Төлеген Бахаргүл. Азиаданың мәртебелі қонақтарына қандай кәдесыйлар тартпақпыз?// Астана ақшамы. 25.09.2010 №117 (4362)
Қазақтың ою-өрнегінің ғажайып қиялы мен пластикасына ден қойып, символдық тілін түсіну бұрынғыдай емес. Ұлттық ою-өрнегіміз бүгінде байырғы әмбебап тілінен айрылып, жәй әншейін әшекей-безендіруші мәнге ғана ие бола бастады. Дейтурғанмен, бұл да болса ұлттык құндылықтарымыздын бір кәдеге жарап жатқандығының белгісі. Бүгінде сол ою-өрнектеріміз Азиадаға арналған кәдесыйларда бедерленіп жатыр.
Бейжіңде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында тек Қытай жерін мекендейтін панда аюы халықаралық доданың символына айналып, жарыс жеңімпаздары мен мәртебелі меймандарға ескерткіш ретінде табыс етілді. Ванкуверде өткен Қысқы Олимпиада ойындарында ұйеңкі ағашының жапырағы сый ретінде берілді. Ал, бізде ше?
Азия құрлығын мекендеген жарты әлемге Қысқы Азия ойындары қарсаңында не табыстамақпыз немесе кәдесыйымыз кайсы?
Төрт айдан кейін Астана мен Алматыға сары құрлықтан он мыңнан астам туристер келеді деп күтілуде. Осыған байланысты 30 мемлекеттен келетін меймандарға қос қаламыз үздіксіз кызмет етуі керек деп білеміз. Олар барынша ұлттың болмысын, ерекшелігін, тарихи құндылықтары мен мәдениетін білуге ынтығады. Сол себепті жарыс қарсанында осы мәселелердін барлығы ескерілгені жөн.
«Astana/Almaty - 2011» деген жазу мен Қысқы Азиаданың логотипі бейнеленген сөмкелер, жаңа сүлгілер, қаламсап пен қойын дәптерлер, күртешелер, жейделер, бас киім мен мойыншалғылар, күнтізбе мен дорбалар және қыстық бас киім секілді заттар Түркия елінде жасалынды.
Ендігі ретте, «Әдемі-Ай РІus» компаниясы мен «VII Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті» АК-ның ұйымдастыруымен Азия ойындарына арналған ұлттық үлгідегі киім-кешектер мен Ақ Азиаданың белгісі бар зергерлік бұйымдар, кәдесыйлар көрмеге койылды. Азиада қонактарына арналған кәдесыйларды жұртшылыққа таныстыру үшін «VII
Қыскы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті» АҚ-ның бірінші вице-президенті Айбек Қапақов келді.
- Қазір бірнеше ұлттық компаниялар VII Қысқы Азия ойындарының ресми демеушісі болып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, Ақ Азиаданың бас демеушісі болып «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры белгіленді. Сонымен қатар, «Аіг Astana» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Доктор Веб» секілді отандық ірі компаниялар демеушілік көрсетіп келеді. Осы ретте, Ақ Азиаданың кәдесыйларын жасауға 15 млн. Теңге қаржылай көмек көрсеткен «Әдемі-Ай РІus» компаниясына алғысымыз шексіз. Осыған байланысты «Әдемі-Ай РІus» компаниясының өнімдерін «Меgа» ойын-сауық-сауда орталығында, Алматы әуежайларында, темір жол бекеттерінде сатылымға қоюға көмектесеміз, - деді Айбек Қапақов.
Қазақтың әрбір үйінің төрінде ілулі тұратын өрілген қамшылар, кайыңның безінен шабылып барып біріктірілген ер-тұрмандар, ат әбзелдері, түрлі зергерлік бұйымдар «Әдемі-Ай» өнер үйінің сөрелеріне қойылды.
Ұядай бөлмеден ұлттық мәдениеттің лебі есіп, көрер көзді қуантады. Алайда, бұл өнімдердің барлығы елімізде жасалынып жатыр деуге әсте келмейді. «Әдемі-Ай» компаниясының президенті, ҚР Мәдениет қайраткері Баһаргүл Төлегенқызы:
- Осынау кәдесыйларды жасау үшін еліміздің белгілі суретшшері мен мүсіншілері жұмылдырылды. Әсіресе, бұл жоба Қысқы Азия ойындарына арналып отырғандықтан, Азиаданың символына айналған белгілерді айшықтау бірінші орынға қойылды. Өкінішке қарай, мұндай дүниелерді жасап шығаратын бізде кұрылғылар жоқ. Сол себепті, Қытай, Туркия секілді мемлекеттермен бірігіп өнімді шығарып отырмыз. Әзірге, Азиада кәдесыйлары көпшіліктің көңілінен шығып жатыр деуге болады, - деді.
Ұлттық ерекшелігімен есте қалған 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасы, одан кейінгі 2000 жылғы Сидней Олимпиадасы және 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасын айтып өтүге болады. Әсіресе, Азия елдерінде өтетін халықаралық шаралардың барлығында ұлттык мәселе бірінші орынға қойылады. Бізде де солай болуы тиіс.
Мәтінін дайындаған Жандос Байділдә.
Төлеген Бахаргүл. Азиаданың мәртебелі қонақтарына қандай кәдесыйлар тартпақпыз?// Астана ақшамы. 25.09.2010 №117 (4362)