Пірінбеков Марат Үсенұлы. Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбеков Тынышпаев ат. Қазақ Көлік және коммуникация академиясында 2009 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуін ұйымдастырды.// 22.01.2010
Алматы. 22 қаңтар. Бүгін Алматы қалсы Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбеков Тынышпаев ат. Қазақ Көлік және коммуникация академиясында 2009 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуін ұйымдастырды. Есеп беру кездесуіне қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты.
Марат Пірінбеков қала тұрғындарына ғылыми, мәдени, білім беру, медицина мекемелерінің, сондай-ақ қаржы құрылымдарының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың көп бөлігі шоғырланған Алматының ескі ауданының даму суретін ұсынды.
Атап айтқанда, әкім салық түсімдерінің жоғарғы деңгейі туралы айтты, ол ауданның экономикалық амандығының негізгі көрсеткіші болып табылады, коммуналды шаруашылық және жабдықтау саласындағы даму туралы, ПМК-ның жұмыстары және қала мен аудан тұрғындарының өмірлеріндегі басқа да өзгерістер туралы айтылды.
Ауданда өнеркәсіптік салада әрекет ететін кәсіпорындар саны артты және 2887 жұмыс орны қалыптасты. Өндірістің құлдырауы салдарынан туындаған жұмыссыздықтың артуының алдын алу үшін Алмалы ауданы, Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, еңбек құқықтарын және жұмыскерлердің кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі кәсіподақ ұйымдарының жұмыс берушілері арасындағы өзара ынтымақтастық туралы 20 меморандумға қол қойылды.
«Жол картасы» бағдарламасының аясында Алмалы ауданында 4 670 инженерлік желі, 29 көше жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, Гагарин даңғылы бойындағы гүлзар, Жамбыл көшесіндегі «Целинный» кинотеатрындағы гүлзар, Неке сарайы, «Алматы» қонақүйі, М.Ю. Лермонтов ат. театр, «Неделька», Абай ат. МОБТА тәрізді жерлердегі 5 бұрқақ қайта құрылымдаудан өткізілді. 5 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті: № 8 қалалық емхана, қалалық ревматологиялық орталық, № 3 балалар емханасы, балалар стоматологиялық емханасы, емдеу-диагностикалық орталық. № 39 орта мектептің, № 96 орта мектептің жылу беру жүйесі күрделі жөндеуден өтті, ҚазККА және №5 КМ жатақханалары жөндеуден өтті. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 2010 жылы 350 орынға арналған шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасының құрылысы аяқталады.
Жалпы сомасы 21 267 770 теңге соманы құрайтын мекенжайлық әлеуметтік көмекке 221 отбасы ие болды. 5 155 307 теңге соманы құрайтын мемлекеттік жәрдемақы 295 отбасына төленді. Сонымен қатар, 5 271 000 көлемінде 1111 жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға материалдық көмек көрсетілді. 33 701 712 теңге сома көлемінде жағдайы төмен 1091 тұрғындарға тұрғын үйлік көмек көрсетілді.
Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі шараларды тиімді жүзеге асыру үшін, сондай-ақ ұлттық компанияларды сатып алу және инновациялық жобаларды жүзеге асырудағы қазақстандық қамтамасыз ету үлесін арттыру үшін 2009 жыл ішінде Алмалы ауданының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен «Самрұқ-Қазына ӘАҚ» АҚ ұлттық компаниясы арасында 2,6 млрд. теңге сомасына шарт жасалды, оның ішінде, бүгінде 883,64 млн. теңгесі игерілген.
Алматы қаласы әкімі, жалпы, ауданның даму жөніндегі жұмысын дұрыс бағалады, сондай-ақ Алмалы ауданы орталық қана емес, республиканың мәдени, білім беру, қаржы және ғылыми орталықтарының инфрақұрылымы жағынан, маңызды, алдыңғы қатарлы, тарихи мекемелер жағынан ерекше аудан болып табылатындығын атап өтті.
«Алматыда республика бойынша 37 банктің 35-і бар, оның ішінде 19 банк – Алмалы ауданында орналасқан, онда тағы да көптеген қор бар. Мұнда бюджетке түсетін салық түсімдерінің айтарлықтай көп үлесін беретін қуатты өндірістік, өнеркәсіптік, коммуналдық кәсіпорындар шоғырланған. Аудан әкімшілігінің міндеті – осы бағыттағы жағдайды саралап, әр кәсіпорынмен нақты жұмыс істеу. Елбасының көрсеткен қолдауының арқасында қала алға қойған мақсаттарының барлығын орындап, республика бюджетінің 28 %-ын құрады. Мұнда сіздердің қала тұрғындары және салық төлеушілер ретінде қосқан үлестеріңіз бар, біз бұны мақтан тұтуға тиіспіз», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Алматы әкімі Алмалы ауданының тұрғындарына өткен жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізген табыстары мен 2010 жылдың міндеттері туралы қысқаша айтып өтті. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған метрополитеннің алғашқы желісінің алғашқы кезегінің құрылысын аяқтау, сондай-ақ метрополитеннің пайдалану қызметтерінің жұмыстарын қалпына келтірудің алдағы міндеттері туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ Ахметжан Есімов 2010 жылы Шығыстағы айналып өту автомобиль жолы құрылысының аяқталуы белгіленіп отыр деп атап өтті, бұл жолдың арқасында қаладағы және 2011 жылдың 11 қаңтарында Астана мен Алматы қалаларында басталатын Азиаданың спорт объектілеріне түсірілетін жүктеме 30 %-ға төмендейді деп болжалынып отыр.
Қала әкімі басқа да мәселелермен қатар, мегаполистің аса маңызды жобаларының қатарында қала шаруашылығын дамыту, жаңа Алатау ауданында индустриялық база құру, экологиялық жағдайды,көгалдандыруды, жабдықтауды, Алматыдағы жол қозғалысын ұйымдастыруды және т.б. жақсарту жөніндегі жұмыстарды дамыту да бар.
Қол жеткізген табыстар туралы әңгімелей отырып, Ахметжан Есімов қаланың дамуына өз үлестерін қосқан Алмалы ауданының тұрғындарына алғысын білдірді.
Сонымен бірге, қала әкімі құқық қорғау органдарының және прокуратураның өкілдерін қылмыспен күресудің жоғарғы маңыздылығына назар аударуға шақырды.
Сондай-ақ, қала басшысы аудан тұрғындарын қаланы қамқорлыққа алуға, тазалық сақтауға және қоршаған ортаның ластануын төмендету жөніндегі қала бағдарламаларына белсенді қатысуға шақырды.
Пірінбеков Марат Үсенұлы. Алматы қалсы Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбеков Тынышпаев ат. Қазақ Көлік және коммуникация академиясында 2009 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуін ұйымдастырды.// 22.01.2010
http://www.almaty.kz/page.php?page_id=9&lang=1&news_id=9924