Ұлттың болашағы

«Ұлттың болашағы» VIP листингіне мемлекетіміздің ықтимал көшбасшылары – республикалық және халықаралық мәні бар зияткерлік, жалпы білім беру, ғылыми олимпиадалардың, музыкалық, спорттық байқаулардың жеңімпаздары және Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлері тіркеле алады. Аталған аталымға қатысушылардың жасы 35-тен аспауы тиіс.

Республикалық және халықаралық мәні бар олимпиада жеңімпаздарының одан әрі жеке және кәсіби өсуіне орасан зор мүмкіндік бар, олар еліміздің ықтимал көшбасшылары болып табылады. Жұмыс берушілерді де, сондай-ақ инвесторларды да осындай тұлғалар мен кәсіпқойлар қызықтырады.