SelfBrandBook
Төлеген Бахаргүл. Шолпы, шашпау жинаған қыз.// Алматы ақшамы. 21 ақпан (4112) 2009
Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Алматы қалалық әкімдігінің және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қолдауымен қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарын жинақтаушы Баһаргүл Төлегенқызының «Жүрегімде — Отаным» атты этно-жәдігерлік көрмесінің ашылу салтанаты болды. Бұл күні ұлттық өнер жанашыры Баһаргүл Толегенқызы өзінің он бес жылдан бері көзінің карашығындай жинақтап келген көне жәдігерлер мен сыйкәде топтамаларын жұртшылықтың назарына ұсынды. Бүл көрмені «Әдемі-Ай РІus» компаниясы мен республикалық «Әдемі-Ай» этнографиялық мәдени-танымдық жорналы ұйымдастырды. Көрмені жұртшылықтың назарына ұсынудағы басты мақсат-тарихы тереңде жатқан қазақтың ұлттық өнерінің сан-қырлы әсемдігі мен ерекшелігін елге кеңінен насихаттау еді.
Зергерлік әшекей заттарды жинауды алданышына айналдырған
Алматылықтарға қазақтың інжу-маржан зергерлік бұйымдарының мол жәдігерлерін ұсынып отырған Баһаргүл Төлегенқызы 1969 жылы Қытай халық республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келеді. Орта білім беретін мектепті аяқтаған соң Пекин мемлекеттік университетіне түсіп, жоғары оку орнының биология факультетін бітіріп шығады. Алған білімін одан әрі жалғастыру мақсатында Қазақстанға келіп, 1994-1997 жылдары өз мамандығы бойынша ғылыми жұмыстармен айналысады. Ғылыми еңбек жазу барысында Қазақстандағы ежелден келе жатқан қолданбалы өнерді зерттеуге бет бұрып, көне жәдігерлерді жинақтаумен айналысады.Ұлттық зергерлік заттардың коллекциясын жасауды негізгі басты алданышына айналдырады. Баһаргүлдің ұлттық өнер туындыларына деген қызығушылығының арқасында 2000-жылы «Әдемі-Ай РІus» ЖШС-ін, ал, 2002-жылы «Әдемі» өнер үйін ашады.
Осылайша тек көне жәдігерлерді ғана жинақтап қоймай еліміздің бай мәдениеті мен тарихын насихаттайтын, жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелейтін мол мұра топтамаларын дүниеге әкеліп, патент негізінде шығаруды қолға алады.
2007-жылы ұлттық көне жәдігерлерімізді ел арасында кең насихаттау үшін «Әдемі-Ай» атты этнографиялык мәдени-танымдық жорнал шығарады. Бұл жорнал аз уакыттың ішінде елдің сүйіп оқитын басылымдарының біріне айналды. Баһаргүл Төлегенқызы өзі басқаратын компанияның жұмысын жолға қоя отырып, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Ақындар айтысына», «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Намыс дода» және «Әнші болғым келеді» бағдарламаларына, «Астана-Тілеп» байқауына, «Сағындырған әндер-ай» ән фестивалі сияқты ауқымды шараларға демеушілік қолдау көрсетеді.
