Пірінбеков Марат Ұсенұлы. Көктемнің шуақты, мейірімді аптасы - Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін. «Панорама дня», кешкі жаңалықтар.
Диктор: Еліміздегі оқиғаларға қайта оралайық. Алматыда «Көктемнің игілікті іс апталығы» атты акция басталды. Жеңістің 64 жылдығын мерекелеу қарсаңында Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы саябақта Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерінің, мәслихат депутаттарының қатысуымен гүл қоюдың салтанатты рәсімі өтті.
Репортер: 9 мамыр күні Кеңес әскерінің фашизмді талқандағанына 64 жыл толады, сол кезде майданға 1 млн. астам қазақстандық жауынгер кетті, 500-ге жуық Отан қорғаушы жауынгерлік батырлығы үшін Кеңес Одағының батыры атағына ие болды.
Виктор Невраев, ҰОС ардагері: - Бүгін, бірнеше күн бұрын болған халықтар бірлігінің достастығы, тыныштық пен еңбек мерекесі 1 мамыр мен алда келе жатқан Екінші Дүниежүзілік соғыста қазаға ұшырағандарды еске алу және қазіргі кезде өмір сүріп жатқандарды құрметтеу мерекесі тәрізді екі мерекенің түйіскен күні.
Әбдірахман Насатбаев, ҰОС ардагері: - Барша жастарды келе жатқан ұлы мерекемен құттықтаймын. Бұл адамзат тарихындағы мереке ғана емес, бұл мемлекетіміздің дамуындағы мереке ғана емес, бұл адамзат тарихы. Бұл өзгерісті кезең, ұлы жеңіс адамзат тарихына өзгеріс енгізді.
Репортер: Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған көктемнің игілікті іс апталығы – бұл дәстүрге айналған шара, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының белсенділері, партияның жастар қанатының белсенділері бір апта бойы ардагерлер мен тылдағы еңбеккерлерді құттықтайды. Акцияға қатысушылар ардагерлердің тұрғылықты жерлерін жинастыру, тағам өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сатып алу, жеткізу, коммуналдық төлемдерді төлеу, туған-туыстарына хат жазу және т.б. тәрізді көмектерін көрсетеді.
Марат Пірінбеков, Алмалы ауданының әкімі: - Осы акцияға деген патриоттық сезім өте күшті, ең бастысы – бұл жастарымыздың жалғызбасты қарияларды құрмет тұтып, олардың үйлеріне барып, іспен ғана емес, жігерлі сөздермен, ілтипат жасап, көмектесуге ниет білдіруі.
Татьяна Ким, Дмитрий Иванов «Рахат» телекомпаниясы.