Alageum electric (Алагеум Электрик)
SelfBrandBook
«Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Отандық өнімнің озық үлгісі.// Егемен Казахстан. №75. 06.10.2009 ж.
Қазақстанның алға қарай дамуын, өзге өркениетті елдермен үзеңгі қағыстырып, қатар жүруін қалайтын ұлтжанды азамат ретінде осы оқиға үшін қалың жамағаттан сүйінші сұраса да болар еді. Өйткені, Кентау трансформтаор зауытында қуаты 25000 кВа кернеулі 35 кВ күштік трансформатор шығарыла бастады. Мұндай жоғары кернеуі трансформаторлар бұрынғы Одақ өлшемінде алғанда Өзбекстан мен Запорожье қаласында шығарылып келген. Алайда, өзбекстандық трансформатор жоғары кернеулі болғанымен, қазақстандық үлгіден халықаралық стандарт бойынша кейін қалып кетеді. Ескі. Осыған орай айта кетер жақсы жаңалығымыз – қазақстандық жаңа трансформатор жобасының авторы өндіріске енді араласқан жас маман болса да талапты, талантты 24 жасар қазақ жігіті Еркебұлан Ілиясов. Алматы энергетика және байланыс институтының түлегі.
Трансформатор – велосипед құрастыру емес. Осы тұрғыдан алғанда өндірдей жігіттің өндірісте жұмыс жасай жүріп жаңа жобаларды жүзеге асыруы артылған сенімнің ақтала бастағанының айғағы дер едік. Диплом жұмысын Қазақстан өндірісін өркендету мақсатына жұмсап, білікті мамандардан үлкен қолдау көрген Еркебұлан Ілиясовты әңгімеге тартқан едік.
- Жылда жазғы семестрден біткен соң өндірістік тәжірибемді «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-да өтетінмін, - дейді ол. - Трансформатор секілді күрделі механизмнің құрылу сатысын жақыннан білу үшін жұмыс киімімді киіп цехқа түстім. Бұл әрекетім барлық бастапқы тізбекті анықтауға көмектесті. Содан соң, жаңа жобалар дүниеге келетін кәсіпорынның негізгі бөлімі – құрастырушылар бөлімінде қызмет еттім. «КТЗ» АҚ-ның бәсекеге қабілетті алаңы неден тұратынын айқындауға бет бұрдым. Зауыт шығаратын өнім номенклатурасын және ұқсас кәсіпорындардың әлеуетін зерттедім. Осылайша, «Кернеу класы 35-110 кВ майлы күштік трансформатор шығару» атты бағыт менің дипломдық жұмысымның тақырыбына айналды. Қыруар жұмыс атқаруға тура келді. Зауыттың жетекші мамандарымен, құрастырушыларымен бірлесіп, бизнес-жобаның және жобалық қуаты жылына 1200 МВА құрайтын жалпы алаңы 7000 шаршы метр зауыт құрылысының есеп-қисаптарын жүргіздік. Дипломдық жұмысымды бір деммен аяқтап, «жақсы» қорғап шықтым. Бұл идеяны жүзеге асыруға болады деген сенімім басшыларға ұнағанымен, жақын арада іске қосылатыны шындыққа ұласпайтын секілді көрінді.
«35-110 кВ күштік трансформаторлар шығару жөнінде жоба басшысы» қызметіне институтты бітіргеннен соң қабылдандым. Жобаның материалдары толық талқыланды. 2008 жылдың екінші жартыжылдығында зауыт құрылысы басталды. Қосымша 150 жұмыс орны ашылып, 350 адам еңбек етті. Қазіргі таңда объект құрылысы толық бітті. Бұл халықаралық стандарттарға сай, өндірістік және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне келсек, жетекші еуропалық өндіріушілердің жоғары технологиялық жабдықтарымен жабдықталған заманауи кәсіпорын. Зауыттың сырты қыста – жылытып, жазда – салқындатып тұратын заманауи оқшаулау материалдармен қапталған. Жұмыс барысында жайлы, берік және ұзақ мерзімді қолданыста болуы үшін қыруар қаражат жұмсалып, едендерге төзімді полимерлі жамылғы төселді.
