«Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Көптен күткен – трансформатор.
Отандық өндірістің ерекше өнімі.// Казахстанская правда. №76. 09.10.2009 ж.
Қуаттылығы 25 000 кВА кернеу класы 35 кВ алғашқы отандық трансформатор конвейерден түсті. Жаңа өндіріс Кентау трансформатор зауытының жарты ғасырлық мерейтойына ерекше сыйлық болды.
Электр техникалық машина жасау өндірісін дамытпай экономиканы индустриалдану жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мүмкін емес. Кернеуі жоғары трансформаторлар өндірісін мақсат етіп қойған Alageum Electric (Алагеум Электрик) компаниясының басқарма басшылығы бұны айқын түйсінеді. Мемлекетте күш беретін трансформаторлардың қажеттілігі орасан зор болғандықтан, бұған дейін бұл тәрізді өнімді түгелдей дерлік шетелден импорттауға тура келді. Жаңа кәсіпорынның құрылыс және құралдың монтаж жұмыстары бір жылдан артық жүрді. 300-ден астам адам объектіні салуға жұмылдырылды.
Бүгінде объект толығымен аяқталған. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және алдыңғы қатарлы еуропалық өндірушілердің жоғары технологиялық құралдарымен жабдықталған инновациялық кәсіпорын. Зауыттың корпусы қыста жылуды, жазда салқындықты сақтауға мүмкіндік беретін заманауи оқшаулағыш материалдармен қапталған. Пайдалануда сенімді, ұзақ мерзімге төзімді және ыңғайлы болу үшін тозуға қарсы полимер жабындымен қапталған еден төсеміне қомақты қаражат кетті. Бұнда қуаттылығы 25 МВА, кернеуі 35-110 кВ дейінгі трансформаторлар өндіріледі. Олар қуаттылығы 1000 кВА-тан 25000 кВА дейінгі, кернеуі 35 кВ игерілген трансформатор түрлерінің желісін көбейтті. Бүгінгі таңда, кәсіпорын кернеуі 110 кВ электрлік мегамашиналарды игеруге және өндіруге көшті.
- Біз Президентке берген уәдемізді орындадық, - дейді «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-тың атқарушы директор Анвар Әйтен. – Отандық машина жасау тарихында алғаш рет кернеуі жоғары электр машинасын өндірдік. Бұл біздің республикамыздың энергетика саласындағы үлкен жетістігі және біздің ұжымымыздың мақтанышы.
Жаңа өнімді меңгеруге компания қомақты қаражатты инвестициялайды. Қазақстанда салалық ғылыми институт жоқ қой. Зауыттың конструкторлық-технологиялық бөлімі жыл сайын өнімнің ондаған атауларын меңгереді. 120 конструкторлар мен технологтар, айтпақшы, кәсіпорынның ең жоғарғы жалақы алатын мамандары шын мәнінде, ғылыми институттың қызметтерін атқарады. Технологиялық паркті жаңартуға, конструкторлардың жаңа өнімді және құрамын игеруін дайындауға басым қаржы бөлінеді. Зауыт жарты ғасыр бойы кернеуі 10 кВ трансформаторларды өндіруде. Алайда, 35 кВ жобаны меңгеру кезінде олар көптеген қиындықтарға тап болды, олардың ең бастысы – мамандар мен технологиялардың жоқтығы.
- Өндірістік корпус салынып жатқанда, мамандар ұқсас өндірістерге барып, жан-жақтан мамандарды тартып, көптеген арнайы көрмелерге қатысып, Ресей, Украина, Еуропа, Қытайды шарлап жүрді, - дейді жоба жетекшісі Еркебұлан Ильясов. – Дайындық жұмыстарның нәтижесі – ғылымы қажет ететін сұранысы көп өнімнің сегіз атауын меңгеру болды. Қуаттылығы 25 000 кВА кернеуі кВ электр машиналарына алғаш тапсырыс беруші Атырау мұнай өңдеу зауыты болды. Отандық тауар өндірушілеріне сенгені үшін біз оның басшылығына алғыс білдіреміз, өйткені ірі кәсіпорындардың басшылары тапсырысты Ресей, Украина және Қытайға беретіні жасырын емес, десек те, отандық өндірушілерге барлық жерде жол ашық болуы тиіс.
Кентаудағы жаңа қалада 300 адам жұмыспен қамтылды. Тағы 250 адам Түркістанға жұмысқа жіберілді, онда СВ-95, 110, 111, 164 темір бетон тіректерін өндіру жөнге келтірілген. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 50 000 дана өндіруге мүмкіндік береді. Қазір зауыттағы жұмыс үш ауысыммен жүріп жатыр. Сонымен қатар, бұнда ауқымды жобаның екінші бөлігін жүзеге асыру дайындалып жатыр, оның негізінде экономиканың нақты секторындағы қазақстандық құрамды көбейту мақсаты жатыр. Кернеуі 220, 500 кВ күш беретін трансформатор өндірісі жөніндегі зауыт жобалау кезеңінде. Бұл электрлік мегамашиналарды «KEGOK» ұлттық компаниясы пайдаланатын болады. Жоба ғылымды қажет етеді әрі күрделі, бірақ кентаулық трансформаторшылар бұл мақсатқа нәтижелі түрде қол жеткізетіндігіне сенімді.
Текст: Любовь Доброта
«Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Көптен күткен – трансформатор.
Отандық өндірістің ерекше өнімі.// Казахстанская правда. №76. 09.10.2009 ж.