SelfBrandBook
Электр техникалық өнеркәсіп әлі күнге дейін отандық өнеркәсіптік саясатының шалғайында болған. Алайда, республика орталықтары мен аймақтарының жылдам дамуы энергияны тұтынудың қарқынды өсуін тудырды, бұл бірқатар үлкен мәселелерге апарып тіреді. Электр техникасы саласының жағдайы мен болашағы қандай – біздің корреспондентіміз бұл тақырып жайында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ бас директоры Серғазы Нұртазаұлы Күнтуаровпен әңгімелеседі.
- Серғазы Нұртазаұлы, қазіргі таңда, республикада желілер мен құралдардың қатты тозуының есебінен, электр энергиясының үлкен тапшылық мәселесі анағұрлым үлкен мәселе болып отыр. Сіздің пікіріңіз қандай?
– Иә, болжамдар, расында да, көңілді көншітпейді: қолдағы ресурстар сарқа пайдаланылуда, ал электр энергиясын тұтыну деңгейі жылдан-жылға өсіп келеді. Сарапшылардың пайымдауынша, 2008 жылы бұл көрсеткіш Қазақстанда 74–75 млрд кВт/с-қа, 2010 жылы – 84 млрд кВт/с-қа, ал 2015 жылы – 101 млрд кВт/с-қа жетеді. Көшбасшылардың қатарына Оңтүстік Қазақстан облысы да жатады: статистика бойынша, электр энергиясын тұтыну бізде соңғы бес жылда 57 пайызға өсті. Электр энергиясының техникалық құрамдас бөліктері рухани және сырттай ескірді: қорлардың белсенді бөліктерінің тозуы 60-65 пайызды құрайды. Мамандардың пікірінше, станциялардағы желілер мен трансформаторлардың жаңаруы, құралдардың жөндеу жұмыстары мен ауыстыру жұмыстары төменгі қарқынмен және айқын жеткіліксіз көлемде жүргізілуде. Қазірдің өзінде бұл электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ету апаттылығының және төмендеуінің өсуіне әкеп соғады, электр энергетикасында бұл генерацияланған қуаттылықтар мен аралық станциялардың шектен тыс жүктелуін және жеткіліксіз резервтерін тереңдетеді. Сол себепті, жағдай өте ауыр және түбегейлі шешім қабылдауды қажет етеді.
- Сіздің пікіріңізше, Үкіметтің электр энергетикасы саласында қабылдаған шаралары қаншалықты тиімді?
- Мемлекеттің күші мен байлығы біліктілігі жоғары инженерлердің озат техногияларды енгізуінде екендігін бәріміз білеміз. Бұл үшін нақты өнеркәсіп – өңдеу саласына аса көп назар аударылады. Қарым-қатынастарды түбегейлі өзгертіп, отандық тауар өндірушілер импортталатын көліктердің барлық түрлеріне және бізде өндірілмейтін құралдарға заем қаражатын, преференцияларды, салық жеңілдіктерін және ҚҚС-тен босату күйіндегі барынша уақытша жақсы және жеңілдік шарттарын жасау қажет. Бұл аяқтан нық тұрып, дамып, осылайша ертең ДСҰ-ға кірудің қарсаңында бәсекеге қабілетті болу мүмкіндігін береді. Бұдан мемлекетке де пайда бар, өнеркәсіп неғұрлым тиімді түрде ұйымдастырылса, сәйкесінше, салық түсімдері соғұрлым көп және жұмыссыздар аз болады.
