SelfBrandBook
Жетіруов Жаңабек. «Аққыз» фильмі тарихымызға, мәдениетімізге деген көзқарасты өзгертсе екен деймін.// Ақ желкен.№7, 2010
Қазақтың киноқоржыны жақында тағы бір жаңа туындымен толықпақ. Режиссер Жаңабек Жетіруов ежелгі түркі аңызының желісінде «Аққыз» деп аталатын көркем фильм түсірді. Әзірге фильмнің монтаждау, дыбыс жазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түсаукесері қыркүйек айына жоспарлануда. Фильмнің сценарийін де режиссер өзі жазыпты. Әлі тұсауы кесілмеген туынды жайлы режиссердің өзімен әңгіме өрбіткен едік.
- «Аққыз» деген жаңа фильм түсіргеніңізден хабардармыз. Фильмнің идеясы қандай?
Халық арасында Алла Тағала алдымен аспан мен мұхитты жаратыпты. Сосын қасиетті құс аққуды өмірге алып келіпті. Киелі құс өз қанатынан ұя жасап, оған екі жұмыртқасын салыпты. Бір түрінен жәндіктер, жан-жануарлар өрбісе, екіншісінен — тіршілік иелері пайда болыпты деген тәрізді аңыз бар. Яғни аңыз бойынша тіршілік аққудың жұмыртқасынан тараған. Осы түркілік аңыз маған ой салды. Фильмнің сценарийі жаратылыстың, қазақ халқының пайда болуы туралы мифологнялық аңыз негізінде жазылды. Оқиға осы заманда өрбиді. Теңіздің жағасында тұратын Аружан атты тоғыз жасар қыз аққу туралы аңызды білмесе де, Аққу-ананың іс-әрекетін үлкен бір сезімталдықпен осы заманда қайталайды. Дүние жаралғалы жер бетінде жақсылық пен жамандық айқасып, адамдар қанша рет қасірет шексе де, адамзат үшін сабақ болмай келеді. Егер адам баласы табиғатқа зорлық жасап, жалмап жұта беретін болса, онда табиғат та жаңарып, жаңғыру күшінен айрылады. Ал адамдар бұл әсем дүниемен, табиғатпен қош айтысады. Фильм осы идеяға негізделген. Фильмнің «Аққыз» деп аталуында да үлкен мән жатыр. Қазақ деген сөздің этимологиясына үңілсек «қазақ»- «ақ қаз» деген үндестіктерді байқаймыз. Яғни халық ұғымында жатталып қалған «аққуды қастерлеу» деген сенімнің түбінде үлкен мән бар. Бұл аңыздың қазіргі қоғамда болып жатқан алуан түрлі әлеуметгік қарым- қатынасты бейнелеу үшін де маңызы зор болып көрінді.
- Фильмнің сценарийін де өзіңіз жазыпсыз. Жалпы бұл фильмді түсіруіңізге не түрткі болды?
- Қазір дүниежүзіндегі ең үлкен проблема - экология. Фильмде адамзаттың жаратылуы, адамның табиғат алдындағы жауапкершілігі, адамдар арасындағы адамгершілік қарым- қатынас мәселелері де көтеріледі. Қазір біз балаларымыздың тәрбиесіне назар аудармайтын болдық. Оларды теледидар, компьютер тәрбиелеп жатыр. Бала мен ата-ана арасындағы рухани байланыс үзіліп бара жатыр. Бұл орны толмас өкініш. Мен сол байланысты орнату үшін осы фильмді түсірдім. Сондықтан бұл фильмді ата мен ана, эке мен бала бірігіп отьфып көруі керек. Қазір күнделікті күйбең тіршілікпен, өзіміздің табиғат алдындағы жауапкершілігімізді ұмытып кеткен сияқтымыз.
Біз табиғат алдындағы, артымызда қалатын ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді бір сәт те ұмытпай, жанымызбен қызмет атқаруымыз керек. Санамыздың түкпірінде мүлгіп жатқан сонау ғасырлардан бері қанымызбен жеткен асыл дүниемізді түртіп оятатын бір ұлы күш керек. Міне, сол күш осы «Аққыз» фильмі болса екен деп тілеймін. 75 минуттық мелодрамада адамдарға ой салар ауқымды мәселе көтеріп, табиғатты аялауға шақырғымыз келді.
- Сценарий қанша уақытта жазылды?
- Сңенарийді 2007 жылдан бастап жаза бастадым. Фильмнің идеясы ойыма ғайыптан келді. 2008 жыл сценарий Швецарияның Фрибург қаласында өткен халықаралық кинофестивальде жобалар конкурсына қатысып, мамандардың жоғары бағасын алды. Сондағы продюсерлер қызығушылық танытып, қолдау керсетуге ниет еткен болатын.
Бірақ ол кездегі «Қазақфильм» басшылығына сценарий ұнаған жоқ. Содан бері осы жобаға қаржы іздеумен айналыстым. Кейін студияның басшылығы ауысып, жобаға деген кезқарас өзгерді. Сөйтіп, «Қазақфильм» мен менің жеке студиям «Айжан ару» студиясы бірігіп осы фильмді жасадық.
