«Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Өндіріс капитаны.// Казахстанская правда. №67.15.05.09 ж.
Өмірде солай болады. Үнемі емес, бірақ болады. «КТЗ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сайдолла Қожабаевтың тағдыры дәл солай болды. Өйткені 2009 жылы ол да, өзі басқаратын Кентау трансформатор зауыты да жарты ғасырлық мерейтойын атап өтеді.
Тағдырдың белгісі осы.
Бүгінгі таңда, Сайдолла Қожабаев басшылық еткен менеджерлердің командасы басқара бастаған кәсіпорынның жағдайы он екі жыл бұрын қандай болғандығын елестету қиын. Бірақ, оның дәл осы өндірістік және қаржы қызметіндегі қомақты тәжірибесі жағдайды жылдам түзеуге, зауытты банкроттық жағдайынан қайтаруға көмектесті.
Сайдолла Ильясұлы бірінші күннен бастап-ақ зауыт жай ғана аман қалмайды, ол дами түседі деген мақсат қойды алдына. Бұл идея бүкіл ұжымды баурап алды. Сонымен зауыттың тарихында жаңа дәуір басталды. Еңбек және маркетингті ұйымдастыруда, қазақстандық өндірістің жаңа қажетті электр техникалық өнімдерін игеруде түбегейлі өзгерістер болды. «ҚазТрансОйл», «ҚазақОйл», «Интергаз», «Қазақстан темір жолы» тәрізді ұлттық компаниялармен ынтымақтастық жасалды. Айналымдағы қаражат пайда болды, олар инновациялық технологияларды енгізуге және станок паркін қиыр және таяу шетелдерден әкелген құралдарымен түгелдей ауыстыруға бағытталды. Техникалық қайта жарақтандыру өндіріс көлемін ұлғайтып, технологиялық үдерістерді жетілдіріп, бір қызметкердің өнімділігін көтеріп, өндірістік бөлімшелердің бәріне әсерін тигізді.
2005 жылы қарашада Кентау трансформатор зауытына келген мемлекетіміздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев зауыттың импорт орнын басудағы, электр машина жасау саласының нығаюындағы рөлін атап өтіп, ұжымның қызметіне жоғары баға берді. Ал отандық өнеркәсіпті дамытуға қосқан үлесі үшін Сайдолла Қожабаев жоғары мемлекеттік марапат - «Құрмет» орденімен марапатталды.
2007 жылы оның басқаруындағы зауыт ТМД-дағы алғашқылардың бірі болып 10 кВА құйылған оқшаулағышы бар трансформаторлардың меншікті өндірісін жөнге келтіре алды. Сипаттамалары жақсартылған, салмақ габариттері төмен, 35 кВ, қуаттылығы 25 000 кВА дейінгі алғашқы күш беретін трансформаторларды өндіретін 7000 м жаңа корпустың құрылысы аяқталды. Ал Түркістанда республикадағы алғашқы 110 кВ класты күш беретін трансформаторларды өндіретін зауыт салынып жатыр.
Жаңадан бастап салынған және іске қосылған кәсіпорындардың барлығы:
- «Alageum Engineering» АҚ-тың жобалық институты;
- барлық облыс орталықтарында қуатты филиалдар желісі бар «Alageum Electric» АҚ-тың (Алагеум Электрик) электр монтаж басқармасы;
- Шымкент қаласындағы металл құрылым зауыты;
- Кентаудағы 35 кВ күш беретін трансформаторлар зауыты;
- Түркістандағы темір бетон тіректерінің зауыты;
- Атыраудағы шкаф құрылымдарының зауыты.
Демек, бүгінгі таңда, трансформатор құралының стратегиялық өндірісі толығымен аяқталған, Республиканың әртүрлі аймақтарында құрылымдық бөлімшелер құрылған. Қазіргі кезде, кәсіпорын жұмыс орындарымен қамти отырып, қала құрылысының жобаларына қатыса отырып, сенімді әлеуметтік кәсіпорын болып табылады.
Және бұнда, бірқатар салаларды алдыңғы қатарлы әлемдік орындарға шығаруға ұмтылған Сайдолла Ильясұлының отандық электр машина жасау өндірісінің дамуына қосқан меншікті үлесін атап өтпеуге болмайды. Сонымен қатар, ол өзінің қоғамдық міндеттерін ешқашан ұмытпайды. Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде аймақтың негізгі мәселелерін шешуге белсенді түрде қатысады.
Сондықтан да, Сайдолла Ильясұлын да, өзі басқарып отырған Кентау трансформатор зауытының ұжымын да жарты ғасырлық мерейтойымен құттықтаймыз, көптеген серіктестер мен достардың тілегі біреу: Сайдолла Ильясұлы осы қарқынымен талантты менеджерлер мен көбейген ұйымдастырушылардың жаңа ұрпағын тәрбиелеуді жалғастырсын, ал ұжымға іске деген мемлекеттік бағыт басты болып табылатын жоғары класты кәсіпқойлар ары қарай да жоғары деңгейлі болуына тілектес.
Текст: Серік Темірғалиев.
«Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Өндіріс капитаны.// Казахстанская правда. №67.15.05.09 ж.