Саланың даму қарқыны мен стратегиясы мемлекеттің энергетикалық тәуелсіздігі мен энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл түсінікті: өйткені, экономиканың әрі қарай тұрақты дамуы үшін сенімді энергетикалық базаны құру қажет. Қазақстан халқына жолдаған ақпандағы Жолдауында Елбасы жылдың соңына дейін қолданыстағы электр станциялардың қуаттылықтарын арттыру, жаңа генерациялайтын қуаттылықтарды салу және электр өткізу желілерін жетілдіру бойынша шаралар кешенін әзірлеуге тапсырма берді. Бұл қадамдар аймақтардың өсіп келе жатқан энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Электр энергетикасын ары қарай дамыту үшін 2007–2015 жылдары электр энергетика саласын дамыту бойынша шаралардың Жоспары әзірленді, оған сәйкес қайта құруға, жетілдіруге және кеңейтуге жататын жаңа және алғашқы кезектегі объектілер белгіленген. Энергияны үнемдеу және энергияны тұтыну туралы жаңа заңды қабылдау қажеттілігі де белсенді түрде талқыланып келеді.
Қазіргі уақытта электрмен қамтамасыз етудің техникалық шарттарын алу үшін тұтынушыларға қайта енгізілген қуаттылықтың әрбір киловатына қомақты ақша төлеуге тура келеді, оған қоса, ұсынылған техникалық шарттарға сәйкес бірқатар талаптарды орындау керек, бұған да біраз ақша кетеді. Қаржы институттарының пайыздық ставкалары туралы айтпай-ақ қояйық. Осындай жағдайда шағын және орта бизнес қалай дамымақ?! Таяу уақытта үкіметтік деңгейде тиімді шешімдер қабылданады деп ойлаймын. Әрине, энергияны қажет ететін салаларға инновациялық ресурс құрайтын технологияларды енгізуді қолдау және көтермелеу, экстенсивті энергияны пайдалануды интенсивтіге ауыстыруды жүзеге асыру, адамдардың ойлауын коммуналды-тұрмыстық сектор тұрғысынан ойлауға өзгерту қажет. Бұндай шаралардың бәрі және жалпы, салаға деген назар аударушылық бізге, электр техникасы құралдарының отандық өндірушілеріне сенім, дамудың жаңа векторларын іздеуге және табуға деген құлшыныс, мемлекеттің энергетикалық қуатын нығайтуға өз үлесін қосу талпынысын беретіндігі сөзсіз.
- Кентау трансформатор зауыты – электр машина жасау профильді бірден-бір отандық кәсіпорын. Өнеркәсіпте қандай өзгерістер болып жатыр, оның даму болашағы қандай?
- Иә, «КТЗ» АҚ - республиканың осы саласындағы бір ғана кәсіпорны, бірақ бұл біздің монополист болып табылатындығымызды немесе біздің бәсекеден тыс еңбек ететіндігімізді білдірмейді. Басқа да тауар өндірушілер тәрізді біз де қатаң бәсекелестікті, әсіресе, Ресей, Украина, Белоруссия, еуропа мемлекеттері және әсіресе, Қытай тарапынан болатын бәсекелестікті уайымдаймыз. Сондықтан да біз де рақат өмір жоқ. Негізінен, бұл салалық ғылыми базаның жоқтығымен байланысты. Шын мәнінде, трансформатор жасау ғылымды қажет ететін өндіріс болып табылады. Демек, жаңа трансформатор зауытын салу үшін банктерден несие алу арқылы ақшалай қаражатта табуға болады, технологиялық құралдарды сатып алуға және қажетті ғимарат, құрылыс салуға болады. Бірақ, құрылымдар мен технологияны кез келген инженер-электрик игере алмайды. Бүгінгі таңда, зауыт нәтижелі әрі қарқынды дамып келеді. Бәсекелестіктің жоғарылығы мен қатаңдығын есепке ала отырып, кәсіпорында өндірісті жылдамдату және жан-жақты жетілдіру жүріп жатыр, стратегиялық менеджмент жетілдірілуде, корпоративті мәдениет дамуда. Ең бастысы, біз кеңестік дәуірден қалған ескі шашылуға шақ қалған құралдардан құтылып, оның орнына еуропа мемлекеттерінің жаңа жоғары технологиялық құралдарын сатып алдық. «Alageum group» компаниясының құрылымдық бөлімшесі бола отырып, біздің зауытымыз саладағы озат зауытқа айналып, отандық электр машина жасаудағы сапалы өзгерістерге өз үлесін қосты. Өткен жылдары біз өндірістің көлемін ондаған есеге көтердік, қажетті және экспортқа бағытталған электр құралдарының жүздеген атауларын меңгеріп өндірдік. Біз ТМД-дағы алғашқылардың бірі болып құйылған оқшаулағышы және «Номекс» оқшаулағышы бар құрғақ трансформаторлардың сериялық өнімін меңгеріп іске қостық. Компания кәсіпорындары, шын мәнінде, барлық жаңа және озат өнімдерді енгізудің инновациялық алаңына айналды.
