Өмірбаяны

Туған күні: 08.04.2001.
Тұрғылықты жері: Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы.
Білімі: Көкшетау қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, 4 сынып оқушысы.

Негізгі мадақтамалары, жетістіктері:
Олимпиадалар:


-«Бастау» IV Республикалық  математикалық турнир (Гран-при);
- Халықаралық математика және логикалық ойындар чемпионаты (Диплом);
- Жалпыресейлік қашықтық ойын-сайысы «Математика со Смешариками» (Сертификат).

Жарыстар:
-  Балдық би;
-  Каратэ;
-  Жүзу.

Президент бағдарламасы (Дарын, НИМ, НУ) қалай Сіздің өміріңізге ықпал тигізді?

Алғаш үлкен күмбезі бар, әдемі ғимаратты көргенде, қуанышымда шек болмады, өйткені  мен Президент мектебінің оқушысы болдым.  Әрине, енді алдымда үлкен жауапкершілік бар екенін түсінемін. Елбасымыздың бағдарламасы бойынша менің үлкен ағам шет елде оқып жүр. Мен ағамды мақтан тұтамын және оған ұқсағым келеді. Ол демалысқа келгенде, мектепте алған білімдерінің арқасында, екеуіміз ағылшын тілінде сөйлесеміз.  Тіпті, ағам кейде маған қызығады, себебі ол «мен сен сияқты болған кезде осындай мектептер болған жоқ»,- дейді. Сондықтан мен Елбасымыздың осындай жобасының арқасында керемет мектепте оқуға мүмкіндігім бар болғаны  үшін өзімді шексіз бақытты санаймын. Мен ағылшын, математика пәндерін өте жақсы көремін. Осы жерде мен жаңа достармен қатар, өзімнің бойымдағы өнерді аша білдім. Мектебіміздегі «Өркен» би үйірмесіне бар ықыласпен қатысып жүрмін.

Ел Президентіне Сіздің өтінішіңіз

Бейбіт және берекелі елде тұру мүмкіндігіміз үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты баршамыз шын жүректен қадірлейміз. Адам өміріне не қажет? Әрине, келешегіміз жарқын, ертеңімізге сенімді болу.  Әлемдегі бейбіт пен келісім - әр адам өміріне өте маңызды.  Елбасы халқының болашағы бақытты да баянды болуына барынша жағдай жасайтынын білемін. Мен оған сенемін!

Болашақта қандай жоспарларыңыз бар?

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен  әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. Болашақта Көкшетау еліміздің ең әдемі әрі көркем қалаларының біріне айналатынына сенімдімін.

Ақпараттың соңғы жаңаруы 07.11.2011