SelfBrandBook
Өмірбаяны
Туған күні: 7 желтоқсан, 1959 ж.Қазір тұратын мекені: Алматы қ. Қазақстан.
Мамиров Хакимжан Сулайманович 2001 жылдан бастап қаланың супермаркеттері мен басқа да объектілерінде локалды теледидар жүйелерін әзірлеп, енгізген бірінші қазақстандық компания «Дисплейинтермедиа» ЖШС негізін қалаушы әрі басшысы қызметін атқарады. Компания әзірлеген технология телевизиялық-жарнамалық коммуникацияларды дамытудың жаңа бетін ашты. «LTVS dimedia» сандық технология локалды теледидар саласындағы қазақстандық бірегей жоғары сапалы өнім болып табылады.
Еңбек жолы:
- 2001 жылдан бастап «Дисплейинтермедиа» ЖШС басшысы қызметін атқарады.
- 1998 жылы Алматы қаласы Әкімшілігінің Визуалды ақпарат және жарнама жөніндегі қалалық басқармасы бастығының орынбасары.
- 1997 жылдан 1998 жылға дейін - «Қазақойл» Ұлттық компаниясының Президенті ақпарат қызметінің басшысы.
- 1989 жылдан 1992 жылға дейін - «Катарсис» киностудиясының бас редакторы, кейіннен бас директоры.
- 1983 жалдан 1988 жылға дейін - фильмдер дубляжы цехі бастығының орынбасары;
Еңбек жолын Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында конструктор инженер қызметінен бастаған.
Әуестігі, қызығушылығы:
Көркем сурет, футбол.
Өмірлік ұстанымы:
Өмірде мейірімді, адал, өнегелі болу.
Істе жоғары біліктілік танытып, жұмысты сапалы орындау.
Табыстылық формуласы:
Өз мақсатына сенімділік әрі еңбекқорлық, үнемі білім жетілдіру.
«Дарын иесі ешкімнің қолынан келмейтінді істей алады,
Кемеңгер ешкім көрмегенді көре алады...»
Білімі:
1992 ж. Донецк қаласындағы (Украина) Халықаралық бизнес академиясын жарнама, маркетинг мамандығы бойынша тәмамдаған.
1982 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған. Мамандығы - машинажасау технологы.
Ақпараттардың соңғы жаңаруы 15.02.2010