- Жаңа жылдың алғашқы күндерінде бұқаралық ақпарат құралдарында сіздердің компанияларыңыздың базасында жүзеге асырылатын жаңа жоба туралы хабарлама пайда болды. Ол немен байланысты?
- Зауыт 49 жыл бойы орташа кернеуі 6-10 кВ машиналарды өндіріп келеді. Кернеуі 35, 110, 220, 500 кВ болатын құрадарды өндірумен, іс жүзінде ешкім айналысқан жоқ, сондықтан біз бірқатар жылдар бойы кернеуі жоғары электр техникалық құралдардың нарығын асқан дәлдікпен зерттедік. «Кернеуі 35-500кВ болатын күш беретін трансформаторлар мен блокты аралық станциялар өндірісі» жобасын меңгеру бойынша маңызды дайындық жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жоба Түркістан қаласында нақты жүзеге асады, жаңа кәсіпорынды салу туралы ұсынысты үлкен жігерлілікпен қабылдаған жергілікті атқарушы билікпен келісім жасалды. Өнім «YASSY TRANSFORMER» брендімен өндірілетін болады. Бұл аса маңызды мегамашина және бұл өндірісті меңгеру бізге оңай емес. Біз бұны тамаша түсінеміз және Қазақстанды шикізат жабдықтаушысынан ең жоғары технологиялық мемлекетке айналдыру үшін көбіне, өз мемлекетіміздің индустриалды даму болашағы мен энергетикалық қауіпсіздігі туралы ойлануға тиіс екендігімізді білеміз.
- Зауыт салу – бұл оңай іс емес. Бірақ, бәлкім, кадрларды дайындау мәселесі айтарлықтай қиын шығар, өйткені бұл тектес өндіріс Түркістанда алғаш рет пайда болды ғой.
- Зауыт салу үшін, құрал сатып алу үшін көп ақылдың қажеті жоқ. Ал, технологиялық желіні жасап шығару, білікті кадрларды тәрбиелеу және нарықта бәсекелесу екінің бірінің қолынан келе бермейді, сондықтан көбі өндірістен қашады. Республикада энергетика саласындағы біліктілігі жоғары мамандардың тапшылығы айтарлықтай сезілетіндігін мойындау керек, ал трансформатор жасау саласындағы мамандар, тіпті, жоқтың қасы. Кеңестік дәуірде трансформатор жасаудың бірден-бір ғылыми базасы Запорожье қаласындағы Бүкілодақтық трансформатор жасау институты болды, қазіргі таңда бұл институт Украинаның игілігіне жұмыс істеп жатыр. Инженерлік әлеуетті дайындау мақсатында біз жыл сайын орта мектептің түлектеріне насихат жүргіземіз, олардың энергетикалық оқу орындарына түсуіне әсер етеміз. Барлық дамыған мемлекеттер экономикасының даму негізінде жоғары технологиялар жатқандығын біз тамаша білеміз, онда басым орынға инженерлік әлеует ие. Сонымен қатар, мемлекетеміздің даму болашағы, табысы мен экономикасының дамуы инженерлердің – конструкторлар мен технологтардың қолында екендігіне біз сенімдіміз. Генераторлар мен трансформаторлар электр техникасы саласының өзегі болып табылатындығын және бұл өндірістер Кентау қаласында шоғырланғанын және болашақта Түркістанда да ашылатындығын ескере отырып, біз Үкіметке Яссауи ат. ХҚТУ базасында электр энегетикасы факультетін ашып, соның базасында электр энергетикасы мен трансформатор жасаудың қуатты ғылыми-зерттеу институтын ашуға ұсыныс білдірдік. Бұл бюджетті толтыру, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру, өндірісті ғылыммен байланыстыру жоспарында артық еңбек аймақтардың көптеген мәселелерін шешеді, жергілікті жастардың болашағы бар және қызықты инженерлік кәсіпті меңгеруіне көмектеседі.
