Жетістіктері

«Цин-Каз» бүгінгі таңда Қазақстандағы қызанақ өнімдерін шығарушылар бойынша көшбасшы болып табылады. «Цин-Каз» ЖШС-нің бүкіл қазақстандық қызанақ өнімдері нарығының жалпы сыйымдылығындағы үлесі  40-45%.

Шығарылатын өнімнің сапасы әр түрлі көрмелерде, жәрмеңкелерде және кәсіби дегустацияларда жоғары бағаланып, танымал болды, көптеген жүлделерге ие болды:

  • 2008 ж. №1 Соустар.
  • 2002 ж. 2007 ж. №1 Кетчуп.
  • 2005 ж. «Жыл таңдауы» №1 Қызанақ пастасы.
  • Астана қаласында өткен 5-ші Қазақстандық Халықаралық «АгроПродЭкспо» көрмесінің алтын медалі қызанақ пастасына және кетчуптерге берілді.
  • «Astana Food Kazakhstan» кәсіби дегустациясының «Ең мол ассортимент үшін» дипломы және  «Болгарский» кетчупі үшін алтын медаль берілді.
  • Қызанақ пастасы және кетчуптер үшін «World Food Kazakhstan» халықаралық көрмесінің алтын медальдары.
  • Алматы қаласының өнеркәсіп потенциалын дамытуға қосқан үлесі үшін дипломы және тағы басқалар.