GR Club

GR club адамдардың келесі 3 санатына қажет:
1. Мемлекетті басқару тепе-теңдігін пайдалана отырып, бәсекелестік артықшылыққа ие болғысы келетін бизнесмендер үшін.  
2. Заманауи GR-технологияларын пайдалану және енгізу арқылы қызметтік жағынан өскісі келетін шенеунектер үшін.  
3. Табысты қызметке ұмтылатындар үшін.

GR club келесі сұрақтарға жауап табуға көмектеседі:  
 

 

Бизнесмендерге арналған:

  • Мемлекеттегі саяси үдерістерді бизнесіңізді дамыту құралы ретінде пайдалана аласыз ба?  
  • Қанша шенеунік бизнесіңізді дамытуға көмектеседі?  
  • Заңды сақтай отырып, мемлекеттік сатып алуларды жеңудің саны мен сапасын қалай арттыруға болады?  
  • Мәселені шешу үшін өзіңіз танымайтын, белгілі бір шенеунікпен байланысу қажет болатын жағдай туындай ма? Шенеуніктермен жақсы қарым-қатынастасыз ба?  
  • Қазақстан ДСҰ-ға мүше болмақ. Қазақстандық нарыққа анағұрлым бәсекелес компаниялар кіреді. Нарықта олармен тепе-тең бәсекелестікте болу үшін сіз GR-технологияларды игергенсіз бе?  

Шенеуніктерге арналған:

  • Елде GR-технологияларды меңгерген, бизнеспен және қоғаммен жаңа GR-форматта байланыс орната білетін шенеуніктерге деген сұраныс артып келеді. Бұл рейтинг көрсеткіштерінің жаңа жүйесінің қалыптасуынан көрініс табады.  

Табысты қызметке ұмтылатындарға арналған:  

  • Қызметтік тұрғыдан айтарлықтай маңызды өскіңіз келсе, сіз GR-технологияларын меңгеруге тиіссіз, Forbes журналы бойынша,  GR-менеджерлер топ кәсібіне кіретіндігі мәлім.
  • Шенеуніктер күн сайын тек заң аясында ғана өзара табыстылық пен жұмысты қажет ететін жаңа GR-форматта қарым-қатынас орнататын  бизнесмендер мен GR-менеджерлердің қарқынды ортасын қажет етеді.  

Шалахметов Ғаділбек Мінәжайұлы - GR club Қамқорлық кеңесінің Төрағасы. -Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының негізін қалаушы.
-Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының Президенті (1992-2002).
-Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің жетекшісі (1992 ж.).
-«Қазинформ» қазақ ақпараттық агенттігінің Президенті (2002-2004)...Толығырақ

 

Илясов Еркебұлан Сайдуллаұлы – GR club Төрағасы.

 

 

 

 

 

Уткин Сергей Геннадьевич – GR club заң мәселелері жөніндегі кеңесшісі.

- Халықаралық «IUS» аралық сотының төрешісі.
- Жеке тәжірибесі бар заңгер. Соттарда көптеген тәуелсіз БАҚ-тарды, журналистерді, саясаткерлерді, қоғам қайраткерлерін қорғаған.  
- «Алматы радиотелеарналық хабар тарату стансасы» РМК-ның Заң мәселелері жөніндегі директоры (1998-1999)...Толығырақ

 

Мақұлбекова Айбөпе Мақұлбекқызы – GR club мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі кеңесшісі.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Алматы қаласындағы Тәртіптік кеңесінің төрағасы (2007-2008) .
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Алматы қаласындағы Басқарма бастығы (2001-2007).
- Алматы қаласы Жетісу ауданы Әкімінің орынбасары (1994-2001)...Толығырақ

 

Клубтың миссиясы: Қазақстан аумағында GR (Government relations) индустриясының қызметтерін дамыту.

Клубтың мақсаты:

1. Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін GR-агенттіктер мен GR-менеджерлерлерді аса ірі желіге біріктіру.    
2. Қазақстан Республикасының операторы ретінде халықаралық GR-агенттіктің желісіне ену. 

Клубтың міндеттері:

  • GR-менеджерлерін дайындау курстарын ұйымдастыру және GR-агенттіктерді дамытуды ынталандыру.
  • GR-менеджерлер дайындау үшін оқытушылар мен жаттықтырушыларды оқыту және GR-агенттіктер ұйымдастыру.
  • Оқыған GR-менеджерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсету.  
  • Кәсіпорындардағы GR-қызметтерін іске қосу-ретке келтіру.
  • Клуб кездесулерін өткізу.
  • Клубтың серіктестік желісін құру.
  • Клуб мүшелеріне, оның серіктестеріне, клиенттеріне және қамқоршыларына арналған клубты әдістемелік, консалтинг және ақпараттық орталық ретінде дамыту.
  • Клуб мүшелерінің өзінің брокерлік құқықтарын жүзеге асыруы үшін клуб брокерлерінің қызметтерін дамыту.  
  • Клубты және Қазақстан аумағындағы шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық корпусын ҚР аумағында дамыту.  
  • Шетелдің осыған ұқсас ұйымдармен ынтымақтастық туралы шартқа қол қою.  
  • Шетелде клубтың клиенттік, серіктестік және қамқорлық желісін құру.  

Клубқа мүше болу жөнінде:

Өз қызметін жүзеге асыратын немесе GR саласындағы қызметтерді пайдаланатын, клубқа мүше екендігі туралы шарты бар және GR club тіркелген GR-менеджер Сертификаты бар кез келген жеке немесе заңды тұлға (өз өкілі арқылы) клубқа мүше бола алады.   
Қалай клубтың мүшесі болуға болады?

Клубтың мүшесі болу үшін мыналар қажет:

  • «GR менеджер» тақыбыры бойынша 2 тренингтен өту, жалпы сағат саны – 12 с.
  • Тренинг аяқталғаннан кейін емтихан тапсырып, GR club тіркелген GR-менеджер  Сертификатын алу керек.  

«GR менеджер» сертификатын алуға арналған емтиханның тапсырмасын тренингке қатысушылар «GR менеджер» тақырыбы бойынша тренингтен өту барысында алады. Емтиханды тапсыра алмаған жағдайда клуб мүшелігіне үміткер емтиханды қайта тапсыруға жіберіледі. Клуб мүшелігіне үміткер «GR менеджер» сертификатын алу үшін емтиханды шарттың әрекет ету мерзімінің ішінде тапсырылатын емтихандарда бірнеше рет тапсыруға құқылы. Клуб мүшелігіне үміткер емтиханды екі рет тегін тапсыруға құқылы, келесі жолы ақылы негізде тапсырады.

  • Бір жылдық мүшелік жарна төлеу. Мүшелік жарнаның көлемін Клуб әкімшілігі анықтайды.  
  • Мүшелік туралы шартқа қол қою.  

Мүшелік не береді?

«GR club» мүшесі болған клуб мүшелерінің құқықтары:  

  • «Мемлекеттік сатып алулар» тақырыбы бойынша 1 семинар өткізу, жалпы сағат саны – 6 с.
  • GR club тіркелген GR-менеджер сертификатын алған жағдайда GR club мүшелерінің 4 клубтық кездесулеріне қатысу.   
  • GR club тіркелген GR-менеджер сертификатын алған жағдайда клуб мүшелігіне үміткердің емтиханға қатысуы.
  • GR club тіркелген GR-менеджер сертификатын алған жағдайда GR club нетворкингіне қатысу және дивиденд алу.