, ХИА академигі, МРА корр.-мүшесі, 25 ғылым докторы (оның ішінде 16 профессор), 30 ғылым кандидаты, кен жұмыстарының ашық және жерасты қазу саласы тәжірибелі мамандары анықтайды. Институтта 250 қызметкер бар.

Институт өз әзірлемелерінің жаңашылдығына, сонылығына көп көңіл аударады, Институт қызметкерлері 958 авторлық куәлік (1945 ж. бері), 33 ресей патенттерін, Қазақстанның 11 патентін, 2 инновациялық патентін, 11 интеллектуалдық меншік куәлігін алды.

Институт қызметкерлері әзірлеген жұмыстардың көбі өндірісте істейтін мамандармен, ғылыми- зерттеу, жобалау- конструкторлық, машина жасау кәсіпорындарымен тығыз байланыс нәтижесінде атқарылды. Сондықтан бұл жұмыстар нәтижелері өндірісте, техникалық жобалау, технологиялық регламенттер, нормативтік құжаттар, әдістемелер ретінде пайдаланылды, экономикалық тиімді болды.

Кен істерін дамытуға қосқан ғалымдар үлесі тиісті бағаларын алды: т.ғ.к. В.Г. Береза, т.ғ.д. А.Ш. Мусин, т.ғ.к. А.Н. Жақыпбаев (1961 ж.) Блокты еріксіз қопару жүйесі үшін Лениндік сыйлыққа  ие болды; т.ғ.д. В.Ш. Шәріпов ҚСРО мемлекеттік сыйлығын (1971 ж.) Пайдалы қазбаларды өздігінен жүретін құралдарды пайдаланып өндіру технологиясы үшін; ҚазКСР Министрлер Кеңесінің сыйлығы т.ғ.д. Ш.А.-Г. Балғожин, т.ғ.к. Ф.И. Клиновицкий (1986 ж.) Қарағанды бассейні көмір шахталарында метан өндіру тәсілдерін әзірлеу және өндіріске енгізуі үшін; В.А. Исаков, Х.Ю. Цунваза, Б.С. Бәсібеков, Я.В. Шестоперов, Г.А. Прокушев, Н.С. Халиуллин (1989 ж.) Солқылдақ металл және ағашқанатты жамылғыны және өздігінен жүретін құрал-жабдықты пайдалана отырып Ленинабад, Целинный кен-химия комбинаттарында, Белогорск КБК, Бақыршық кенішінде аралық этаждап құлату жүйесін игеру және өндіріске енгізу; ҚазКСР Министрлер кабинеті сыйлығы - У.А. Алдамбергенов, О.Б. Сатыбалдин, С.И. Калмыков, Э.С. Ахмет-Ғалиев (1991 ж.) Кенді толтырмалау және жанас жыныстарды алдын ала бекіту арқылы өндіру технологиясын әзірлеп, өндіріске енгізу, бұл кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді және қорды толық алуды қамтамасыз етеді; Ш.А. Алтаев, Н. Жалғасұлы, А.Н. Спатаев, Н. Қадірсізов (1991 ж., Еңбек өнімділігі мен қауіпсіздікті, өнімнің өзіндік құнын төмендететін полимерлік композициялар, құралдар, технологиялар әзірлеу).

Қазақ КСР ҒА корр.-мүшесі Ж.М. Қаңлыбаева әзірлеген көлбеу жатысты кеншоғырларды қазу барысында тау жыныстарының жылжуын радиоактивті изотоптар көмегімен бақылау әдісі өте ірі ғылыми жаңалық, Кеңес үкіметінде және шетелдерде зор құрметке ие болды.

«Жезқазған кен аймағы минералды шикізатын кешенді зерттеу және игеру» атты жұмыстар циклі үшін Қ.И. Сәтпаев атындағы сыйлықтың алғашқы лауреаты тау қысымы зертханасының меңгерушісі Қ.Х. Нұғманов болды (1989 ж.)