«Менің халқым –дүниежүзіндегі ең ісмер халық»
Ұлттық өнер жанашыры Баһаргүл Төлегенқызының «Жүрегімде - Отаным» атты этно-жәдігерлер көрмесін Ә.Қастеев атындағы орталық мұражай директорының орынбасары Еркін Нұразхан құттықтау сөз сөйлеп ашты. Өнертанушы Ж. Мұхамет те әріптес құрбысы туралы жүрекжарды тілегін арнады. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқа төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев көне халық өнер туындыларына арналған бүгінгідей көрменің сирек өтетініне ерекше тоқталды. Қазақ халқы қалың қоныстанған қытай елінен ата жұртына келген Баһаргүл қарындасымыз алдына үлкен мақсат қойып, үлкен шаруаны қолға алғалы қауымдастықпен қоян-қолтық бірлесе жұмыс жасап, қажырлы ерік-жігерінің арқасында көптеген істер тындырды. Өз елімізде, Европаның көптеген қалаларында өткен құрылтайларға Баһаргүл өзінің үлесін қосып, ұлтымыздың көне мұраларын дүниежүзі халықтарына кең насихаттап келеді. Алдағы наурыз айында Баһаргүл Астана қаласындағы Президенттің Мәдени орталығында өз көрмесін ұсынғалы отыр. Қазақтың белгілі ақыны Шөмішбай Сариев ұлттық қолөнер туындыларын ерінбей-жалықпай жинақтап жүрген Баһаркүл Төлегенқызына арнаған тілегін жыр жолдарымен өрнектеді. Қазақтың көрнекті қаламгері, «Санат» баспасының директоры Серік Әбдірайым да қазақ өнерінің асыл мұраларын жинап, жаңғырту жолында еңбек етіп келе жатқан ұлттық өнеріміздің нағыз жанашыры Баһаркүл Төлегенкызына арнаған ыстық ықыласты лебізін жеткізді. Ғұлама ғалым академик Әлкей Марғұлан үш томдық шығармалар жинағында: «Менін халқым - дүниежүзіндегі ең ісмер халық» деп жазған еді. Сол ісмер халыктын қолынан шыққан, жанынан өрілген дүниелерді жинақтап, көзінің қарашығындай сақтап, халқына жеткізудің өзі қасиетті іс болып табылады. Баһаргүлдің бала жастан өнер бесігінде тербелген құштарлығы, ұлттық өнер құндылықтарына деген ықыласы кім-кімді болмасын қуантады. Алатаудын арғы бетінде жатқан қалың казақтың ішінен өнердің асыл мұраларын жинаған еңбегінің енді кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінде одан әрі жалғасын табуына тілек қосты.
«Сылдыр, сылдыр, сылдыр! Діңкемді құртты-ау құрғыр!»
Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, ғалым Якуда Амандықов бұл көрменің ұлттық өнер саласындағы әлеуметтік-рухани маңызына тоқталып өтті.
Зергерлік әшекей бұйымдар қазақ халқының, тарихында ерекше орын алады. Өткен ғасырдағы ұлы Абай, Ахмет Байтұрсынов, көрнекті ақын-жазушылардың шығармаларында жиі кездеседі. Мағжан акынның ертеде жазған «Шолпы» атты өлеңінде: «Сылдыр, сылдыр, сылдыр! Діңкемді құртты-ау құрғыр!» деген елең жолдарынан сұлулыққа деген іңкәр сезімді, махаббатқа деген құштарлықты байкаймыз.
Көрменің ашылу салтанатында сөз алған оны ұйымдастырушы, өнертанушы Баһаркүл Төлегенкызы жиналған жұртшылыққа демеушілік қолдау көрсеткен азаматтарға деген өзінің ризашылық сезімін білдірді. Он бес жыл бойы халық арасынан жинақтаған ұлттық өнер мұраларын Алматы қаласының тұрғындарына ұсыну көптен бергі арманы екен. Еліміздің «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде ұзақ жылдар зергерлік өнер туындыларын жинақтаудағы мақсатының осы асыл мұраларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу екенін, осы саладағы ізденістерін алдағы кезде де жалғастыра беретінін айтты.
Көрменің ашылу салтанатында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, белгілі өнер шеберлері Майра Ілиясова, Құдайберген Бекіш, өзге де жас әнішілер өз өнерлерімен шашу шашты. Жиналған жұртшылық көрме залына қойылған Баһаркүл Төлегенкызынын халық арасынан жинақтаған көне зергерлік әшекей заттарын - жүзік, білезік, сырға, маңдайша, шашбау, шолпы, белдік, өзге де сәндік бұйымдарды тамашалады. Өнертанушы Баһаркүл Төлегенқызы көрермендерге әрбір көне жәдігер туралы әңгімелеп берді.
Мәтінін дайындаған Өтеш Өтеуліұлы.
Төлеген Бахаргүл. Шолпы, шашпау жинаған қыз.// Алматы ақшамы. 21 ақпан (4112) 2009
- Бахаргүл Төлеген. Бақыт әкелетін асық.// Вечерняя Астана. №151 (2295), 16.12. 08
- Төлеген Бахаргүл. Әйел еншісі.// Караван. 12.03.2010
- Бахаргүл Төлегенқызы. Дүниежүзінен бір-бір жіп, әр ауылдан бір-бір әшекей// Время. №59(1027) 27.04.2010
- Төлеген Бахаргүл. Ұлттық құндылықтарға жанашырлық-басты мақсатымыз.// Президент және халық. №02 (072) 12.01.2007