«Компания «NEO Азия» ЖШС директоры Р.Б.Исмаиловтан
Қатен Бақытбекке
Ұсыныс хат
Біздің «Компания NЕО Азия» ЖШС «Aristan Project Management Group» ЖШС-ымен 1,5 жыл көлемінде жұмыс істеп келеді. Жоғарыда аталған компаниямен жұмыс істеудегі ең бағалы қасиеті – бұл ұқыптылық, белгіленген жұмыстардың бәрін мерзімінде сапалы орындауы.
«АРМG» ЖШС-ының арқасында біздің компаниямыз Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау тәрізді республикамыздың ірі қалаларындағы дүкендерін белгіленген мерзімде ашты. Болашақта біз «Технодом» дүкенін республикамыздың әр бұрышында ашуды жоспарлап отырмыз, сондықтан
«Aristan Project Management Group» компаниясы бізге бұл жағынан көмектеседі деген ойдамыз.
«АРМG» компаниясында корпоративті клиенттермен ұзақ мерзім ынтымақтастықта болу жүйесі меңгерілген, бұл – құрылыс жұмыстарына келісу, есеп беру, тапсырыс берушіге болашақта пайда болатын қиындықтарды алдын ала ескерту, шығындарды оңтайландыру, тапсырыс берушінің мүлігін ұқыпты ұстау, жоғарыдағылар ең маңызды нәрсе болып табылады және бұның бәрі аталмыш компанияда бар. Компанияның жүйесі тапсырыс берушілерге өте ыңғайлы, яғни, біз үшін бұл таза баға қалыптастыру. Біздің барлық дүкендеріміз «Project Management» әдісімен зерттелінді. Біз «Aristan Project Management Group» компаниясына алғысымызды айтамыз, жұмыстарына табыс және көптеген сәтті жобаларды тілейміз.
Құрметпен, «Компании «NEO Азия» ЖШС Директоры Р.Б.Исмаилов