- Фильмнің бюджеті туралы айтсаңыз. Фильмді кім қаржыландырды? Қанша каржы жұмсалды?
- Фильмнің жалпы бюджеті 95 миллион. Оның 30 миллионын «Қазақфильм» акционерлік қоғамы берді.
- Рөлдерді қай актерлер сомдайды?
Фильмге көп әртіс түскен жоқ. Басты кейіпкер Аружанды өзімнің 12 жасар қызым Айжан сомдайды. Айжанның ағасының релін ұлым Арман ойнайды. Қария - Құман Тастанбеков. Аружанньщ анасының рөлінде - Майра Омар. Сондай-ақ, Ерболат Оспанқұлов деген жаңа танылып жүрген талантты әртіс түсті. Әркім өз рөлін өте ғажап, мүлтіксіз орындады. Фильмнің музыкасын Руслан Қара деген азамат жазды.
Сценарий жазу барысында фильмнің табиғаты талап ететін актерді іздейсің. Сол актерді көз алдыңа елестетіп отырып жазасың. Қарияның рөлін Сәбит Оразбаевқа арнап жазғам. Кезінде «Дүниежарық» фильміме денсаулығы болмай түсе алмады. Бұл жолы да сәті келмеді.
- Ал өзіңіздің балаларыңыз рөлді алып шыға алды ма? Қанша дегенмен фильмге алғаш түсіп отыр ғой...
- Балаларымды таңдаған кезде, көркемдік кеңес: «Өз балаларыңды түсіріп, фильмнің сапасына зиянын тигізесің», — деп күдік білдірген болатын. Бірақ балаларым үмітімді ақтады. Кинодағы олар жасаған көңілкүй небір талантты актерлердің өзіне ауыр жүк болар еді. Қызым басты кейіпкер Аружанның жан дүниесін түсініп ойнады. Қызыма Аружанның ауыр тағдырын бейнелеу ауыр тигені соншалық бірде: «Әке, мен киноға енді ешқашан да түспеймін!» - деп жылап жіберді.
- «Аққыздың» прокат мәселесі қалай шешіліп жатыр? Тек Алматының балалары ғана кинотеатрлардан көріп, алыс ауылдағы балалар көре алмай қалмай ма?
- Фильмнің түсаукесері биыл қыркүйек айында Алматыда болатын Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде өтеді. Содан кейін кинотеатрларда көрсетіле бастайды. Біздің фильмді жарнамалайтын қаржымыз жоқ. Бұл фильмде қазақтың жан дүниесі көрсетіледі. Егер сіз бүкіл болмысыңызбен қазақ болсаңыз онда бұл фильмнен өзіңізді коресіз. Мен өзін бүкіл болмысымен қазақ деп сезінетін адамдардың барлығы фильмді барып көреді деп ойлаймын. Әрі «Ақ желкенді» оқыған әрбір балада да фильмге деген қызығушылық оянып, көреді деген ойдамын.
- Фильм түсіру барысында қандай қызықтар болды? Солармен бөлісе отырсаңыз...
- Қатты қиналған кезіміз кинодағы ең бір маңызды эпизодты түсіру үшін аққу керек болды. Хайуанаттар паркіне бардық аққу іздеп. Олар қанша ақша төлейміз десек те бермеді. Құман Тастанбековты араға салдық. Оған да көнбеді. Ұнжырғамыз түсіи көлдің жиегінде отырсақ, Қапшағайдың ортасында бір аққу жүзіп жүр. Жалғыз аққу. Оператордың көзі шарасынан шығып кете жаздады. Енді түсірейік десек камерамызға қажетгі обьектив жоқ. Пленка деген - шектеулі дүние. 1 метрі 2 доллар тұрады. Бассаң болды қас- қағым сәтте 1 метрі зу ете қалады. «Енді не істейміз?» — деп абдырадық. Сол жайымызды аққу да сезгендей жиекке жақындады. Қанатын жайып, фильмдегі дәл біз ойлаған әрекеттерді жасады. Тосыннан осындай ғаламат оқиға болды. Мен мұны бізге Алланың берген сыйы деп ойлаймын. Халқымыз үшін қажетті, адал іс атқарып жатқандықтан ниетіміз қабыл болды деп түсінемін. «Аққыз» — драмалық оқиғаларға толы фильм. Әрі символикалық мағынаға ие образды бейнелер көп. Құман Тастанбеков жай қария емес, ол кейіпкерлерге әртүрлі бейнеде тап келеді. Бір жерінде Қорқыт болса, енді бірде Асан Қайғы боп көрінеді. Біз кейбір эпизодтар арқылы тарихта болған адамдардың аңызға айналған бейнесін көрсеткіміз келді.
Қорқыт тәрізді музыкантымызды, Асан Қайғы сынды данышпанымызды, Қарлығаш би тәрізді әулиелерімізді көрсетіп мақтанғымыз келді. Бұл туындыны көргеннен кейін көп адамдардың біздің тарихымызға, мәдениетімізге деген көзқарасы өзгереді деп ойлаймын.