- Мұнда қуаты 25 000 МВА кернеуі 35-110 кВ трансформаторлар шығатын болады. Бұл трансформатор алдын игерілген қуаты 1000 кВА бастап 25 000 кВА дейін кернеуі 35 кВ трансформатор типтерінің тізімін толықтырды. Қазіргі таңда кәсіпорын керенуі 110 кВ электрлі мега мәшинелер шығаруды игеруді бастады. Ал, мұны жоғарғы пилотаж деп атауға болады.
- Бұрын жоғары кернеулі трансформаторлар Запорожье қаласында шығып келгендігі белгілі. Енді Қазақстан да мықтысына қол жеткізді. Жаңа өнімге аз қаражат кетпейді, ал оның өзін-өзі ақтауы жөнінде не айтуға болады. Келешегі қалай деген ғой?...
- Сіздің бұл сауалыңызға жауап беру үшін зауытымыздың өзекті мәселелерін қозғауыма тура келеді. Республикамызда салалық ғылыми институт жоқ. Кеңес одағы кезеңінде трансформатор жасау жөнінде жалғыз институт Запорожье қаласында болатын, әрине оларға монополистік жағдай оңтайлы. Жоғары кернеулі трансформаторларды шығару технологияларымен запорождықтар бөліскісі келмейді. Оларға біз рыноктағы бәсекелес ретінде емес дайын өнімдерінің тұтынушысы ретінде ыңғайлы болып келеміз. Ал біз ішкі рынокты елімізде бұрын-соңды шығарылмаған жаңа өніммен толықтырғымыз келеді. Зауыттың құрастыру-технологиялық бөлімі жыл сайын ондаған өнім атауларын игеруде. Кәсіпорынның жоғары жалақылы 120 құрастырушылары мен технологтары ғылыми институт қызметін атқаруда. Технологиялық паркті жаңартуға, жаңа өнімді игеру дайындықтарына және құрастырушыларға көптеген қаражат жұмсалуда. Алайда, бұл жерде үнемдеуге болмайды. Мұндай үнемділік зауыттың өсуіне және дамуына кедергі келтіреді. Зауыт 50 жыл бойына кернеуі 10 кВ трансформаторлар шығарып келді. Бірақ, кернеуі 35 кВ трансформаторларын игеру жобасын іске асыру барысында қиындықтарға тап болдық. Ең бастысы – мамандардың және технологиялардың жетіспеушілігі. Өндірістік ғимаратты тұрғызып жатқанда мамандарымыз Ресей, Украина, Еуропа, Қытай елдерін кезіп, ұқсас кәсіпорындарға барып, мамандарды үгіттеумен айналысты, көптеген мамандандырылған көрмелерге қатысты. Бұл іс-шараларға да аз қаражат жұмсалмады. Есесіне, қысқа мерзім ішінде, не бары 12 айда зор жетістікке жеттік, супер заманауи зауыт салынды. Жоғары сұранысқа ие 8 өнім игеріліп, шығарылды. Қуаты 25000 кВА кернеуі 35 кВ электр мәшинесіне алғаш тапсырыс берген Атырау мұнай өңдеу зауыты. Отандық өндірушіге көрсеткен сенімі үшін Атырау мұнай өңдеу зауытының басшыларына алғыс білдіреміз. Бұл патриоттық әрі азаматтық қадам болды. Отандық кәсіпорындарға жол ашық болуға тиіс.
- Зауытта отандық жас инженерлердің көптеп кездесетіндігі көңіл тоғайтады. Әдетте, зауыт басшылары жас кадр даярлауды шығынсынып, дайынына жүгірер еді. Бұны сіздерде кадр саясатының жақсы жүріп жатқандығының жемісі деп бағалауға бола ма?
