Жетістіктері

  • 2007 ж. Литваның Вильнюс қаласында өткен «AmberTripFashionShow» халықаралық сән фестивалінде «Үздік шығармашылық топтама үшін» берілген Диплом.
  • 2003 ж. «Ару-2003 ж.» Халықаралық көрмесінде ұлттық дәстүрді қазіргі заманмен үздік үйлестіргені үшін берілген Диплом.
  • 9-шы Халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінде «Сурет өнері» аталымы үшін берілген Диплом.
  • «Сұлулық пен сәнділік. Патшаның көктемгі кеші» фестивалінде «Шығармашылық жолы мен тамаша түсінігі үшін» берілген Диплом.
  • Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақстанның бейнелеу өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» берілген Құрмет грамотасы.
  • 2002 ж. «А может быть?» атты жастар-авангардтық джинса киімдерінің топтамасы үшін берілген Диплом.  
  • 2002 ж. Алматыдағы «Prete-a-Porter: жаз-күз 2002 ж.» фестиваліндегі үздік композициясы үшін берілген Диплом, Алматы, Қазақстан. 
  • 2000 ж. Алғашқы «Климт туралы ой» шығармашылық үлгісі үшін «Тамаша идея үшін» берілген Диплом.

Молдағалиева Үлия төмендегідей көрмелер мен байқауларға қатысқан:

  • 2009 ж. Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайындағы «Галереялар парады» көрмесі, Алматы, Қазақстан.
  • 2008 ж. Вена қаласында өткен халықаралық «CONTEMPORARY ART» көрмесі, Австрия. 
  • 2006 ж. Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайындағы «Таранда Великого Эля» көрмесі, Алматы, Қазақстан. 
  • 2006 ж. «Хассанат» галереясындағы Қазақстан Республикасы Суретшілер академиясының шынайы суретшілер көрмесі, Астана, Қазақстан. 
  • 2005 ж. Республикалық «Астана - Бәйтерек 2005» көрме байқауы, Астана, Қазақстан. 
  • 2005 ж. «Тұрандот» топтамасымен қатысқан Қазақстандағы Жоғары сән апталығы, Алматы, Қазақстан.  
  • 2004 ж. Астана қаласы әкімдігінің және Еуразиялық даму банкінің қолдауымен өткен «Жаңа толқын» көркемөнер көрмесі, Астана, Қазақстан. 
  • 2000 ж. Халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің аясында өткен «Мода-2000» байқауы, Алматы, Қазақстан.  
  • 1998 ж. Бүкіләлемдік «Экспо-98. Лиссабон» көрмесі, Португалия.
  • Қазақстанның Тайландтағы Елшілігінің шақыруымен Тайланд пен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынасының 15-жылдығына арналған салатанатты іс-шараға өзінің шығармашылық топтамаларымен қатысты.

Молдағалиева Үлияның өмірбаяны «Қазақстан Республикасында кімнің кім екені» (II том, «Өнер» тарауы, Алматы, 2006 ж.) атты анықтамаға және «Алматы және Астана қаласындағы 100 ең көрікті әрі сәнді адамдар» (Алматы, 2008 ж.) атты анықтамаға енген.