Жалпы, біздің саламызда мамандарды даярлау аса күрделі. Бұнда арнайы білім қажет, өйткені өндіріс үнемі жаңарып, білікті микропроцессорлы заманауи құралмен жабдықталып отырады. Бәсекелестік қатаңдана түседі, егерде, ертеректе, пайда мен сату көлемінің көрсеткіштері бірінші орында болса, бүгінгі таңда, үздік ақыл, шеберлік және білім үшін күрес жүргізілуде. Инженерлік әлеует пен топ-менеджерлердің рөлі, маңызы әлдеқайда өсті. Кадр әлеуетін сақтау үшін және арттыру үшін біз тартымды әлеуметтік пакет енгіздік, онда қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайына кепілдік беріледі, өзара көмектесу кассасы белсенді жұмыс істейді, қызметкерлер қызметтік автобустың қызметтерін пайдалануда. Зауыт асханасында өзіндік құны бойынша тамақтану ұйымдастырылған. Үздік қызметкерлерді барлық мүмкін болатын кәсіби байқауларға қатыстырамыз және бағалы сыйлықтармен ынталандырамыз. Менің білуімше, басқа кәсіпорындардың басшылары жұмысқа жас әйелдерді, яғни болашақ аналарды қабылдаудан қашады, біз керісінше, оларды көтермелейміз: бала туылған кезде біздегі әйел қызметкерлеріміз жұмыс берушінің есебінен 50 мың теңге көлемінде сыйақы алады.
Өнімнің экспортқа бағытталуын есепке ала отырып, біз шет тілдерін оқуды белсенді түрде көтермелейміз, тегін курстар бар, ал шет тілдерін меңгергендердің жалақысына 20-пайыздық үстеме қосу арқылы ынталандырылады. Кентау қаласы да енетін шағын қалалардың әлеуметтік тартымсыздығын есепке ала отырып, жоғары оқу орындарын тәмамдаған жас мамандар үлкен қалаларда қалып, жылдам ақша тапқылары келетіндігін көреміз. Біліктілігі жоғары мамандарды тарту мақсатында біз 27 жабдықталған пәтер сатып алдық, олар жеңілдікпен өтеу шартына сәйкес жас мамандарға бөлініп беріледі. Осылайша, Құрбан айт күндері бізде қуанышты оқиға орын алды – Компания Басқармасы директорлар кеңесінің төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Сейдолла Ильясович Қожабаев механикалық цехтың слесарі Ж.Арысбаевқа екі бөлмелі пәтерді тегін берді. Оның зауыттағы еңбек өтілі көп емес – небәрі бір жыл, алайда, зауыттың басшылығы талпынысы бар жақсы қызметкерге сыйлық жасауды ұйғарды, бұл жігіт ата-анасыз қалып, үш қарындасының қамқорлығын мойнына алып, тұрмыстық қиындықтарды басынан кешіріп жүрген. Зауытта діндар адамдарға да жағдай жасалған, оларға арналған намазхана бөлмесі бар.
- Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қызметкердің көңіл-күйін көтеруге, еңбектің жоғары өнімділігі болу үшін қызметкерді ынталандыруға қабілетті осы тәрізді өмірде маңызы бар мәселелердің шешімдерінен тұрады. Жұмыс берушінің қайырымдылығы – бұл сән-салтанат емес, уақыттың бұйрығы. Осыны сезе отырып, адамдар өз жұмыстарын бағалайды, барынша пайдалы әсерін тигізе отырып еңбектенеді. Бұдан өндіріс те пайда көреді, «КТЗ» АҚ жыл сайын тауар өнімдерін өндіру көлемінің тұрақты өсуін көрсетіп келеді. Бұл жергілікті биліктің коммуналды мәселелесін шешуге көмектесе отырып, Кентау үшін қаланы құрайтын кәсіпорынға айналды. Айтарлықтай табысқа қалай қол жеткізіп келесіздер?
