«SHAIKH» Креативті шешімдер агенттігі нарыққа қызметтің екі түрін ұсынады:
- Селфбрендинг
- Аймақтық, жобалық және корпоративтік IR (инвестмент релейшинз).
Селфбрендинг – бұл селфбрендтерді қалыптастыру, күшейту (бағасын арттыру), промоушн, IR, продюссерлеу және сату.
Селфбренд – адам атының жеке брендке айналуы, бұл сол адамға ғана емес, сондай-ақ продюсерге (жеке селфбрендагентке) және оның «сатып алушысына» әкелетін пайда.
Аймақтық, жобалық және корпоративтік IR (инвестмент релейшинз) – инвесторларды аймаққа, жобаларға және компанияларға тарту жөніндегі операторлық қызмет.
«SHAIKH» Креативті шешімдер агенттігінің қызметі үш негізгі бағыттан тұрады:
-
«Селфбрендинг» бойынша оқитындарға курс өткізу. Курс клиенттерге селфбрендингке арналған тиімді құралдарды меңгерту үшін әзірленген. Тренингке қатысып жүрген адамдардың айтуынша, бұл Lego конструкторы тәрізді – сабақта қосалқы бөлшектерді аласың, үйге немесе кеңсеге келіп, оның бәрін әртүрлі етіп жинайсың да, соның бәрінің жұмыс істегенін көріп таңданасың. Толық курстың ұзақтығы 10 ай. Курстың құрылымы модульдық қағидат бойынша құрылған, яғни, клиент сабаққа келу кестесін өз бетінше жасай алады... Толығырақ...
-
Селфбренд коучинг. Селфбренд коучинг кезінде клиентпен бірлесе оның селфбрендинг стратегиясы әзірленеді. Клиент үшін қажетті зерттеулер мен өлшемдер ұйымдастырылады. Клиентпен бірлесе оның қалауы айқындалатын саласының даму стратегиясын зерттеу және әзірлеу үшін қызметкерлердің бірқатары қамтылады.
-
Селфбренд продюссинг төмендегідей жұмыстардан тұрады:
1) Қажетті адамдармен танысуды ұйымдастыру. Біздің мекемеміз бұл жоба аясында компаниямыздың басқа да қатар жүзеге асырылатын жобаларымен және Әлем қоры халықтық дипломатия халықаралық ұйымдарының желісімен бірыңғай серіктестік желіде қызмет етіп келеді, бұл желі әлемнің анағұрлым дамыған мемлекеттерінде 50-ден астам жылдар бойы іске қосылған, оның басшылары конгрессмендер және негізгі мемлекеттік басқару органдарының басқа да жоғарыдағы басшылары болып табылады.…. Толығырақ...
2) Клиентті аймақтық және халықаралық салалық бағдарламаларға қосу (мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын), әкімдіктердің селфбрендинг ресурсы мен клиент селфбрендингінің ресурс көздері ретіндегі аймақтарды дамыту жөніндегі бағдарламалары (ақпараттық, әкімшіліктік, сосаити, қаржы).
3) Селфбренд промоушинг – БАҚ-та жарнама науқанын ұйымдастыру, кәсіби қауымдастықтардағы даму, қажетті социумда (немесе белгілі бір клиент) және селфбрендинг мақсатына немесе клиентіміздің қол жеткізген арманына қатысты стейкхолдер ортасында кәсіби ақпараттар «ағымын» ұйымдастырамыз.
4) Клиенттің қалаған лауазымына немесе әлеуметтік мәртебесіне ие болуы үшін клиенттің селфбренбугын қалыптастыру. Клиенттің қажетті білім (диплом және сертификат) алуын, салалық немесе әлеуметтік беделіне ұсыныстар мен жағымды пікір алуын ұйымдастырамыз. Клиентке қажетті БАҚ сілтемелері мен интернет ресурстарын жасаймыз.
5) Клиент өзінің стратегияларын барынша тиімді жүзеге асыра алатын Ивенттер (оқиғалар) ұйымдастырамыз.
6) Клиентке халықаралық VIP листинг қызметтерін ұсынамыз. www.VIPlisting.biz, www.VIPlisting.org, www.VIPlisting.kz тәрізді халықаралық қол жетімді интернет ресурстарында. VIP листингтің тұтынушылары барша әлем бойынша ең үздік компаниялар мен мекемелердің кадрлар бөліміне және HR департаменттеріне инвестициялық тартымды қызметкер ретінде үздіксіз ұсынылатын болады. VIP листинг тұтынушылары ай сайын өздерінің даму сатысы туралы есеп алып отырады.
Агенттіктің жұмысы бірнеше негізгі қағидаттарға құрылады:
- Әрбір клиент біздің ұсынатын жеке қызметімізге ие болады.
- Өз зерттеулерімізде және клиентпен жұмыс істеу барысында, іс-шараларды жүзеге асыруда біз Валидтілік (ағылш. validity) көрсеткіштерін есепке аламыз, ол – зерттеудің әдісі мен нәтижесінің және стратегиялық жоспардың қабылданған іс-әрекеттерінің алға қойған мақсаты мен армандарға қаншалықты сәйкес келетіндігі.
- Біз толық құпиялылыққа кепілдік береміз.
- Клиенттің тәуелсіздігі. Клиент біз әзірлеген ұсыныстардың толық түсініктемесін алады және қалауы бойынша ол әзірленген іс-шаралар картасына басқа да қызмет ұсынушыларды тарта алады немесе өз бетінше жүзеге асыра алады.