Катен Бақытбек. Әлемдік ипотекалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы әлі күнге дейін инвесторлар үшін тартымды болып отыр.// Хабар, «Кешкі жаңалықтар», 3 наурыз 2008 ж. http://www.mediasystem.kz/2008/03
«Қазақстанның жылжымайтын мүлігін инвестициялау» атты 1-ші халықаралық форумда жоғарыдағыдай пайымдау айтылд.
ҚР жылжымайтын мүлік нарығы. Алматыда «Қазақстанның жылжымайтын мүлігін инвестициялау» атты 1-ші халықаралық форум өтіп жатыр. Құрылыс компанияларының қаржыгерлері, экономистері мен бастықтары Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығының инвестициялық тартымдылығы туралы әңгімеледі.
Әлемдік ипотекалық дағдарысқа қарамастан, отандық жылжымайтын мүлік нарығы инвесторлар үшін бұрынғыша тартымды. Бұл пайымдау халықаралық форумда бірнеше мәрте айтылды. Әрине, қазір батыс бизнесмендері өткен жылғы сәуірдегідей асқан табысты күтіп отырған жоқ, бірақ рентабельділіктің қазіргі деңгейі оларды толығымен қанағаттандыратын тәрізді. Көршілес мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның артықшылықтары - саяси тұрақтылығы, заңды қауіпсіздігі, сондай-ақ шетелдіктер үшін жылжымайтын мүлікті сатып алу мен капиталды еркін орналастыру мүмкіндігі деп аталып өтті.
«Cab Invest» (Германия) инвестициялық тобының президенті Марк Лерх: «Әрине, мұнда бұрынғыдай 50-100%-ға дейінгі ойда жоқ табыс табу мүмкін емес. Біздің болжамымызша, рентабельділік 20% шегінде, бірақ бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш».
Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық құрылыс компанияларының күрделі қаржы жағдайына тап болу себебі - бизнесті сапасыз жобалау, тәуекел-менеджментінің жоқтығы және тиімсіз басқару. Бірақ, жіберілген қателіктер тәжірибе жинап, жұмысты жетілдіруге мүмкіндік береді. Қазақстандық құрылыс компанияларына қазіргі кезде капиталдың халықаралық нарығына назар аудару ұсынылды.
Бақытбек Қатен, «Nai Kazakhstan Aristan» консалтинг компаниясының директоры: «Қазақстандық компаниялар капиталдың осы нарығына назар аударып, соған шығып, айтарлықтай дайындықта болулары тиіс, біздің девелоперлік компанияларымыздың – құрылыс салушылардың басты қателігі – халықаралық итституттық инвесторлармен жұмыс істеуге дайын еместігі болып отыр».
Сонымен қатар, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығына 3-5 жыл аралығындағы уақытты емес, одан да кеңейтілген уақыт аралығын алған дұрыс деп есептейді шетелдік форумға қатысушылар. Сарапшылар мәліметі бойынша, таяу 15 жылда Алматы Орта Азия аймағының қаржы және экономика орталығы болмақ. Сондықтан бәсекелестік қатаң түрде жүрмей жатып, халықаралық ойыншылар республикадағы нарықтың үлесін қазірден бастап жаулап алулары керек. Алайда, көрші нарықтардан артта қалып қалмас үшін қазақстандық компаниялар мен мемлекетке де белсенді болуды ұсынып отыр. Саясат Нұрбек, «Қазына» ТДҚ АҚ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас менеджері: «Басқа аймақтардағы жылжымайтын мүлік нарығы белсенді дамып келеді, біз Саратов, Самара, Қытай, Үндістан тәрізді миллиондаған қалалар туралы әңгімелеген болатынбыз, қазіргі кезде жеке нарық инвестициялық тартымдылығын және таяу жерлердегі жылдам дамып келе жатқан нарықпен қалай бәсекеге түсу керектігін ойлануы керек.
Форумда құрылыс пен қазіргі архитектуралық бағыттар саласы бойынша Қазақстанға озат технологияларды импорттау үшін қазақстандық бизнесмендерге бірлескен құрылыс кәсіпорындарын құру ұсынылды.
Катен Бақытбек. Әлемдік ипотекалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы әлі күнге дейін инвесторлар үшін тартымды болып отыр.// Хабар, «Кешкі жаңалықтар», 3 наурыз 2008 ж. http://www.mediasystem.kz/2008/03