- Жас мамандарды дайындау – компанияның басым бағыттағы стратегияларының бірі. Жыл сайын орта мектеп бітірушілер арасында «инженер мамандығын таңдаңыздар, энергетикалық ЖОО-на тапсырыңыздар!» деп үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Жыл сайын жүздеген кентаулық мектеп бітірушілердің энергетика факультетіне емтихан тапсыруға баруы еңбегіміздің жемісі деп білеміз. «КТЗ» АҚ-да «Жас мамандар туралы» ереже бар. Онда: 200 000 теңге көлемінде қайтарымсыз қаржылай көмек, ақы төленетін өндірістік тәжірибе, топ-менеджерлер құрамына мүше етіп қабылдау, зауыттың тұрғын үй қорынан пәтер бөлу, шетел тілдерін меңгергені үшін үстемелер төлеу секілді және т.б. жеңілдіктер қарастырылған.
- Жастармен уақыт өткізіп, шығындалғаннан гөрі тәжірибелі, дайын мамандарды шақырған дұрыс емес пе? Себебі, компанияның басты өндірістік мекемесі – трансформтаор зауыты – шалғай жерде орналасқан ғой, онда жастарды тарту қиынға түспей ме?
- Қазіргі жастар материалдық жеткізілкті болғылары келеді, сондықтан да таңдаулары көбінесе сауда саласына түседі. Көпшілігі Алматы, Астана секілді үлкен қалалардан облыстық орталықтардан кеткілері келмейді. Кентау қаласы түпкірде орналасқан, әлеуметтік жағынан жайсыз. Ауыз су, орталықтандырылған жылу жүйесі, қаражол мәселелері - өзекті болып табылады. Трансформатор жасаушы мамандығына отандық ЖОО-дары оқытпайды. Осы бір ақтаңдағымызды білдермеу үшін жергілікті жастарды қызықтырып, жұмысқа тартып, жағдайлар жасаудамыз. Әрбір сауатты инженер, техник, жұмысшыларымызды жоғары бағалаймыз. Зауытта жасы 20-35 аралығындағы жастардың басын біріктірген «Жас мамандар клубы» құрылған. Әрқайсысының да еңбек сатысымен көтерілуге мүмкіндігі бар. Клуб мүшелерінің алдына жас мамандардың білім деңгейін көтеру, зауыттың өндірістік-шаруашылық өміріне белсенді қатысу секілді өзекті мәселелер қойылған. Бізден, бизнес-процестердің үнемі жаңарылуы, еңбек шарттарның жақсаруы, еңбек қауіпсіздігі және ұйымдастырылуын жоғарылату, шығарылатын өнім сапасын арттыру секілді және басқа да пайдалы әрі қолданбалы бастамалар, жас көз-қарасқа тән жаңа ұтымды ұсыныстар күтуде.
- Алдағы уақытта қандай жобаларды өндіріске енгізуге талаптанып отырсыздар?
- «Alageum Electric» (Алагеум Электрик) басқарушы компаниясын рынок сыйымдылығын зерттеп, мониторинг және сараптама жұмыстарымен айналысады. Нәтижесінде мақсаттар мен мәселелер айқындалып, стратегия түзіледі. Үстіміздегі жылы компания бірнеше жобаларды іске қосты. «ПетроҚазақстанРесорсизҚұмкөл» АҚ, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «КРЭК» АҚ секілді компаниялардың тапсырысы бойынша кернеуі 35/110 кВ блокты жиынтық трансформатор қосалқы стансалары жобаланып жеткізілді.
