«Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Кентаудағы жаңа күн.// Казахстанская правда. 13.07.2011 ж.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылы ішінде Қазақстан мемлекеттік құрылыста, экономикалық дамуда, ұлтаралық келісімде, азаматтардың тұрмыстық жағдайының өсуінде орасан зор нәтижеге жетті. Мемлекет Президентінің, оның көрегендігінің және білгір басшылығының арқасында республика осы уақыт аралығында бейбіт аспанның астында, республикадағы барлық этностардың рухани бірлігі мен достығында өмір сүріп келді. Қысқа ғана мерзімде Қазақстан ауыр сынақтан абыроймен өтті, ішкі және сыртқы саясатта үлкен нәтижеге қол жеткізді, индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жасап шығарды. Жағымды өзгерістер облыс орталықтарында ғана емес, сондай-ақ шағын қалалар мен шалғайдағы ауыларда да болды. Әрине, бұндай өзгерістер біздің көп ұлтты тату-тәтті тұратын Кентауымызда да орын алды.
Зауыт және оның болашағы...
2005 жылы Кентауға мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келді. Елбасының кеншілер қаласына келген алғашқы сапары оның жылнамасында шын мәнінде тарихи оқиға болды. Кентау трансформатор зауытына келіп, оның өнімімен танысқан Нұрсұлтан Әбішұлы былай деп атап өтті: «Сіздердің кәсіпорындарыңыз – Қазақстандағы трансформатор өндіретін бірден-бір кәсіпорын. Сондықтан кентаулықтардың болашағы зор». Бұл әулиенің сөзі болды.
Екі жыл бұрын мерекелеген кәсіпорынның 50-жылдық мерейтойы кернеу класы 35 кВ, қуаттылығы 25 000 КВА күш беретін алғашқы трансформаторды өндірумен сәйкес келді. Зауытта кернеу класы 35-110 кВ болатын трансформаторларды өндіру бойынша цех салынды, бұл 300 адамды еңбекпен қамтуға мүмкіндік берді. Бұл Қазақстанның энергетика саласында қол жеткізген үлкен табысы әрі зауыт пен қала ұжымының мақтанышы болды. КТЗ трансформаторларымен Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі көптеген басқа да мемлекеттердің тапсырыс берушілерін қамтамасыз етеді. Тұтынушылардың өндірген өнімнің сапасына айтатын шағымы жоқ.
Жаңа өнімді игермес бұрын зауыт басшылығы өтімділік нарығын мұқият зерттеп, өнімге деген сұраныстың бар екендігіне көз жеткізді. Десек те, бәсекелестер де бар. Мәселен, сол қытай өндірушілері. Жақында зауытқа Қытай делегациясы келіп, қазақстандықтардың өндірген трансформатор өніміне қызығушылық танытып, электр техникалық құралдарды өндіру бойынша бірлескен өнеркәсіп құру туралы мәселені қарастыруды ұсынды.
Зауыттың ұжымы өнімнің түрлерін кеңейтіп, жаңа қуаттылықтарды игере отырып, бір орында тұрмайды. Өткен жылы металл құрылымдарды дайындауға арналған жаңа механикалық цехтың құрылысы басталды.
– Салынып жатқан цех кернеу класы 35–110 кВ болатын трансформаторларды өндіру үшін қажет, – дейді «КТЗ» АҚ техникалық директорының орынбасары Жалғас Үмбеталиев. – Ол жаңа технологиялармен және станоктармен жабдықталады. Бүгінде, зауытта 1 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Цех ашылғаннан кейін, тағы 50 жұмыс орны пайда болады.
Зауыттың негізгі тұтынушылары - «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» тәрізді ірі компаниялар және т.б. КТЗ трансформаторларды жеткізу ғана емес, сондай-ақ электр техникалық құралдардың басқа да көптеген түрлерін жеткізу тендерлеріне қатысады.
«Жол картасы» жақсы төселді!
Соңғы жылдары «жол картасы» аясында қаланың әлеуметтік өмірінде маңызды өзгерістер болды. Өткен жылы Кентау республикалық және облыстық бюджеттен өте жақсы қаржыландыруға ие болды. Бұл ақшалар білім беру және денсаулық сақтау объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Жаңартылған мекемелердің ішінде № 12, 14, 4 орта мектептері, № 7 кәсіби мектеп, қалалық емханалық аурухана, инфекциялық және балалар ауруханасы, «Қамқор» және «Әлия» бала-бақшалары бар.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары бірқатар мектептерге, оның ішінде қала шетіндегі ауыл мектептеріне де, туберкулезге қарсы диспансерде, туу үйлерінде жүргізілді. Сонымен қатар, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыстар да жүргізілді: мультимедиалық-лингафонды кабинет, екі биология кабинеті, алты физика кабинеті ашылды. Жөндеу жүргізілген мектептер жаңа жиһазбен және құрал-жабдықтармен жабдықталды, 3 505 парта мен 184 тақта жаңартылды.