- Иә, бұл, ең алдымен, темір тәртіп пен күн сайынғы еңбекті қажет ететін еңбек. Халықтың арасында театр ілгіштен басталады деген қанатты сөз болса, онда өндіріске тәртіп пен білікті қызметкерлер тән. Бәлкім, кешігуге болмайды, ішімдік сусындары мен темекіні пайдалануға болмайды деген тәрізді қатаң талаптар бәріне ұнамауы мүмкін, бірақ өндірілетін өнімнің және еңбек өнімділігінің сапасын арттыру дәл осы тәртіпке тікелей байланысты. Жыл сайын, біздің қызметкерлеріміз осының бәрін түсініп келеді, жалақының үнемі көтерілгендігін, жаңа жұмыс орындарының ашылуын көріп қуанады, еңбек етудің жағымды жағдайларында жоғары технологиялы құралдармен жұмыс істеу олардың жанына жайлы. Қаражатын кадрлық, инженерлік әлеуетке инвестициялай отырып, компанияның басшылығы өз өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылуда. Дамудың қозғаушы күштері – бұл алға қарай талпыну, өйткені сәл-пәл босаңдасаң, сені жолдың шетіне лақтырып жіберу мүмкін. Сондықтан да бізде шығармашылық ахуал орын алған, компанияның құрылымдық бөлімшелерінде бизнес процестерді үнемі жетілдіру жүріп жатыр, жаңа техникалық шешімдерді іздеу күшеюде, қызметкерлерді оқыту және халықаралық көрмелерге қатыстыру жүйеге енді. Әрбір қызметкердің шығармашылық әлеуеті бізде барынша іске қосылған, бұл жағымды нәтиже береді – өнімнің сапасы, тұтынушылардың қызмет көрсету деңгейі артуда. Осы сәтті пайдаланып, 35-110 кВ күш беретін трансформатор ды меңгеру және өндіру үшін дарынды, біліктілігі жоғары жобалаушы инженерлерді, конструкторларды, технологтарды және шығармашылық ұжымдарды жұмысқа және бірлескен ынтымақтастыққа шақырамын.
- Осы қыс Кентау үшін де айтарлықтай сынақ болды, бұнда жылу, су, электр энергиясы мәселелері анағұрлым шиеленісіп тұр. Сіздің пікіріңізше, бұл мәселелер қаншалықты нәтижелі шешілді?
- Биыл жылумен қамтамасыз етуде ілгеру басушылық болды деп айтуға болады, жергілікті ЖЭС іске қосылды. Қала билігі бар күшін тұрғындарды жылумен қамтамасыз еуге жұмсады. Бұндай төтенше жағдайларда барлық жұмысты қала Әкімі басқарды. Жарылқасын Тұрабайұлының жеке бақылауымен жылу құбырлары іске қосылды. Десек те, жалпы энергетикалық дағдарыс желпе өшуге әкеп соға берді. Үздіксіз сумен қамтамасыз ету шаралары да жоспарланып отыр. Осының бәрі болашаққа сеніммен қарауға әсер етеді.
- Серғазы Нұртазаұлы, қорыта айтатын болсақ, келген жыл сіздің ұжымыңыз үшін өткен 2007 жылдың тарихынан да нәтижелі болады деген пікірдеміз. Ұжымға жаңа жобаларды жүзеге асыруды, табыс және гүлденуді тілейміз!
Текст: Агия Беркимбаева
«Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Жаңа жобалар - 2008 ж. Дамудың жаңа векторлары.// Сұхбат. 28.01.2008 ж.