Пірінбеков Марат Үсенұлы. Сенбілік те мереке// Вечерний Алматы. Бейсенбі, 25 қыркүйек, №117 (11007)
Алмалы ауданы кәсіпорындарының жетекшілері және КСК төрағалары тазалық және тәртіп аумағын қалыптастырмақ.
Мегаполис үшін бұл теңдессіз шешімді олар жеке бастамалары бойынша қабылдап, аудан әкімі Марат Пірінбековтен қолдау сұрап келген. Алмалы ауданы – бұл алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтары серуендейтін қала орталығы. Сондықтан да ауданды ең үлгілі ауданға айналдыру үшін күш-қуат жұмсау керек. Аудан тұрғындары оларды шын жүректен қолдайтындығына сенім білдірді.
Мұнда тазалықтың жалпы қалалық іс-шаралардың алдында жүргізілетіндігін байқауға болады. Жергілікті сенбілікшілер деген атқа ие жұмыскерлер адал жұмыс істейтін ерікті аула сыпырушыларының айтарлықтай бөлігін жинады. ААМЗ маңайындағы гүл бағы, Әуезов, Розыбақиев, Гагарин көшелерінің бір бөлігі, Есентай өзенінің жағалауы қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылған.
-Ауданымыздың тұрғындары 27 қыркүйек күні сенбілікке мереке ретінде шығулары керек, сондықтан да біз ауданның мәселелі бөліктерін ертерек тазалап, жабдықтап жатырмыз, - деді Марат Пірінбеков. – Жыл өткен сайын аулаларды және гүлзарларды тазалауға шығатын тұрғындардың саны көбеюде. Бұл мәселеде ауданымыздағы үйлерді басқару институтының белсенді жүргізіп жатқан насихатының күштілігі байқалады. Осы сенбіде қарттардың да, балалардың да аудан құрметі үшін жұмыс істейтіндігіне сенімдімін.
Сондай-ақ, тазалық – тұрақты категория, ауданда бұл ережені мүлтіксіз ұстанады деп атап өтті Марат Пірінбеков. Мұнда бірде-бір бос жер жоқ, тиесілі аумақтың иегерлеріне тазалық сақтауды, көше мен үй нөмірлері көрсетілген аншлагтың техникалық қалпын сақтауды міндеттеу керек.
Мәтінді дайындаған: Серік Байтанаев
Суретті дайындаған: Раиса Круговой
Назар аударыңыздар!
27 қыркүйек Алматыда жалпы қалалық сенбіліктің өтетіндігін естеріңізге саламыз. Сенбілік Қала күніне арналады. Сенбілікке КСК, бюджеттік ұйымдардың және мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ сенбілікке қатысуға ниет білдірушілердің барлығы қатысады. Аудан әкімдіктері сенбілікті өткізуге құрал-жабдықтар, қалдықты жинауға арналған қаптар және оны шығару үшін арнйы автокөліктер бөледі. Адам көбірек шыққан жерлерге қоғамдық тамақтану орны ұйымдастырылады.
Арнайы жүлдемен марапатталатын аудандардың арасынан жеңімпаздарды анықтау үшін қоғамдық ұйым өкілдерінің қатарынан арнайы комиссия құрылады.
Сканерден өткізілген нұсқасы
Пірінбеков Марат Үсенұлы. Сенбілік те мереке// Вечерний Алматы. Бейсенбі, 25 қыркүйек, №117 (11007)
Бет 1