Пірінбеков Марат Үсенұлы. Үйге келіп медициналық қызмет көрсету. «Алматы» телеарнасы.
Диктор: Үйге келіп, медициналық қызмет көрсету. Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлері емханасының дәрігерлері науқастарының үйлерін аралады. Толығырақ тілшіміз Диана Храмцова таратып береді.
Корреспондент Диана Храмцова:
- Николай Павлович дәрігерге қаралғанды ұнатпайды, 86 жасқа келген қарт өзін жақсы сезінеді және медициналық көмекке анда-санда ғана жүгінеді. Өйткені, ардагерді, тіпті, 7 операция жасалған жарасының өзі қатты мазаламайды.
Николай Павлович:
- Тіпті, саяжайда да аздап, ақырындап жұмыс істеймін.
Корреспондент Диана Храмцова:
- Николай Павлович денсаулығының жақсы екендігін сенімді түрде айтса да, дәрігерлер қарияға келді. Соғыс ардагерлері емханасының қызметкерлері 9 мамыр қарсаңында науқастарының бәрін аралап шықты. Әрқайсысын тура үйінде тексерді.
Дәрігерлер жүректі тексеріп, кардиограмма жасайды, қан талдауын алады. Жеңіс күніне дейін медицина қызметкерлері мыңдаған науқастарды тексеруден өткізуді жоспарлап отыр, бұл науқастардың көпшілігі емханаға өз бетінше бара алмайтын жандар.
Қалдыбай Мадибрайымов, Алматы қаласы ҰОС емханасының бас дәрігері:
- Сондай-ақ, мединститутпен бірлесе, медициналық колледжбен бірлесе акция өткізіліп жатыр, студенттер де үйді-үйге барып, аяғынан тұра алмайтын және өздері жүріп-тұра алатын соғыс ардагерлеріне қызмет көрсетті.
Корреспондент Диана Храмцова:
- Үйге келіп, медициналық тексерістен өту мүмкіндігін ардагерлер бір ай бойы пайдалана алады.
Диана Храмцова, Жәнібек Дінмағамбетов «Алматы» телеарнасы.