Төлеген Бахаргүл. Әйел еншісі.// Караван. 12.03.2010
«Қазақстан әйелі – 2010» атты орасан зор тележоба аяқталды. «Еларна» және «Хабар» телеарналарынан шамамен бір ай бойы мемлекетіміздің 30 танымал әйелі туралы роликтер көрсетілді.
Міне, енді ұйымдастырушылар жеңімпаздың есімін атады, ол – өнертанушы, этнограф Бахаргүл Төлегенқызы. Сонымен қатар, «Ару ана» аталымы бойынша Әмина қажы Әжібаева сыйақыға ие болды, ол ата-анасыз қалған қырықтан астам баланы тәрбиелеп отыр. Осы аталым бойынша жүлдені тапсыру құрметіне біздің газетіміздің қызметкері, «Караван» газетінің мәдениет және шоу-бизнес бөлімінің шеф-редакторы Артем Крылов ие болды.
"Мамандық мақтанышы" аталымы бойынша жүлдеге аты аңызға айналған қазақстандық радио диктор Сауық Жақанова ие болды. "Ұлағатты ұстаз" аталымы бойынша жүлдеге Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің ректоры Шырын Құрманбаева ие болды. Халық суретшісі Гүлфайрус Исмаилова мен танымал жазушы Зейнеп Ахметова "Аңыз есім", Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы Балнұр Қадырбек «Жігер», ал әнші Мақпал Жүнісова "Өнерім - Өмірім" категориясында аталып өтті.
- Конкурсқа қатысқан әрбір әйел кісінің өз дауыстарын беретін өзіндік табынушылары бар, - деді "Караван" газетіне сахнадан тыс жерде Мақпал. – Білесіз бе, олардың барлығы (қатысушылар) маған ұнайды, олардың барлығы үздік деген атаққа лайықты. Меніңше, ең болмаса, 10 адамды марапаттау керек!
Гүлнар Дусматова, әртіс:
-Осы тәріздес жобаларға қатысқанда, өзіңнің біреуге қажет екеніңді сезінесің. Жобадан қалған жағымды әсер тамаша! Таныстарымның біреуі «Біз саған дауыс бердік» дегенде, сүйсініп кеттім.
Меруерт Өтекешева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:
- Меніңше, мәдениет, ғылым саласындағы немесе жұмысшы адамдарды салыстыруға болмайды.
Әр адам – өз ісінің шебері. Алайда, кез келген жағдайда, әр адам үшін өзі туралы айтылған жақсы әңгіме қуаныш сыйлайды.
Мәтінді дайындаған: Марина Хегай.
Суретті дайындаған: Руслан Пряников.
Төлеген Бахаргүл. Әйел еншісі.// Караван. 12.03.2010
http://caravan.alahost.net/article/2613/print