Бахаргүл Төлеген. Бақыт әкелетін асық.// Вечерняя Астана. №151 (2295), 16.12. 08
«Азия» бизнес-орталығында «Әдемі-Ай» өнер салонының ашылу салтанаты өтті.
Бұл бастамаға халық ақыны Фариза Оңғарсынова, халық ақыны Қоныспай Әділов және Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразкүл Асанғазы бата берді. Өнер салонының иесі – Бахаргүл Төлегенқызы. 1992 жылы ол Қытайдан тарихи отанына оралады, жоғарғы білім алады. Қазіргі кезде танымал суретшілермен, зергерлермен, халық кәсіпшілігінің шеберлерімен, негізінен оралмандармен жұмыс істейді.
Салонда көне күміс әшекейлерінің көрмесі ұйымдастырылған: жүзіктер, білезіктер, салпыншақтар, белдіктер, түймелер, сырғалар… Былғарыға және тасқа салынған тамаша суреттер.
Металды көркемдеп өңдеудің көне өнері шеберлердің қолымен қазіргі заманға сай болып өзгертілген. Ұлттық кәдесыйларға негізделе отырып, «Әдемі-Ай» осы саланың жаңа қырын ашады. Бұйымды сапалы жасау, пішінінің стилі мен әртүрлілігі, ұлттық бояу – мерекеге бұдан артық сыйлық таппайсыз! Әртүрлі металл қорытпалары, тау хрусталі, апталған алтын... Бұйымдардың ішінде «Бәйтерек» монументінің, Тәуелсіздік сарайының, Пирамиданың, «Алтын адам» мүсінінің, металдан жасалған ұлттық құралдар топтамасының көшірмелері бар…
Бақыт әкелсін деп таға және асық сатып алуға болады. Ойындарға арналған жиынтықта, сондай-ақ жеке күйінде де олардың үлкен топтамасы көрсетілген. Бұйым шеберлігіне дес бермейтін металл, алтын немесе күміспен қаптау, сақтауға арналған құтылар бақыт әкеледі екен. Әрбір жиынтыққа қысқаша түсініктеме берілген, мысалы, егер асық алшыға, яғни оң жағымен түссе, оның иегері қуаныш пен табысқа кенеледі.
Әрине, «Әдемі-Ай» салонындаға барлық асықтар алшы болып тұр.
Өнер салонында тақия, шапан, киізден тігілген бұйымдар тәрізді басқа да ұлттық кәдесыйлар бар. Қажет десеңіз, шеберлер ұлттық өнердің кез келген туындысын жасап бере алады.
Мәтінді дайындаған: Валерий Ильин
Суретті дайындаған: Асқар Ахметтулин
Бахаргүл Төлеген. Бақыт әкелетін асық.// Вечерняя Астана. №151 (2295), 16.12. 08
http://www.vastana.kz/articles/socium/schastje_asyk_prineset.2596.php