SelfBrandBook
Өмірбаяны
Туған күні: 10.04.1951Туған жері: Алматы, Қазақстан.
Тұратын жері: Алматы, Қазақстан.
Тажибаева Ирина Лашкарқызы Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институты директорының орынбасары, Ядролық технологиялар қауіпсіздігі орталығының атқарушы директоры. Қатты дене радиациалық физикасы саласының және радиациалық материалтану саласының маманы болып табылады.
1973 жылы ҚазМУ физика факультетінің ядролық физика кафердрасын бітіріп, ядролық физика кафедрасының радиациялық-гетерогендік үрдістер лабораториясына жұмысқа жіберілді. И.Л.Тажибаева 1984 жылы аспирантураны сырттай бітіргеннен соң Москва қаласында , ССРО ҒА ФХИ-нда «Физикалық химия» мамандығы бойынша «Төменгі энергетикалық гамма сәулелену өрісінде сутегінің палладийде, никельде және армко-темірдегі диффузиясы» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты дипломын алды. 1986 жылы ССРО ЖАК шешімімен И.Л.Тажибаеваға аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы берілді.
1988-2000 жж. И.Л.Тажибаева ядролық энергетикалық қондырғылар конструкциялық материалдары лабораториясын басқарды және көптеген шаруашылық келісімдік және бюджеттік тақырыптардың басшысы болды.
1992 жылы ҚазМУ ТТФ ҒЗИ құрылғаннан соң И.Л.Тажибаева осы институтта ғылыми хатшы қызметін атқарды, кейін директор орынбасары, ал 1996-2000 жж. әл-Фараби атындағы ҚазМУ ТТФ ҒЗИ директоры қызметінде жұмыс істеді. Әкімшілік қызметімен қатар ғылыми және педагогикалық жұмыстармен айналысты, шаруашылық келісімдік және бюджеттік бағдарламалар арқылы атқарылатын тақырыптардың жетекшісі болды, ядролық физика және қатты дене физикасы кафедралары студенттерінің курстық және дипломдық жұмыстарын басқарды.
1998 жылдың қаңтар айында И.Л.Тажибаева ҚР ҰЯО ЯФИ-нда «Иондаушы сәулелену өрісінде конструкциялық материалдардағы сутегі тасымалы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады, «Қатты дене физикасы» мамандығы бойынша физика-математика докторы ғылыми дәрежесіне ие болды.
1998 жылы бірлескен Қазақстандық-Америкалық ядролық технологиялар қауіпсіздігінің орталығы құрылуымен (ЯТҚ ҒТО) Тажибаева И.Л. осы орталықтың атқарушы директоры қызметін атқарды. Осы қызметте ол Республикамызға маңызды көптеген бағыттар бойынша жұмыстарды үйлестірді, атап айтсақ – Қазақстанға халықаралық көмек шеңберінде Ақтау қаласындағы БН-350 реакторын қауіпсіз істен шығару, радиациялық қауіпсіздік бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру, ядролық материалдарды бақылау және есепке алу және ядролық қарудың таралуын болдырмау бағдарламалары. Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің Қазақстанмен байланысты бағдарламаларының белсенді қатысушысы бола тұра ол осы орталықты әлі де басқарады. 2003 жылы ол атом энергетикасы және өнеркәсібі объектілерін істен шығару бойынша Қазақстан Республикасының Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттігіндегі өкіл-эксперті болып ресми түрде тағайындалды.
1999 жылы оған профессор атағы берілді.
2000 жылы Тажибаева И.Л. ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директорының орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметте ол БН-350 реакторын істен шығару жұмысына, термоядролық реактор құру бойынша халықаралық бағдарлама Халықаралық тәжірибелік термоядролық реактор (ХТТР) және оны құру жөніндегі Қазақстанда жүргізілетін жұмыстарға жетекшілік етті.
2006 жылдан осы кезге дейін И.Л.Тажибаева ҚР ҰЯО Атом энергиясы институты директорының термоядролық зерттеулер бойынша орынбасары қызметін атқаруда, осы қызметте ол Қазақстандық материалтанымдық реактор –токамак КТМ құру жобасының ғылыми жетекшілігін орындауда.
И.Л.Тажибаева ғылыми-педагогикалық қызметте 36 жыл жұмыс істеді. Осы уақытта ол 200 баспалық жұмыстарын жариялады, оның ішінде – 2 оқулық (ядролық физика бойынша арнайы практикум және магистрлерге арналған методологиялық оқулық), екі аналитикалық шолу, екі өнертабысқа авторлық куәлік, үш монография (біреуі ағылшын тілінде жарияланған). Ол ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып табылады және ХТТР мәселелері бойынша, ядролық энергетикалық қондырғылар материалдары бойынша, ядролық реакторларды істен шығару бойынша көптеген халықаралық конференциялардың қатысушысы болып табылады.
2006-2008 жж. әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нде лекциялар оқыды және PhD бағдарламасы бойынша диссертациялық жұмыстың жетекшісі болды. И.Л. Тажибаева жұмыстарын сәтті қорғап шыққан 4 кандидаттық диссертация және бір PhD диссертациясының жетекшісі болып табылады.
И.Л. Тажибаева «Plasma Devices and Operation», «Вопросы Атомной Науки и Техники, сер. Термоядерный синтез» халықаралық журналдарының редакциялық коллегиясының мүшесі болып табылады.
2006-2008 жж. И.Л. Тажибаева «Ғылым бейбітшілік үшін» НАТО эксперттік комитетінде Қазақстан атынан ресми өкіл қызметін атқарды.
2009 жылдан бастап Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің термоядролық синтез бойынша кеңесінде Қазақстанның ресми өкілі болып табылады.
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ядролық орталығының басқарма төрағасы болып табылады.
ҚР Ғылымдар академиясы министрлігінің, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, ҚР ИЖТМ Атом энергиясы бойынша комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
2007 жылы «ҚР Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» алтын медалімен марапатталды.
Ағылшын және француз тілдерін жақсы меңгерген (арнайы әдебиетті оқиды, аударады, ауызекі тіл).
Ақпараттың соңғы жаңаруы 05.07.2011