Пірінбеков Марат Үсенұлы. Алматы Жол картасы. «Алматы» телеарнасы.
Диктор: Алматы қаласының жол картасы бойынша 20 мың қосымша жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда, бұл жөнінде бүгін Алмалы әкімдігі жиналыста хабарлады. Оқу орындарының жұмыс берушілері мен өкілдеріне бұл картаны орындаудың тетіктерін түсіндірді. Қалада әлеуметтік жұмыс орындары қалыптасып, жастарды тәжірибеден өткізу ұйымдастырылуда. Жұмысқа орналасқандардың барлығы жол картасы есебінен 15 мың теңгеден алады. Жұмыс берушілер бұл жалақыны өз беттерінше ұлғайта алады.
Жанат Мұрынова, әлеуметтік бағдарламалармен қамту бөлімі бастығының орынбасары:
- Алматы қаласында жол картасы бойынша 22 млрд. теңгеден астам қосымша қаражат бөлінеді. Оның ішінде 13 млрд. теңге Республикалық бюджет қаражаты есебінен және 9 млрд. жергілікті бюджет есебінен.
Диктор: Сонымен қатар, жол картасы бойынша кадрларды қайта даярлау курстарының бағыттары қарастырылған. Курстан өтем деушілердің барлығы еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша қайта даярлаудан өте алады.