Жетіруов Жаңабек. Аққыз.// Дәстүр. №9-10(08).10.2010
Соңғы уақытта қазақ киносында айтарлықтай іргелілеушілік бар. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кино өнеріне деген өз көзқарасыныц нәтижесі екені күмәнсіз. Осыдан бірер жыл бұрын Мемлекет басшысы қазақфильм киностудиясында болып, киногерлермен қызу әңгіме өткізген еді. Сол басқосудан кейін-ақ қазақ киносы жанданып сала берді. «Аққыз» фильмі - бұл сөзіміздің дәлелі. Біз сөз етіп отырған фильм шын мәнінде жаңа туынды. Ол түсірілу мерзімініц жаңа болғандығынан емес, жаңа, тың, соны дүниелерді көтеруімен жаңа болып отыр. «Аққыз» фильмініц» қазақ киносын өнер шыңынан көрсететінінен күмән жоқ.
Адамзат тарихы - әр алуан, күні бүгінге дейін тарихты, жалпы жаратылысты дөп басып айтқан ғұлама борлған емес. Бұл - заңды да. Өйткені, жер дүние жаратылғалы оның бетін адамзат баласы мекендегелі бірге жасасып келе жатқан ешкім жоң. Бәрі өткенге болжам жасау арқылы, кейбір қазба жұмыстары нәтижесінде айтылып, жазылып жүр.
Егенмен адамзат тарихында ықылым заманнан халықпен бірге жасасып кележатқан аңыз-ертегілердің маңызы зор. Әр халыңтың жаратылысына байланысты өз аңызы бар. Мысалы, түркі тектес халыңтардың ішіндегі бітім-болмысы ерекше саналатын қазақтыңда өз тарихына қатысты болжамдары жетерлік. Бір аңызда Көкбөріден тарадың делінсе, тағы бір аңызда қаздан, оның ішінде ақ қаздан жаратылды деген де әңгіме бар. Ал кино режиссер Жаңабек Жетіруов болса, қазақ аққудан тарады деген түсінікті қозғайды. Өзінің жаңа туындысы - «Аққыз» фильмінде өзі көтеріп отырған мәселеге қатысты көптеген деректерді, болжамдарды, аңыз- әңгімелерді көлденең тартады.
Экология - бүгінгітаңдағы әлемді алаңдатып отырған күрделі мәселе. Қоршаған ортаны қорғау, бүгінгі таңда қай кездегіден де көбірек көңіл бөлуді талап етіп отыр. Осының бәрін біле отырып, тіпті өркениетті елдердің өзі де табиғат-ананы аялауға тиісті дәрежеде мән беріп отырған жоқ. Сол салғарттықтарының сазайын тартып та келеді. Қарап отырсаң табиғатта өзгеріс көп. Әдетте шуақты болып келетін Оңтүстік аймақтарда күн су тып, керісінше солтүстік өңірлерде жылы ауа қалыптаса бастаған. Міне, бұл да адамзаттың табиғат-ананы қастерлемеуінен, соның қаһарына ұшырағандықтан туындап отырған бір көрініс. «Аққыз» фильмі бұл мәселені де сөз етеді. Сайып келгенде, режиссер Жаңабек Жетіруов жаңа фильмі арқылы адамзат тарихына қатысты, қоршаған ортаны қорғауға байланысты кесек-кесек ой-пікірлерді сөз етеді. Фильм осынысымен де көптің көңілінен шығып отыр.
Режиссер фильмінің сценарийін өзі жазыпты. Өзін көптен толғандырып жүрген маңызды мәселелерді өзгеге жаздыруға сенбеген сияқты. Қай кезде де адам өз ойын өзі ғана нақтылай алатыны белгілі. Сондықтан да Жетіруовтың бұл бастамасымен келісуге болады.
Екінші мәселе, яғни тағы бір ерекшелік - фильмнің бас кейіпкері Аружанды режиссердің өз қызы 12 жасар Айжан бейнелейді. Ал Айжанның ағасының бейнесін Айжанның ағасы (режиссердың ұлы) Арман жасайды.
Фильмде көп актер жоқ. Қарияның рөлін Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбеков, Аружанның анасының рөлін Майра Омар сомдайды. Ерболат Оспанңұлов деген жас актер фильмнің бір жүгін көтерісіп жүр. Ал фильмнің музыкасын Руслан Қара жазыпты. Осындай шағын топ көтерген мәселесі көлемді, айтар ойы анық жап-жақсы фильм жасап шығарған.
- Менің бұл жолғы мақсатым – қазақ тарихына және бүгінгі қазақ жастарының тәрбиесіне мәселелерді көтеру болды. Қарап отырсақ, жастар тәрбиесі қалып бара жатыр. Қазіргі жастарды компьютер, теледидар одан қалса, көше тәрбиелеп жатыр. Нағыз ұлттық тәрбие ата-дәстүр қалып отыр. Менің фильмім – «Аққыз» осы сұрақтарға жауап берсе, мойнына алған міндетін атқарып шықса, өзімді арманыма жеттім ғой деп ойлар едім. 75 минуттық мелодрамада мен осы мақсаттарымды жүзеге асыруға тырыстым. Әрине, бағаны ел береді, - деді режиссер Жаңабек Жетіруов орайы келген әңгімеде.
Жетіруов Жаңабек. Аққыз.// Дәстүр. №9-10(08).10.2010