Олжас Қуанбаев.// Жетісу жауқазындары.
Қуанбаев Олжас 1990 жылы туған, Қарасай ауданы, Алғабас ауылы, әл-Фараби атындағы орта мектептің 6г сынып оқушысы.
Республикалық "Балақай" радио фестивалінің лауреаты.
ТУҒАН ЖЕРДІ САҒЫНУ
Ауасы дертке дауа, жанға шипа,
Жер жетпес, менің туған Барлығыма.
"Көз суы", "жүрек суы", "аяқ суы"
Ауырған әр адамға бірдей дауа.
Таулары Арасанның Алатаудай,
Көзіңе оттай ыстық "Тобылғы сай",
Ауылды қоршағанда биік таулар
Туған жер ортасында жұмыртқадай.
Мен бүгін сағынамын Барлығымды,
Адамын, тауын, тасын - барлығынды.
Кішкентай балалығым қалды-ау сонда
Туған жер, саған шертем жан сырымды.
Олжас Қуанбаев.// Жетісу жауқазындары.
Сканерден өткізілген нұсқасы
Бет 1
Бет 2