- Жаңабек аға, қарапайым көрермен ретінде менің соңғы түсірілген кинолардан ұлтқа деген жиіркеніш сезімін тудыруы себепті көңілім қалды. Режиссер ретінде мұндай кинолардың түсірілуін қалай түсіндіресіз?
- Түрлі-түрлі жүйрік бар әліне қарай шабатын демекші, әркім өзінің шамасына қарай кино түсіреді. «Ұра берсең шайтан да өледі», - демекші, түсіре берсең бірдеңе шығар деп, аңқау елге арамза молда болып жүрген азаматтар да жетерлік. Қазір кино бейнетаспаға түсіріледі. Оның құны бес тиын. Сондықтан режиссер актердің кеудесінен жанын шығарып алу үшін жүз дубль жасаса да ешқандай шығыны кетпейді. Екіншіден, бізде ненің кино менің «вино» екенін ажырататын, халық сенетін кинотанушы жоқ. Содан соң түсіріліп жатқан кинолардың бәрі кино ретінде халыққа ұсынылады. Сіз қорапқа оралған конфет сатып алғанмен бірдейсіз. Тек дәмін көргеннен кейін барып, өзіңіздің алданғаныңызды ұғасыз. Кино саласында жұмыс атқарып жүрген азаматтардың көбі өз ана тілінде сөйлемейді, киноларын орыс тілінде түсіреді. Сондықтан қазақ сүйсініп көретін туынды тұмайды. Режиссер өзінің ана тілін сыйламаса, халықтың сүйіспеншілігіне бөленетін киноны қалай жасайды. Халқыңды сүю деген оньщ тілін, ділін, дінін білу ғана емес халқыңмен бірге қайғырып, қасіретін бірге шегу, қуанышына шексіз беріліп қуану емес пе? Абай атамыз «Алла адамзаттың баласын үлкен сүйіспеншілікпен жасады», - дейді. Сондықтан режиссерге де халқын сүйетін үлкен жүрек керек.
Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан Қарлыға Ибрагимова.
Тақырыпқа орай
Аружанның рөлін сомдаушы Алматыдагы №81 мектептің 6-сынып окушысы, Айжан Жетіру.
- Айжан, фильмде басты рөлді ойнадын. Образды қаншалықты аша алдым деп ойлайсын?
- Аружанның рөлін әкем маған арнап жазды. Сондықтан мен өзіме жүктелген міндеттің жауапкершілігін сезініп қатты толқыдым. Сценарий екі жылдай жазылды. Осы уақыт ішінде ол көп өзгеріске түсті. Мен солардың бәрін оқып, өзімше ой түйіп жүрдім. Көп дүние мен үшін жұмбақ болып көрінді. Тек киноны түсіруге дайындық жұмыстары бітіп, бүкіл актерлермен түсіру алаңына шыкқан кезде маған бір сырлы әлемнің есігі айқара ашылып, жаныма бір нұр кұйылып бара жатқандай болды. Таң атқаннан кеш батқанша кинода ойнап, күннің ауысып жатқанын да байқамай қалған кездеріміз болды. Тіпті күн мен түн, өң мен түс араласып бәрі кино болып кетті. Ал әкем болса фильм түсіріліп біткенше дұрыс ұйқы көрмеді. Ертеңгі түсірілімді ойлап, түнімен дала кезіп жүретін. Мен режиссердің мойнына жүктелген міндеттің кандай ауыр екенін сонда білдім. Образды ашуға бар күшімді салдым. Аружанның образын қаншалыкты аша алғанымды фильмді көрген соң халың береді.
- Фильмдегі рөлің жаныңа қаншалықты әсер етті? Аружан мен Айжанның жан дүниесінде қаншалықты ұқсастық бар?
- Фильмдегі Аружан - әкемнің қиялында пайда болған кейіпкер. Әкемнің шығармашылық табысы. Ол маған тіпті ұқсамайды. Мен әкем мен шешемнің еркетотай қызымын. Ал Аружанның басынан кешкен қасіреті бір адамға емес, бүкіл адамзат баласына жеткілікті деп ойлаймын. Сондықтан шығар, бір аптадан кейін шыдай алмай әкеме: «Мен енді киноға түспеймін», - деп айтып салғаным.
Жетіруов Жаңабек. «Аққыз» фильмі тарихымызға, мәдениетімізге деген көзқарасты өзгертсе екен деймін.// Ақ желкен.№7, 2010
- Жетируов Жанабек. Премьера фильма "Аққыз". 14.12.2012
- Жетируов Жанабек. «Премьера фильма «Записки путевого обходчика».// КиноПро. №2 апрель, 2008.
- Жетируов Жанабек. «Записки путевого обходчика».// КиноПро. №1 март, 2008.
- Жетіруов Жаңабек. Аққыз.// Дәстүр. №9-10(08).10.2010
- Жетіруов Жаңабек. Дүниежарық.//Еуразия Кино. 5 қыркүйек, 2006.
- Жетируов Жанабек. «Записки путевого обходчика».// Общенациональная программа «В кругу семьи». II Международный кинофестиваль семейных и детских фильмов «Верное сердце». 23-28.10. 2007. Москва.