Жетіруов ЖаңабекТәуелсіз «Тарлан» сыйлығына ұсынылған Жаңабек Жетіруовтың «Дүниежарық» (Записки путевого обходчика) фильмі туралы пікірСатыбалды НарымбетовтенҚазақ халқы өзініц тарихи даму барысында, басынан небір сұрапыл замандарды өткерді. Соған қарамастан өз бойындағы ата бабамыздан келе жатқан ең ізгі қасиеттерді жоғалтқан жоқ. 1931жылы қолдан ұйымдастырылған аштықтан қырылып, 37 жылы арыстарынан айырылса да 1941 - 45 жылдары өздерін осындай қасіретке ұшыратқан Кеңес Одағын майданның алдыңғы шептерінде жүріп жанын беріп қорғады. Ел басына осындай күн туған шақта сонау Кавказ бен Волга жағалауынан, Қиыр Шығыс пен Қытайдан келген халықтарды бауырына басып, аман сақтап қалды. Қазақ халқы өзі қасірет шегіп жүрсе де, басқа халықтарға пана болып өзінің жан дүниесінің қаншалықты ұлы екенін дәлелдеді.
Осының бәрі маған Жаңабек Жетіруовтың «Дүниежарық» фильмін көргеннен кейін келген ой. Адамзат атомды ойлап тапты, бірақ оның алдында дәрменсіз. Компютердің жіберген бір қателігі бүкіл адамзат баласын қасіретке ұшыратуы мүмкін. Сондықтан фильмнің бас кейіпкері Мыңтай ақсақал Алла тағаланың берген қасиеті арқылы сондай қасірет болмас үшін тынымсыз еңбек етеді. Фильмде жол, поезд тек тура мағынасында қолданылмайды. Ол адамзат ақыл ойының жетістігі. Ол бүкіл әлемді байланыстыратын құрал. Сондықтан шал олардың тағдыры алдында өзін жауапты сезінеді. Ол өз бойында біздің халқымызға тән ең ізгі биік қасиеттерді сақтап, жинақтаған сом образ. Автор фильмді оз халқына деген үлкен жүрекпен, зор сүйіспеншілікпен түсіргені айқын көрінеді. Өмірді, қоғамдағы болып жатқан құбылысты үлкен философиялық оймен түйіндеген фильмнің кейінгі қазақ киносына ғана емес басқа да өнер салаларына тигізетін әсері зор болатынына сенімдімін. Фильмнің ұрпағымызға берер тәрбиелік мәні де зор болмақ. Сондықтан Ж.Жетіруовтың «Дүниежарық» фильмі Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығына лайықты дүние деп есептеймін.
Сатыбалды Нарымбетов - кинорежиссер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері.