SelfBrandBook
«Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Қазақстанда жасалған.// Астана Ақшамы.
Электр техникалық профильді кәсіпорындарды басқару және дамыту үшін «Alageum Group» компаниясында «Alageum engineering» жобалау институты, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «YASSY TRANSFORMER» ЖШС – кернеуі 110-220 кВ (Түркістан) трансформаторларды өндіру зауыты, «Алматы электр механика зауыты» ЖШС, Астана, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал, Қызылорда қалаларындағы «Alageum Electric» (Алагеум Электрик) монтаж басқармалары және Алматыдағы «Казтрансформатор» сауда үйі тәрізді кәсіпорындар құрылды. Бүгінгі таңда, бұл – қазақстандық электр техникалық нарықтың шамамен 70 пайызын қамтыған болағашы бар отандық электр техникалық компания. 35-110 кВ энергетикалық объектілерді және блокты аралық станцияларды жобалаудан бастап, 10-35-110 кВ күш беретін трансформаторлар мен блокты аралық станцияларды өндірумен толықтырып, электр монтажды іске қосу реттеу жұмыстарымен аяқтайтын компания «дайын» қызметтердің толық тізімін орындайтын, кейін сервистік қызмет көрсететін (бұл тұтынушылар үшін тиімді әрі ыңғайлы) Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын болып табылады.
- Осы жылдар аралығында біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік, өндіріс көлемін он есеге көбейттік, - дейді «Alageum Group» компаниясының директоры Нұрмахан Әбдірахманов. – Нәтижесінде, біздің компаниямыз отандық нарықта мықты орынға ие болып қана қоймай, өндірілген өнімнің 50 пайызға жуығын таяу шетел мемлекеттеріне экспорттай алды. Бүгінгі таңда, біздің экспортымыздың таралу шегі – бұл Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Қырғызстан. Біздің өнімдеріміз осы нарықтарда, мәселен, Белоруссия, Украина және Ресей өндірушілерімен сенімді түрде бәсекеге түсіп отыр.
Заң бойынша «Alageum Group» өндірістік кешенінің флагманы – «Кентау трансформатор зауыты» АҚ болып табылады. Посткеңестік кеңістіктегі трансформатор құралдарының алдыңғы қатарлы өндірушілерінің бірі бола отырып, зауыт соңғы 10 жылда қажетті және экспортқа бағытталған өнімнің 300-ге жуық атауын игерді.
- Кентау зауыты құйылған оқшаулағышы бар құрғақ трансформатор өндірісінің толық технологиясын әзірлеудегі бастаушысы және ТМД-дағы қуаттылығы 2500кВА болатын ТСЛ-дің бірден-бір өндірушісі болып табылады, - дейді Нұрмахан Әбдірахманов – жоғары технологиялы құралдарды, заманауи оқшаулағыш материалдарды және құрылымдық шешімдерді енгізудің есебінен зауытымыздың өнім сапасы мен сенімділігі жағынан ТМД-ның көптеген ұқсас өндірушілерінен басым түсуде.
Кентауда аумағы 7000 шаршы метр болатын жаңа корпус салынды, онда кернеуі 35 кВ, қуаттылығы 25000 кВА дейінгі класты күш беретін трансформатордың сериялық өндірісі меңгеріледі. Бұл электр машиналарының алғашқы партиясы ағымдағы жылдың соңында пайда болады. Барлық қиындықтарға қарамастан, Түркістанда кернеуі 110-220 кВ, қуаттылығы 240 МВА класты күш беретін трансформаторларды өндіретін жаңа тым заманауи «YASSY TRANSFORMER» трансформатор зауытының құрылысы басталды, оларды өндіру 2009 жылдың IV тоқсанына жоспарланып отыр. «YASSY TRANSFORMER» (Түркістан) негізінде жалпы өнімділігі жылына 50000 дана болатын СВ – 95, 105, 110, 164 тәрізді темір бетон тіреуіштерінің жаңа өндірісі іске қосылғандығын атап өткім келеді. Сонай-ақ 2009 жылдан бастап Ақтөбеде өнімділігі жылына 4000 дана болатын жаңа зауыттың құрылысын бастау жоспарланып отыр, бұнда өндірілген өнім, негізінен, ресейлік нарыққа бағытталады. Ғылымды қажет ететін бұл жобалар «Alageum Group» компаниясына ішкі нарықты толтырып қана қоймай, сондай-ақ республиканың экспортты әлеуетін ұлғайтуға да мүмкіндік береді.
- Қазақстанды шикізат жабдықтаушысынан ең жоғары технологиялы мемлекетке айналдыру үшін өз мемлекетіміздің индустриалды даму болашағы мен энергетикалық қауіпсіздігі туралы ойлануға тиіспіз, - деп атап өтті «35-220кВ күш беретін трансформатор өндірісі» жобасының жетекшісі Еркебұлан Ильясов. – Осылайша, Қазақстанның электр машина жасау өндірісін General Electric, Siemens, ABB, Schneider Electric тәрізді трансұлттық брендтермен қатар әлемдік деңгейде танытамыз.
«Alageum Group» негізгі бөлімшелерінің бірі – барлық облыс орталықтарында дерлік 7 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан «Alageum Electric» (Алагеум Электрик) монтаж басқармасы. Электр монтажниктер үнемі семинар, кеңес өткізеді, онда өз серіктестерімен, әріптестерімен жасаған жұмыстың қорытындысын жасайды және талқылайды, болашақ жоспарларымен бөліседі. Демек, 2008 жылы 17 қазанда Астанада электр монтаж басқармасының кезекті тұсаукесері болды, оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қазтрансойл» АҚ, «АРЭК» АҚ, «Астанаэнергосервис» АҚ, «Мехколонна-56» ЖШС, «КЭМОНТ» АҚ, «Горэлектросеть» АҚ және т.б. Астананың 20-дан астам алдыңғы қатарлы кәсіпорындары, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігі Энергетика департаментінің мамандары қатысты. Тұсаукесерде компания қызметкерлері фирманың қол жеткізген табыстары туралы айтты, ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің сапасына байланысты мәселелер талқыланды.
Тұсаукесерде электр монтажниктер дамудың жақсы қарқынын көрсеткендігі мәлім болды. Қатаң бәсекелестік жағдайында ағымдағы жылдың 9 айында 3 млрд. теңгеден астам сомаға электр монтаж жұмыстары орындалған. Бүгінгі таңда, Орал қаласында 110 кВ «Зачаганск» аралық станциясында құрылыс жұмыстары мен құралдарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде, мұнда Қазақстан Республикасында алғаш рет «YASSY TRANSFORMER» брендімен отандық өндірістің кернеуі 110кВ қуаттылығы 16000 кВА 2 дана мөлшерінде күш беретін трансформаторларды жеткізу және монтаждау жоспарланып отыр. Осыған байланысты, қазіргі дағдарыс жағдайында ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес отандық тауар өндірушіге тапсырыс берген Батыс Қазақстан облысының әкімі Б.С.Ізмұхамбетовке түсіністік білдіргені үшін, ұлттық сезімі үшін үлкен ризашылық білдіремін.
Қазақстан нарығындағы жаңа құрал - «Alageum Electric» (Алагеум Электрик) брендімен өндірілген төменгі вольтты аппаратура болып табылады, бұл – автоматты ажыратқыштар, коммутациялық модульді аппаратура, контакторлар, кернеу стабилизаторлары, басқару және өлшеу аппаратурасы, монтажға қажет керек-жарақтар мен тағы басқалары. Меншік өндірісіндегі төменгі вольтты құралдарды сату үшін республиканың барлық аймақтарында «Электротехника» дүкендер желісі ашылды.
«Alageum Engineering» жобалық институты тәжірибелі, біліктілігі жоғары кадрлармен жабдықталған, олар 110кВ дейінгі әуе және кабельді желілерді, 110/10кВ, РПК-ТП-10/0,4 кВ ашық және жабық аралық станцияларды, сыртқы және ішкі инженерлік желілерді жобалауды жүзеге асырады.
2005 жылы Ақмола электр жөндеу цехы – бұрынғы «Целинэнергоремонт» ПРП өндірістік базасы сатып алынды. Қазіргі таңда, цех өз бетінше 10-110 кВ, қуаттылығы 63000кВА трансформаторларға жөндеу жасауда, КТП және КТПН тәрізді ауыл және қалаларға арналған жиынтық трансформаторлардың аралық станцияларын, КСО-366, ЩО-70 ұяшықтарын және стандартты емес әртүрлі электр қалқанды өнімдерді өндіруде. Болашақта цех базасының негізінде аймақтық электр жөндеу зауытын салу жоспарланып отыр, оның негізгі қызметі ұлттық компаниялардың қажеттіліктеріне арналған кернеуі 10-220кВ трансформаторларды жөндеу болып табылады. Кәсіпорында техниканың соңғы жаңа түрлерімен жабдықталған реле қорғанысы және автоматиканың меншікті қызметі, ГАЗ-3308 базасындағы жаңа мобильді ЛВИ жоғары вольтті электр зертханасы бар. Үздіксіз және уақытылы жеткізу купесіндегі трансформаторлардан және КРУН-10/0,4кВ қазіргі кезде стратегияның алғашқы нәтижелері – «бір кәсіпорыннан дайын» электр монтаж қызметтерін кешенді шешімінен көрініп жатыр.
ИСО-9001:2000 сапаны басқару жүйесі нәтижелі енгізілді, оның салдарынан ірі ұлттық компаниялармен және шетелдік фирмалармен ынтымақтастық саласындағы жаңа көкжиектер ашылып жатыр. Демек, ынтымақтастықтың кез келген кезеңінде компанияның тапсырыс берушілері мен сатып алушылары білікті қызметтердің толық кешеніне сене алады.
«Alageum Electric» (Алагеум Электрик). Қазақстанда жасалған.// Астана Ақшамы.