SelfBrandBook
Құсман Шалабаев.Құсман салған сара жол.// Уақыт тынысы. 17 қаңтар
Алты алашқа әйгілі Тарбағатайдың күнгейінен батырлар мен абыздар, өнерпаздар мен балуандар көп шыққан.
Солардың басында Қабанбай бабамыз бен Әсет атамыз тұрғаны және шындық. Елім деп еңіреп туған бүгінгінің батырлары солардан үлгі алады, бабалар салып кеткен сара жолдан ауытқымай, замана көшіп бастап, замандастарын адастырмай фәни парызын өтемек. Алмағайып аласапыран кезеңдерде Алла тағала алаш жұрты үшін ақиық азаматтарын береді. Өйткені, заманның өзі оларды тарих сахнасына алып шығады.
Біз әңгіме еткелі отырған Құсман Кәрімұлы Шалабаев жалпы Қазақстанға танымал адам. Шығыс Қазақстанның Семей өңіріндегі Үржар ауданы, Мақаншы ауылының тумасы Құсекең жүріп өткен жол бүгінгі ұрпақ үшін үлгі - өнеге. Салт басты, сабау қамшылы жігіт әскер қатарынан оралған соң еліміздің сол кездегі астанасы Алматы шаһарына арман қуып келгенімен, жас жігітті құшақ жая қарсыалып, жағдайын жасап берген жан болмады. Ардагер Кәрім аға мен алтын құрсақты ана Мәрзия шешейдің 10 баласының бесіншісі Құсман жастайынан алған бетінен қайтпайтын, діттеген мақсатына жетпей тынбайтын жігерлі жігіт еді.
Алматыдағы № 2 автобус паркінде слесарь, шебер, инженер, ауысым бастығы қызметтерін атқарды. Осындағы автожол институтын автомобиль шаруашылығы мамандығы бойынша бітіріп, өмірін түбегейлі осы салаға арнағандай болған, алайда қоғамдағы жүйе өзгеріп, заман талабына сай қосымша мамандықалып, нарық көшіне ілесті. "Ілесті" деген сөзді қазір айтамыз - ау, кейін соның көшін бастаушыға айналды. Миллионнан астам халқы бар Алматыда сол тұста саусақпен санарлықтай ғана бизнесмен бар болса, соның бірі Құсман еді. Марқұм әкесі Кәрімнің атында базар ашты. Екі жүйенің ауысқан шағында сенделіп қалған қандастарына жұмыс орны болды бұл. Енді Д.Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірді де, іле - шала Қазақ мемлекеттік басқару Академиясының "Экономика және менеджмент" факультетін тәмамдады. Кейін, Л.Гумилев атындағы университеттің дипломатиялық Академиясын "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша аяқтап шықты. 2007-2009 жылдары М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде "МВА" бағдарламасы бойынша "Экономика және басқару" мамандығын игерді. Қазақстан өз алдына Тәуелсіздігін алып, мүлде жаңа жүйеге, нарықтық экономика дәуіріне ауысқан шақта былайғы жұрт Кеңестік жүйенің шырмауынан шыға алмай, әлі де жоғарыға жалтаңдап үргенде, отызында орда бұзар - жас Құсман жаңа, тосын істі бастады. "Тәуекел түбі -желқайық: өтесің де кетесің", деген бабалар қағидасын берік ұстанған ол осылайша белді бекем буған еді. Шүкір, өзінің арыдан тартып ойлайтын пейілінің арқасында ісі оңға басып, шаруасы дөңгелене берді. Бұл арада ол ел-жұртына танымал болып, қысылғанның қасынан, жабыққанның жанынан табылар шаққа жеткен. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатын барынша қолдаған ол қадари -халінше ел экономикасының алға басуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына ыкпал етуге талпынды. 