Төлеш Дана. Қазақстандағы II сұлулық байқауы.// Сезон. №3 Жаз 1998.
Қазақстандағы модель күнтізбесіндегі аса ірі оқиға – ҚАЗАҚСТАН СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫ – өткен жылғыға қарағанда биыл қамту көлемімен ғана емес, қатысушылар құрамымен де айтарлықтай ерекшеленді. Жартылай финалға жолдама алған 50 ару (өткен жылы 36 болатын) – аймақтағы сұлулық байқауының 14 жеңімпазы мен 36 алматылық арулар — алғашқы кастингтерде-ақ (іріктелімдерде-ақ - ред.) әділ-қазыларды бойларының биіктігімен (185 см дейін), ғажап пішіндерімен, зияткерлігімен (айтпақшы, болашақ модель үшін маңызды болып табылады) таңқалдырды, әділ-қазылардың құрамында атақты стилистер, фотосуретшілер, шаштараздар, визажистер болды. Осы жерден-ақ байқау беделінің қаншалықты өскендігі, қандай күрделі таңдау жасау керектігі айқын болды. Өйткені, тіпті, күрделі байқау алдындағы күндердің өзінде – портфолиоға арналған түсірілімдер, дайындықтар болып, тамақтану мен ұйқыға да уақыт жетпеген кезде біреулері төзбейтін шығар, «тастайтын» шығар деп жүргенде бұл сияқты іс-шараларға бірде-бір рет қатысып көрмеген 14-15 жастағы қыздардың өздері езулерін жимай, қайраттана жұмыс істеді. Бірақ, бұл жолы ақтық думан Республика сарайының сахнасында өтті, Оқушылар сарайының шағын залы еліміздің ең ару әрі бойшаң қыздарын көруді қызықтаушылардың бәрін сыйғыза алмайтын болды. Сахнаның сәні, керемет жарық, айрықша қойылым бәрі ойдан шықты – Қазақстандағы сұлулық байқауы көрермендердің жадында бұл сахнада бұрын-соңды болмаған жарқын әрі толқытарлық думандардың бірі ретінде ұзақ уақыт бойы сақталып қалатын болды... Беделді халықаралық әділ-қазылардың құрамына байқау пайда болған жылы-ақ оны бірден ең жоғары сатыға қойған әлемдегі ең ірі "Elite" модель агенттігінің өкілі Стефан Пессиморо (Франция), байқаудың Бас демеушісі, "PantenePro-V" сауда белгісі бар "Procter&Gamble" компаниясының өкілі Энди Питерсон, "Бутя" фирмасының Бас директоры Болат Әбілов, байқауды ұйымдастырушы - "Сан Бель" Қазақстан агенттігінің Бас директоры Алена Ривлина, продюсерлік Арт-орталықтың Президенті Есетжан Қосубаев пен Қазақстан халық әртісі Гаухар Мұрзабекова, ресейлік ірі "RedStars" агенттігінің өкілі Оксана Мерц, «Topmodel» және "Cosmopolitаn" журналдарының редакторлары Светлана Петрухова мен Аглая Карпенко енді. Қатысушылардың мәскеулік модельер Ирина Мурашкинаның ұсынған ғажайып сәнді haut-coutur көйлектерімен шығуы салтанатты думанның қорытындысын жасады. Содан кейін салтанатты сәт келді...
ГРАН-ПРИ - "ҚАЗАҚСТАН АРУЫ" атағына 17 жастағы, орта мектеп оқушысы ДАНА ТӨЛЕШ (Алматы) (бойы -172 см, төсінің көлемі - 85 см, белінің өлшемі - 61 см, бөксе көлемі - 91.5 см) ие болды және де «Әлем аруы» интерконтиненталь байқауына жолдама алды.
II ОРЫН – "Elitemodellook" атты кәсіби модельдердің арасында ірі халықаралық байқауға қатысуға келісімшарт жасасу бақыты 18 жастағы ИРИНА АЛЕКСЕЕВАҒА (Алматы) (182-88-57-88) бұйырды.
III ОРЫН - "Redstars" атты ірі ресейлік агенттікпен бір жылға келісімшарт жасасу бақыты 17 жастағы МАРИЯ НИКИФОРОВАҒА (Алматы), 17 лет (178-89-59-89) бұйырды.
Байқаудың ақтық мәреге шыққан жиырма жүлдегері Қазақстандағы ең ірі "Сан Бель" агенттігімен келісімшартқа отырды. Байқаудың демеушілері де өздерінің «Аруларын» таңдады, олар естелікке берілген таспалар мен сыйлықтардан өзге, өздері таңдаған фирмалардың жарнама науқандарына қатысу құқығына ие болды:
"PantenePro-V аруы" -Айнұр Ұмашева
"Бутя аруы" және " Zepter аруы" -Лариса Исмаилова
"Анкара аруы" - Ирина Проференко
"Ұлттық лотерея аруы" - Дана Төлеш
"Хабар аруы" және " 31 арна аруы" - Жұлдыз Айтбаева
"Сезон аруы" - Айнұр Досмағамбетова
"Аспан аруы" - Ажар Махатова
"НТК аруы" - Ирина Алексеева.
Сонымен байқау аяқталды. Ал жеңімпаздар үшін жаңа өмір басталды. Дана Төлеш осы жылдың қараша айында өтетін «Әлем аруында» елімізді таныстыруға дайындалуда, Ирина Алексеева қыркүйекте Ниццаға барар алдында француз тілін үйреніп жатыр, Маша Никифорова "диета ұстап", Мәскеуге дайындалып жатыр. Олардың бұдан кейінгі тағдарлары туралы сіздерге журналымыздың беттерінде хабарлайтын боламыз. Сонымен қатар, егер де Респубика сарайындағы ақтық думанға келе алмасаңыздар, өкінбеңіздер, өйткені байқаудың ең әсерлі сәттері мен сахнадан тыс өмірі «Хабар» эфиріндегі «Қазақстан аруы» атты фильмінен (әйелдерге арналған телевизиялық «Сезон» журналы өндірген) тамашалай аласыздар.
Суретте осының бәрі қолмен жасаған адамдар (солдан оңға қарай, жоғарыдан төменге қарай):
Мәдинә Мыржықова – хатшы, Светлана Сохарева - стилист, Олег Гостев -жүргізуші, БАқ жөніндегі дир., Владимир Бабкин - бас фотосуретші, Елена Сулейманова - әкімш., Лариса Зонова - бух., Әлия Есенова - атқ. дир., Жәмилә Аимбетова - редактор, Елена Алмазова – жетекш. визажист, Рубен Казарян - бас оператор, Татьяна Емельянова - режиссер, Дина Құрмашева - реж. ас., Юрий Кисленко - әкімш., Зәуре Үмбетқұлова - хореограф. Гуля Диярова және Бөпеш Жандаев — қоюшы суретші, Гүлжахан Хаджаева – жетекш. шаштараз, Алена Ривлина - Бас Директор, Ольга Федорова - әкімш., Меруерт Қадыржанова. Себепті сылтауларға орай суретте төмендегілер жоқ: Наталья Ривлина – қоюшы режиссер, Лев Тинников және Қарлыгаш Темірбаева - әкімшілер.
Төлеш Дана. Қазақстандағы II сұлулық байқауы.// Сезон. №3 Жаз 1998.
Сканерден өткізілген нұскасы