Қ.И. Сатпаев атындағы сыйлықтың лауреаттары: ҚР ҰҒА академигі Е.И. Рогов (1993 ж.); т.ғ.д. Д.Ғ. Бөкейханов, Т.М. Ермеков, С.И. Петрович (1996 ж.); т.ғ.д. С.А. Қалиев, А.И. Борщаговский (1999 ж.); т.ғ.д. С.Ж. Ғалиев, т.ғ.д. Н.С. Бүктіков, т.ғ.к. Д.Ш. Ахмедов (2003 ж.) болды.

Академик Ө. Жолдасбеков атындағы сыйлық пен алтын медальды (2005 ж.) т.ғ.д. Ә.Д. Бектібаев алды. 2008 ж. ол конкурс нәтижелеріне сәйкес «Кенорындарын пайдалану барысында пайдалы қазбаларды алуды толық және тиімді басқару тәсілдерінің теориялық негіздерін дамыту» жұмысы үшін Қазақстан ғалымдар одағының сыйлығы мен медаліне ие болды.

Қазақстан Республикасының минералды ресурстар академиясы «Кен істері саласы бойынша геомеханика мен геоақпараттық технологияларды әдістемелік қамсыздандыруды дамыту» жұмысы үшін 2007 ж. техника ғылымдарының докторлары С.Ж. Ғалиев, М.Б. Нұрпейісова, Ю.И. Чабдарованы академик Ш.Е. Есенов атындағы сыйлықтың лауреаты деп тапты.

Д.А. Қонаев атындағы сыйлықты әр жылдары 8 жас ғалым алды.

Институтта үнемді жүргізгіш шығару саласындағы зерттеулер жалғастырылуда, қатты кенді қазып алуға арналған электр жүргізгіші бар кен машиналарының тәжірибелік үлгілері жасалды, олар: электромагнитті соққы машинасы, конвейерлік поезд, элетромагнитті перфоратор (т.ғ.д. Е. Қ. Едігенов), кенді бұрғылауға, уатуға, тиеуге, тасымалдауға және кені алынған кеңістікті толтыруға арналған электрлік кен машиналары комплексі жасалды, олар: бұрғылау-оқтау-жару агрегаты, роботтандырылған тазалау комплексі (т.ғ.д. А. М. Ткаченко), өнеркәсіптік ЖЖ жарылғыш емес компоненттерден тиімді өндіру жұмысы белсенді түрде жүргізілуде (т.ғ.д. Г.И. Тамбиев), шахталар мен кеніштердегі желдету тармақтарындағы ауаны бөлуді есептеуге арналған компьютерлік бағдарлама жасалды, ол кенорнын қазу технологиясы өзгеруіне қарамай желдетудің жәйі туралы нақты талдау жасай алады,(т.ғ.к. А.Н. Стаханов), көмірдің сапасын жақсартудың ағысты және шағын операциясы технологиясы ғылыми- техникалық негіздері әзірленді (т.ғ.д. Н.С. Бүктіков), карьерлердегі кен тасымалдау жұмыстарын автоматтандырылған басқару және жоспарлаудың теориялық негіздері мен принциптері әзірленді, «Жітіқара» кенді ашық алу жұмыстарында геотехнологиялық кешенді автоматтандырылған басқару жүйесін жасау тұжырымдамасы қалыптастырылды (т.ғ.д. С.Ж. Ғалиев), табиғи және техногенді шикізатты өндіру мен қайта өңдеуде экологиялық тәуекелді азайту, кен жұмыстары қауіпсіздігі жөніндегі зерттеулер әрі қарай қарқынды жүргізілуде (т.ғ.д. Н. Жалғасұлы).