Қысқа ғана мерзімде аймақта 7 көпір, оның ішінде Хантағы ауылында бірден 7 көпір, Ащысайда біреуі, Қарнақта екеуі қалпына келтірілді. Алтынсарин, Қаленов, Шоқай, Әл-Фараби, Рысқұлов көшелерінің бойына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Су құбыр жүйелері, оның ішінде Ащысай ауылындағы насос станциясы қалпына келтірілді. Қаланың ішкі жылу желілері, Ирмак-Өзен су қоймасының каналдары жаңартылды. «Жол картасын» жүзеге асыру әзірше тұрақты жұмысы жоқ жергілікті халықтың 500-ге жуық адамын жөндеу жұмыстарына тартуға мүмкіндік берді.
Кентаулықтар көрші облыстар арасындағы көлік байланысын қамтамасыз ету бойынша биліктің жұмсаған күшін бағалады. Күрделі жөндеу жүргізілген Түркістан – Кентау – Теріскей көлік тасжолы пайдалануға берілді. 37 шақырым ұзындыққа созылған бұл жол жаңа асфальтты «жамылып» қана қоймай, айтарлықтай қауіпсіз болды. Анағұрлым қауіпті аймақтар жарық түсіретін шой балғалармен қоршалған.
80 жылға жуық уақыт бойы Күнгей (Қаратау сілемінің оңтүстігі) мен Теріскей (солтүстігі) халқы өте нашар жолмен жүруге мәжбүр болды. Жаңа жол – Қаратау тауының бөктеріндегі ауылдар мен қалаларды байланыстырып қана қоймай, сондай-ақ Қызылорда мен Жамбыл облыстарының арасындағы арақашықтықты айтарлықтай қысқартты. «Жол картасы» тұрғындардың таңқалу сезімі мен қонақтардың жағымды таңданысын тудыра отырып, қаланың дамуына жол салды.
Бала-бақшалар мен мектептер
Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қаламызда 600 орынға арналған Ә.Молдағұлова ат. №19 орта мектеп салынды. Жаңа оқу орнында 27 сынып, 3 спорт алаңы, спортзал, асхана, акт залы, кітапхана және медицина кабинеті бар. Соңғы рет қалада мектеп 1990 жылы салынғандығын атап өткіміз келеді. Жаңа жасампаз уақыт белгілерінің бірі – қала маңындағы Күшата ауылында медпункттің ашылуы. Ағымдағы жылы осы жерде 200 орынға арналған мектептің құрылысы басталды, сметалық құны 158 млн. 413 мың теңге.
Кентауда жаңа бала-бақшаның құрылысы жүргізілуде, құны 151 млн. теңгеден астам. Жылдың соңына қарай, мектепке дейінгі жаңа мекемені балалардың дауыстары ажарландырады. Бұл қаладағы «Балапан» бағарламасының аясында салынып жатқан алғашқы объект емес. Осы жылдың басында «Мәншүк», «Көктем» бала-бақшалары ашылды, онда 240 бала орынға ие болды. Сондай-ақ, Қарнақ, Байылдыр ауылдарында 65 орынға арналған 3 топ ашылды, № 5, 6, 10 мектептердің жанында 75 балалаға арналған 3 шағын орталық құрылды. Қала бюджетінің есебінен «Алмагүл», «Әлия» және «Таңшолпан» бала-бақшаларында 75 орынға арналған 3 топ құрылды.
Елбасының шағын қала мәселелеріне, әлеуметтік мәселелерді шешуге назар аударуы Кентаудың дамуына және жаңаруына, адам өмірінің сапасын арттыруға теңдесі жоқ үлес қосты. Сондықтан да кентаулықтар мемлекет биографиясындағы ұлы күн – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты түрде қарсы алуға дайындалып жатыр, сонымен қатар, мемлекеттік және әлемдік ауқымдағы күрделі мақсаттарды шешу қабілетін көрсеткен Президенттің мақсатқа талпынушылығын ерекше бағалады.
Текст: Светлана Утенова, Оңтүстік Қазақстан облысы
Дереккөз: www.kazpravda.kz
«Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Кентаудағы жаңа күн.// Казахстанская правда. 13.07.2011 ж.