Өмірбаяны

Туған күні: 20 тамыз 1948 ж.
Туған жері: Қаскелең қ., Алматы облысы.
Қазір тұратын жері: Алматы қ. Қазақстан.

Аманов Батырбай «Қазгеокарт» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры.

Аманов Батырбай басшылығымен ҚР мен ҚХР мемлекеттік шекарасын демаркациялау тәмамдалды.

Ол демаркациялау бойынша далалық жұмыстарды ұйымдастырумен тікелей айналысты әрі шекаралық белгілерді шекара линиясында орнатуға далалық қадағалауды дара өзі жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасының Үкіметтік делегациясының құрамында Аманов Б. А. Қазақстанның Қырғызстан мен, Россиямен, Өзбекстан мен Түркіменстанмен мемлекеттік шекарасын делимиттеу бойынша келіссөздерде белсенді қатысты. Келіссөздер барысында шекара линиясының өтуі бойынша Қазақстан Республикасының позициясын бірізді әрі принципиальді табандады.

2005-2008 жж. периодында қазақстан-өзбек пен қазақстан-түркімен мемлекеттік шекараларының күрделі физикалық-географиялық пен климатикалық жағдайларында  далалық демаркациялық жұмыстарды дара өзі ұйымдастырды әрі басшылады.

Осы жылдың басынан бастап Аманов Б. басшылығында әлемдегі ең созылғандардың бірі  – 7500 км артық, қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын демаркілеу бойынша жұмыстар орындалуда.

Қазақстан Республикасының 2008ж. 11 қаңтардан №8 Үкіметінің Қаулысымен Аманов Б. Қазақстан Республикасының Қырғыз Респбуликасымен, Россия Федерациясымен, Түркіменстан мен Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын демаркациялау бойынша ҚР Біріккен комиссияларында үкіметтік делегация басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Өзінің еңбек тірлігін КСРО АШМ Орта азия аэрофото геодезиялық кәсіпорынының, кейіннен ҚР жерлі қатынастар мен жерге орналастыру жөніндегі Мемлекеттік комитетінің Мемлекеттік ауылшаруашлық аэрофотогеодезиялық ізденулер институтының техникшісі жұмысынан бастады, онда 2000 жылға дейін жұмыс істеді.

Жұмыс уақытында оның мансабы мынандай сатылармен көтерілді:
  • 2000 ж. Аманов Б. «Қазгеокарт» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры мансабына тағайындалған.1971 жылы партияның бастығы.
  • 1994 жылы – МААІИ директоры мансабына тағайындалған.
  • 1985 жылы – әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.
  • 1979 жылы экспедиция бастығы.
  • 1979 жылы бас инженер.

Аманов Батырбай кәсіпорын ұжымы мен саланың топографты-геодезиялық пен картографиялық өндірісі мамандарының арасында лайықты беделге ие.

Аманов Батырбай – адал, инициативті, өндірісті жақтаушы маман. Екі қыз тәрбиелеген, өнегелі отбасы.

Білімі:

  • 1978 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын табысты бітірді.
  • 1968 жылы Алматы №8 гидромелиоративті техникумын бітірді.

 

Ақпараттың соңғы жаңартылуы 10.07.2009