Соңғы уақытта Институттың бірқатар қызметкерлері үкімет және ведомстволар наградаларын алды: «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын (т.ғ.д. А.М. Ткаченко), «Құрмет» орденін (академик Ш.А. Алтаев), «Ерен еңбегі үшін» медалін (т.ғ.д. Г.А. Прокушев), ҚР Құрмет грамотасын- 4 адам, ҚР құрметті «Халыққа білім беру қызметкері»-1, Индустрия және сауда министрлігінің «Кенші даңқы» омырау белгісі-19, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» омырау белгісі - 4 қызметкер ие болды.

Институт қазір «Қазақмыс» ЖШС; «ССКӨБ» АҚ, «Дөң КБК», «Жезкент КБК», «Қазцинк» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Қазатомпром» ҰАҚ, ENRC, «Қазхром» ТҰҚ, сондай-ақ ИПКОН РАН, ММКУ, А.А. Скочинский атындағы КІИ, РҒА ҚШБ КІИ, «Жезқазған НИПИцветмет», Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚҰТУ, ҚарМТУ, ВНИИцветмет, Ж. Әбішев атындағы ХМИ, Қазмеханобр, «ИПКОН» ЖАҚ, т.б. тығыз шығармашылық байланыс жасайды.

Алыс шетелдермен шығармашылық байланыс орнатылды: Париж кен мектебі, Монғол ғылым және технологиялар университетімен,

Токио университеті инжиниринг мектебімен, электроника өнеркәсібі институтымен (Варшава), Бүкіл дүниежүзілік кен конгресімен, Laurentian University инжиниринг мектебімен (Канада) т.б. Институт өз қызметін белсенді насихаттауда, ол үшін өз ғылыми еңбектерін белгілі шетел басылымдарында жариялау, ғылыми- техникалық жетістіктер көрмелеріне қатысу, халықаралық конференцияларда баяндамалар жасау: Вроцлав, Бангкок, Краков, Пекин, Мәскеу, Новосибирск, Алушта, Екатеринбург, Бішкек, Ташкент қалаларында қызметкерлер іс сапарда болды

Соңғы 5 жылда институт 6 Халықаралық ғылыми-техникалық конференция ұйымдастырды, соның ішінде 4 конференция республиканың ірі-ірі кен өндіру кәсіпорындарында өткізілді: Д.А. Қонаев атындағы Кен Істері Институтының ұжымы«Қостанай минералдары» АҚ (Жітіқара қаласы, 2003 ж., 2005 ж.), «ССКӨБ» АҚ, (Рудный қаласы, 2004 ж.), «Қазхром» ТҰҚ» АҚ, (Хромтау, 2007 ж.). Бұл конференциялардың жұмысына Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Индия, Польшадан мамандар қатысты.

Институт ҚР БҒМ, ҚР ИСМ, ҚР ЭМРМ, ҚР ҚОҚМ, ҚР ТЖМ, ҚР статистика жөніндегі Агенттігімен, ҚР ҰҒА, ҰИА, ҚР МРА, ХАА, «Жер туралы және металлургия, кен байыту ғылымдары орталығымен», «ҚР ҒТА» АҚ байланыс орнатты. 2008 ж. Институт кен өндіру және кен- металлургия кәсіпорындарының республикалық ассоциациясына қабылданды (КМКА).

Қызметкерлердің қатарына жастарды тарту және мамандардың кәсіби білім деңгейін жоғарылату саясаты табысты жүргізіледі; жастарға көмек көрсету (тұрғын үй сатып алуға ссуда беру, үздік баяндамаларға жастар конкурстарын өткізуді ұйымдастыру, халықаралық конференцияларға қатысуына ақшалай көмек көрсету, ҒА академигі О.А. Байқоңыров атындағы, ҒА корр.- мүшесі Ж.М. Қаңлыбаева атындағы бір жылдық стипендиялар беру іске асырылады т.б.).

Қазір институтта әлемдік деңгейде жұмыс жасап, зерттеулер жүргізуге кәсіби деңгейі, білімі толық жететін ғалымдар мен мамандар бар, олардың ҚР индустриялық- инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасында алға қойылған міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндіктері жетеді.

Ақпараттың соңғы жаңаруы 18.08.2009