Пірінбеков Марат Үсенұлы. 65 жылдықты мерекелеуге дайындық. «Панорама дня», кешкілік жаңалықтар.
Диктор: Тағы бір айта кететін жәйт. Әлемдегі ең бағалы нәрселердің бірі – ілтипат пен қамқорлық. Бұл, зейнеткерлерге, көмекті қажет ететін қарт адамдарға, әсіресе, маңызды. Алматыда «Қарт адамдар» айлығын өткізу аясында қаланың мектеп ұжымдары оларды қонаққа шақырып, көптеген кафелер мен мейрамханалар тегін түстік тамақпен тамақтандырған. Алматы қаласы Алмалы ауданының әртүрлі ұйымдары зейнеткерлерін, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және Еңбек батырларын қолдап, материалдық көмек көрсетті.
Ауданның бір мың екі жүзі зейнеткеріне 3,5 млн. теңге бөлінді, сонымен қатар олар ауданның емханаларында диагностикалық зерттеуден тегін өту мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі таңда, қарт адамдар үшін басты міндет – Ұлы Отан соғысының 65-жылдық мерейтойын қарсы алу болып табылады.
Зекен Әділбеков, ҰОС қатысушы, Алматы қаласы Алмалы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Қазір, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдық мерейтойын өткізуге табанды дайындық жүріп жатыр. Алмалы ауданында небәрі 450 ғана ардагер және соғыс жылдарындағы 3500-ге жуық еңбек ардагерлері калыпты. Ендігі біздің міндетіміз – 65 жылдық мерейтойды жақсы өткізу болып отыр, өйткені келесі 70-жылдық мерейтойға дейін кім бар, кім жоқ? Өйткені, ең жас соғыс ардагері келесі жылы 85-ке келеді екен.