М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 гимназия

Жетістіктері

Ұжымның наградалары, дипломдары, жетістіктері:

  • 2009 ж. – Жаңашыл мектептер Республикалық байқауында «Ең үздік жаңашыл мектеп - 2009» номинациясының иегері атанды.
  • 2008 ж. – Облыстық Байқауда «Ең үздік мектеп – 2008 » номинациясының иегері атанды.
  • 2006 ж. – «Облыстың үздік мектебі» байқауында Гран-приді жеңіп алды.
  • 2001 ж. – Мектеп ЮНЕСКО ассоциациясының мүшесі болды.
  • 1923 ж. – мектеп үздік көрсеткіштеі үшін Қызыл Тумен марапатталған.

Мектептің дарынды балалармен жүргізетін үлкен жұмыс тәжірибесі жинақталған, мұны бітіруші түлектердің ҰБТ – дағы жоғарғы нәтижелері көрсетіп отыр, 2008-2009 оқу жылының қорытындысы бойынша орта балл – 100,4.

Гимназия ҚР – ның ең үздік 100 мектебінің қатарына төртінші рет кіріп отыр. 1999 жылдан бастап, гимназия 70 «Алтын белгі» иегерлерін шығарды, олардың 12 – 2009 жылдың түлектері.

2008/2009 оқу жылында гимназияның бүкіл тарихында алғашқы рет мектеп халықаралық деңгейге жетті. 10- сынып оқушысы Амангазин Арман Стамбул қаласында (Түркия) әлемнің 80 елінің оқушыларының қатысуымен өткен халықаралық ғылыми жобалар байқауында күміс медальді иеленді.