Өмірбаяны

Туған күні: 2 ақпан, 1942
Туған жері: Димитров с., Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
Тұратын жері: Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Супиев Тұрған Құрбанұлы -  медицина  ғылымдарының  докторы, профессор, ҚР алдын алу  медицина  Академиясының  академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер-медицина және стоматологияда, стоматологиялық жұмыстарды ұйымдастыруда алдыңғы қатардағы ғалым, қоғам қайраткері, республикада бет-жақ хирургиясында және стоматологияда  ғылым мен білімнің дамуына  үлкен  үлес  қосты.

1959 жылы Жаркент қаласының ұйғыр орта мектебін Алтын алқамен бітіріді. 1965 жылы С.Д. Асфендияров ат.ҚазМҮУ стоматология факультетін үздік бітірді. Сол жылдан бастап  осы уақытқа дейін ғылыми педагогикалық  қызметпен айналысады. 1988 жылдан бастап балалар жасындағы стоматология кафедрасын басқарады. 1972 жылы кандидаттық және 1984 жылы докторлық диссертатция қорғады.
Профессор Супиев Т.К. Университеттің факультет деңгейінің  және денсаулық сақтау министірлігінде және ҚР  ғылым және Білім министірлігінде әр түрлі жұмыстар атқарды. СССР  АМН  стоматология бойынша ғылым кеңесінің мүшесі, стоматология бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі және  ғылым хатшысы, ҚР ДМ бас балалар стоматологы, ҚР  ДМ  Республикалық ғылыми-клиникалық «Стоматология» орталығында ғылыми жұмыс бойынша  бастығтың   орынбасары ҚР Ғылым мен білімді тексеру комитетінде эксперт,  ҚАЗМҰ-дың стоматология факультетінің  білім беру бағдарламасының   комитетінің  төрағасы  қызметтерін атқарды.

Профессор Супиев Т.К. 50-ге жуық  диссертациялық оның ішінде 6 доктарлық  жіне 3 PhD  докторы жқмыстары атқарылды. Сонымен қатар Алматы, Ташкент, Бішкек, Душанбе  диссертациялық кеңестерінің  ресми оппоненті болуда. 400-ден астам ғылыми жұмыстары  жарық көрді, (мақалалар, оқу құралдары, т.б). 20-дан астам ғылыми жұмыстарының жинақтарының бас редакторы болды. «Стоматология мәселелері» журналының негізін қалаушы және бас редакторы, балалар жасындығы стоматология және алдын алу «(Ресей)»  «Стоматологиялық журнал» (Белоруссия) және тағы басқа  журналдардың редакциялық алқа мүшесі. FDI стоматология бойынша Республикалық Халықаралық  және дүние жүзілік ғылыми  форумдарға қатысады (Сидней, Монроль, Сяньшян, Дубай, Стокгольм және тағы басқалары).

СССР «Денсаулық сақтау» үздігі белгісі, Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау министірлігінің, білім беру министірлігінің құрмет грамотасымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы  құрмет грамотасымен марапатталды. 1995 жылы  ҚР алдын алу медицина Академиясының академигі болып сайланды, 2001 жылы «Қазақстанның  ұйғыр меценаттары» клубы лауреат атанды, 2003 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді, 2007жылы  Алматы обылысы, Панфилоф ауданының құрметті азаматы болып сайланды.

Жолдасы Мернисам білім беру үздігі, құрметті демалыста.

Қызы Эльмира  медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Күйеу баласы Бахыт медицина ғылымдарының докторы. Баласы Адиль, медицина ғылымдарының кандидаты. 3 немересі бар.

Ақпараттың соңғы жаңаруы 01.08.2011