Өмірбаяны

Туған күні: 1 қазан 1964 ж.
Туған жері: Қызылорда қ., Қазақстан.
Қазір тұратын мекені: Алматы қ., Қазақстан.

Дәулетбаев Дамир Абайділдәұлы Алматы медицина колледжінің директоры қызметін атқарып келеді.

  • 2003-2007 жж. Қызылорда облыстық маслихатының депутаты болып сайланды, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды.
  • 2002 жылы 14.00.27-хирургия мамандығы бойынша «Гастро-эзофагеалдық рефлюкстік аурудың диагностикасы мен хирургиялық емі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
  • 1995 жылы 14.00.27-хирургия мамандығы бойынша «Жараның орналасуына қарай асқазанның шырышты қабатының клинико-морфологиялық өзгерістері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

Дәулетбаев Дамир 1 монография, 72 басылымдық жұмыстың авторы.  Оның жетекшілігіммен 4 кандитаттық диссертация қорғалды.

Дәулетбаев Дамир Абайділдәұлы 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы медицина колледжінің директоры қызметін атқарып келеді.

  • 2006-2008 жж. А.Н. Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталығының өңеш, асқазан және көкірек аралық хирургия бөлімінде бас ғылыми қызметкер болған.
  • 2005-2006 жж. Қазақстан медицина университетінде ғылыми кеңесші болып қызмет атқарды.
  • 2003-2005 жж. Қызылорда облыстық медициналық орталығының директоры болды.
  • 1999-2003 жж. Қызылордада облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы болды.
  • 1997-1999 жж. А.Н. Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталықтың күндізгі бөлім доторантурасында өңеш, асқазан және көкірек аралық хирургия бөлімінде оқыды.
  • 1991-1993 жж. Қызылорда облыстық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болды.
  • 1988-1991 жж. Анестезиология және реаниматология бөлімінде реаниматолог – анестезиолог дәрігер, әрі Қызылорда облыстық ауруханасында 0,5 ставкада хирург болып жұмыс атқарды.
  • 1987-1988 жж. Қызылорда облыстық ауруханасында балалар хирургиясы бойынша интернатурадан өтті.

Білімі:

1981 жылы Ақтөбе мемлекеттік институтына түсіп, 1987 жылы дәрігер – педиатр мамандығы бойынша бітірді.

Мәскеуде, Ленинградта, Жапонияда, Германияда мамандану курстарын өтті.

Отбасылық жағдайы:

Үйленген, 3 бала 2 немере тәрбиелеп отыр.

Ақпараттың соңғы жаңартылуы 16.06.2009 ж.