2003 жылы Алмалы аудандық № 3 аймағы бойынша қалалық мәслихаттың ІІІ шақырылым депутаты болып сайланды. Жігерлі жігіт енді өз сайлаушыларының тұрмыс-тіршілігімен таныса келіп, білім мен денсаулық салаларына қалалық бюджеттен қаржы бөлдіруге атсалысты, нәтижесінде екі мектеп, бір емхана, үш балабақша толығымен жөндеуден өтті. Солармен жанамалай жатқан жолдар да қайта жөндеуден өтіп, асфальт төселді. Атқарылған ауқымды істер әркез жұртшылықтың көз алдында ғой: келесі IV шақырылым депутаттығына тағы да бірауыздан өтті. Қоғамдық жұмыстар да кезегінше іскер азаматқа тапсырылды. Сөйте жүріп, "Күрес те өнердің бір түрі" деп қазақ күресін әлемдік дәрежеге көтеруге атсалысты. 2006 жылы "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы болып, 2010 жылы Алматы қаласының Қазақ күресі Ұлттық Федерациясының Президенті болып сайланды. Бірден Алматы қаласы әкімінің жүлдесіне Қазақ күресінен тұңғыш рет халықаралық жарыс ұйымдастырды. Құсман Кәрімұлы мұнда да өзінің зор беделі мен абыройының арқасында халықтың алғысына бөленді. Өзі де сөз мәйегін терген, қазағы қалың Мақаншы секілді киелі жерден, Жайтөбедей қасиетті таудың бауырынан түлеп ұшқан азамат қазақ тілінің бүгінгі ахуалына алаңдаулы болатын: білек сыбана кірісті. Туған тіліне деген жанашырлығын атқарылған ауқымды істерімен дәлелдей білді. Бүгінде (2002 жылдан бері) Алматы қаласы, Алмалы ауданы әкімінің жергілікті өзін- өзі басқару комитеттерінің жұмысына басшылық ететін ол халықтың әлеуметгік мәсрлелеріне өте - мөте ден қойған. Қай-қашан болмасын, жергілікті тұрғындармен маңызды кездесулер, әкімшілікте ашық есік күндері ұйымдастырылып, қарияларға рухани, материалдық көмектер көрсетіледі. Сол үшін алты қоғамдық қор құрылып, жұмысы жандана түскен. Өзі де "Нұр Отан" ХДП-сына мүше. Соның қоғамдық бірлестігі орталық ревизия комиссиясының мүшесі. Алматы қаласы, Алмалы аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа карсы күрес кеңесіне төраға болып сайланды. Үнемі қаланың әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсене араласып келе жатқан ол Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, зейнеткерлерге, көмекке зәру жандарға қол ұшын созып, жәрдемін аяп калған жан емес. Алмалы ауданындағы мектепке дейінгі балалар мекемесіне бес жүз мың көлемінде қаржы бөлді. Бірнеше жылдан бері үш мектепте "Наурыз" мерекесін ұйымдастырып келеді. 2006 жылы Алмалы ауданына қарасты "Арди" мүгедек ата-аналар мен балалар ассоциациясының өтініштері бойынша екі жасар Махмуд Хасимутдин атты сәбиді Польшада емдету үшін бес мың АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлді. Алмалы ауданында бой көтерген мешіттің құрылысына жарты миллион теңге берді. Термешілердің республикалық байқауына, Алматы қалалық мектептерде оқитын жас ақындар айтысына, тұрақты түрде өтетін "Тәуелсіздіктің тал бесігі - Алматым" атты жас талапкер ақындар айтысына да демеушілік етеді. Сол сияқты, мектеп оқушылары арасында "Балғын дәурен - бал дәурен. Әнші болу арманым" атты және "Сөз өнері" байқаулары Құсман Шалабаевтың бастамасымен өтіп келеді. Өйткені, Құсекеңнің өзі де ақын, тәп - тәуір қоңыр дауысы бар әнші. Өзінің "Елуге келгеніме өкінбеймін" атты өлеңіне "Муз Арт" триосының музыкалық продюсері, жас сазгер Арман Бексұлтан ән жазған. Ал "Алыстаған күндерім" атты өлеңіне жазылған әнді Мақпал Жүнісова репертуарына енгізген, республикалық эфирден орындап жүр.