Кентауда ашылған күштік трансформатор шығаратын зауытта 300 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Түркістанда жылына 50 000 дана СВ-95, 110, 111, 164 маркалы темір бетонды тіректер шығаратын зауыт іске қосылды. Қазіргі таңда мұнда үш ауысымда 250 астам адам жұмыс істейді. Дәл осында кернеуі 220, 500 кВ күштік трансформатор зауытының құрылысы жобалануда. Бұл электрлі мега-мешинелерді пайдаланумен «КЕГОК» ұлттық компаниясы айналысатын болады. Жоба ғылыми түрде өте күрделі, және де оны жүзеге асыру оңайға түспейтінін де білеміз. Ғимараттардың құрылысына, қажетті технологиялық жабдықтарды сатып алуға қажетті қаражат мәселесін банктерден несие алу арқылы шешуге болады. Бірақ басты мәселе – есеп-қисап бағдарламасы, құрастыру-технологиялық құжаттамалары жоқ жерде өндірісті қалай бастаймыз. Ал, мұнда мәліметтердің иегерлері қыруар қаражат сұрайды, оның үстіне оны сата қояды ма деген сауал да туындап тұр. Қандай кәсіпорын өзінің бәсекелесіне жол ашып бермек? Бірақ, біз алға қойған мақсатымызға жетеміз! Мұндай сенімді Елбасымыздың экономиканың нақты секторында қазақстандық қамтуды арттыру жөніндегі саясаты оятты. Сондықтан да, мұндай алпауыт жобаны алдағы екі жыл аралығында жүзеге асыра алатынымызға сенімдіміз. Көз алдыңызға елестетіңізші 2000 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда, жұмыссыздық мәселесінің бұхаралық шешімін таптық деп қандай ірі кәсіпорын мақтан тұта алады? Осы секілді энергетикалық бағыттағы көптеген жобалар мен идеялар бар.
Қазақстанда төмен вольтты аппаратура, вакуумды, газды сөндіргіштер, микропроцессорлы қорғаныш, генераторлар, электрқозғалтқыштар және бесқа да қажетті жабдықтауыштарды шығаратын кәсіпорын жоқ. Болашақта осы саңылауларды неге өзімізге толықтырмасқа. Отандық электр мәшине жасау саласының оншалықты дамымағанын ескеретін болсақ, болашақта республикамызда жүздеген зауыт, фабрикалар салынатын болады. Міне, сол кезде біз, бүгінгі жас мамандар ғылыми өнімдерді игеруде жетекші кадр эшелоны ретінде республикамыздың мәшине құрылысы саласының дамуына жеке үлесімізді қоса аламыз.
- Еркебұлан, өзіңіздің жетекшілігіңізбен салынған зауыт құрылысы бітіп, іске қосылғанын және оның тұңғыш өнімі қуаты бойынша гигант трансформаторды көргенде қандай сезімге бөлендіңіз?
- Әрине, еңбегіңіздің жемісін көру көңіліңізді қуантады. Жаңа заманауи, қуатты күштік трансформатор зауытын іске қосу – күнделікті оқиға емес. Бұл барша зауыт қызметкерлерінің, жалпы «Alageum Electric» (Алагеум Электрик) басқарушы компаниясының ұжымының жеңісі. Кернеуі 35 кВ астам трансформаторларды шығару өте күрделі жұмысты талап етеді. Кернеуі неғұрлым жоғары болған сайын жауапкершілік те жоғарылайды, тасымалдау да күрделене түседі. Әрине, мен әлі де жас инженермін. Маған әлі де көп оқып, көп жұмыс істеуім қажет. Бірақ, мұның барлығына қарамастан «Alageum Electric» (Алагеум Электрик) компаниясын брендті ұлттық компаниялар қатарында болса екен деп армандаймын. Siemens, Schneider Electric, General Electric... компаниялар секілді даңқы шықса деймін. Осындай асқақ мақсатқа қол жеткізу үшін қазақстандық инженер энергетиктердің басын қосып, ғылыми өндірісті бірлесе отырып меңгеріп, оны игеру үшін энергетикалық «жұлдызды қалашық» құруды ұсынамын. Себебі, энергетика – еліміздің болашағы.
Мәтіні: Бақтияр Тайжан

- «Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Қазақстанда жасалған.// Астана Ақшамы.
- «Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Қазтрансформатордың қарышты қадамы.// Президент және халық. № 4 (126) 25.01. 2008 ж.
- «Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Жаңа жобалар - 2008 ж. Дамудың жаңа векторлары.// Сұхбат. 28.01.2008 ж.
- «Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Қатысу науқаны.// Южный Казахстан. № 91(18.475). 30.08.2008 ж.
- «Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Өндіріс капитаны.// Казахстанская правда. №67.15.05.09 ж.