Пірінбеков Марат Үсенұлы. 1 мамырдың құрметіне орай өткізілген мерекелік шеру. Алматы телеарнасы.
Диктор: Астана алаңынан Республика сарайына дейінгі шеру. Ұлттары әртүрлі үш мыңға жуық адам «маевканың» бұрынғы дәстүрлерін қайта жаңғыртты. Шеруге біздің де корреспонденттер қатысты.
Корреспондент: Алматыға мерекелік шерудің бұрынғы дәстүрі қайта оралды. Алмалы ауданындағы бұл шеру бірінші мамырдағы шеруді еске түсірді. Қазақстан халықтар бірлігін мерекелеу күнінің Кеңестік еңбекшілер күнін мерекелеу күнінен ешқандай айырмашылығы болған жоқ.
Марат Пірінбеков, Алмалы ауданының әкімі: - Халық арасында «Астана» алаңы деп аталатын ескі алаңнан мерекелік көңіл-күй мен жылулық сыйлаймыз, бұл шеру ауданымыздың көшелерімен жүріп, осылайша Республика алаңына тиесілі аумақта өтетін ортақ мерекеге қосылады.
Корреспондент: Еңбек ұжымдары, студенттер мен оқытушылардың барлығы ұлттық көркем киім киіп алған. Бірінші мамырда айтылатын ұрандар, бет-әлпеттерінде көтеріңкі көңіл-күй… Бүгін, Алматы өткенге оралған тәрізді.
3 мыңға жуық адам елде өмір сүріп жатқан жүзден астам халықтың бірлігін бейнеледі. Олар бірінші мамырдағы көңіл-күйді жалау тәрізді мақтанышпен әрі шаттана көтерді. Әрине, бірін-бірі әр тілде құттықтады.
Шеруге қатысушы: - Баршаларыңызды 1 мамыр мерекесімен құттықтаймын, баршаларыңызға денсаулық тілеймін, мемлекетіміздің өркендеуіне тілектеспін.
Корреспондент: фольклорлық ұжымдар әр көшеде болды, 1 мамырды мерекелеу әдісі, тіпті, бұл күннің атауы өзгерсе де, бұрынғы қалпында қалған. Ең бастысы, достастықпен өмір сүріп жатқан еңбекқорлар шаттанып, ән салып, би билеуі тиіс.
Зор әрі көңілді бұқаралық шеру, тіпті, шетелдік бақылаушыларға да әсер етті. Германиядан келген қонақ жалпыға ортақ мерекелік көңіл-күйдің әсеріне берілді.
Саид Мамедов, Германиядан келген қонақ: - Қазақстанның барша халқы бірлікте, достықта өмір сүріп жатқандығы көрініп тұр. Кез келген істі істеуге болады. Келесі жылы Алматыға келемін деген үміттемін, өйткені мен Германиядан келдім, Қазақстанның күн сайын өркендеп келе жатқанын көріп жүрмін.
Динара Исмайылова, Әсет Құндақбаев «Алматы» телеарнасы