Әрине, Құсман Кәрімұлының жасаған демеушіліктерін тізбелей берсе, ұзаққа созылары даусыз. Тек өзінің туған жері Үржар ауданына жасаған көмектерінің бір парасын айтып өтуге болады. Мақаншыдағы № 2 медициналық аурухананың емделу - сауықтыру бөліміне заманауи құралдар алып берді. Оның ішінде массаж-керует; аяқ буындарына арналған, толық адамдарға арналған және тренажер - велосипед бар. Мақаншыдағы кіреберісте Қабанбай қақпасын орнатып, дәл сол жерде, Жәйтөбе бауырында батыр баба кесенесінің құрылысын бастады. Осындағы "Түз қырандары" спорт мектебінің құрылысына, Үржар ауданының бірнеше имамдарының Қажылық сапарға баруына демеушілік жасады. Бұл бойында имандылық қасиеті бар, рухы мықты жанның істер шаруасы. Рухани бай адамның ісі. Рухани демекші, Құсекең өзінің ішкі толғаныстары мен тебіреністерін, тіршіліктегі ой - орамдарын да қағаз бетіне түсіріп жүретін көрінеді: мәселен, "Болашақ ұрпағың дұрыс болуы үшін алдымен өз жүрегіңді тазала", "Бүгіңгіңді таңда, ертеңгіңді ойла, кешегіңді ұмытпа", "Ақылды адамның жүрегі таза", "Білімдінің бәрі ақылды емес, ақылдының бәрі білімді емес", "Кешегі ішкіштер - бүгінгі білгіштер", "Ақылсыз әйел мен ақылды әйелдің айырмашылығы: ақылсыз әйелмен тұрған күнің айсыз түнмен бірдей, ақылды әйелмен тұрған күнің атқан таңның шуағымен бірдей". Құсман Кәрімұлына бұл жағынан да Алла Тағаланың сыйы үлкен: жұбайы Кәрамат Саттарқызы да текті әулеттен шыққан үлкен жүректі, барлық өмірін жұбайының бет-беделі мен абыройына арнаған жан. Жолдасы екеуі үш қыз, төрт немере сүйіп отыр. Ұрпақ демекші, ол "Ұрпағыңмын-мен сенің, әкешім" атты жаңа өлеңін ата, әке, бала сыңды ұрпақтар сабактастығына арнапты. Қазір әні жазылып, аранжировка үстінде көрінеді...
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, әлденеше мерейтойлық медальдармен, Бауыржан Момышұлы атындағы "Батыр шапағаты" медалімен марапатталған оған 2010 жылы желтоқсанда ҚР Президентінің жарлығымен "Құрмет" ордені табысталды." Үржар ауданының, Мақаншы ауылының Құрметті азаматы" бүгінде 50-ге келіп отырған Құсман Шалабаев жүріп өткен жол осындай. Кім - кімге де үлгі боларлықтай.
...Тарбағатайдың күнгейінен ел намысын қорғар, жұртқа белгілі тұлғалар көп шыққан. Әлі де жалғасып келеді. Ұрпақтар сабақтастығы деген осы болар, бәлкім.
Берікхан Тайжігіт, Қазақстан Журналистер одағынын мүшесі.
Құсман Шалабаев.Құсман салған сара жол.// Уақыт тынысы. 17 қаңтар
Сканерден өткізілген нұсқасы
- Құсман Шалабаев. Жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті мәселелерді шешуі тиіс. // Алматы ақшамы №6 (4724) 15.01.2013
- Құсман Шалабаев. Жігіттің мәрттігі –жомарттық.// Алматы ақшамы. 21 қазан, №120(4058)
- Құсман Шалабаев. Шет ел түгілі, Түркістанға жете алмай жүрміз. // Алматы ақшамы №74 (3462) 02.07.2005