Өмірбаяны

Туған жылы: 1968 жыл 21 маусым
Туған жері: Талдықорған облысы, Қарабұлақ ауылы
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы

 Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Төмендегідей мерейтойлық медальдармен марапатталған:

Қалалық Карате-До федерациясының президенті (1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының спорт шебері).

Алматы қаласының Алмалы ауданы мемлекеттің ірі мегаполисінің дәл ортасында орналасқан, бұнда қол ұшы тимеген көне стильдегі үйлер мен ғимараттар, Қазақстан тарихының көптеген ескерткіштері сақталған. Дәл осы жерден Алматының анағұрлым жарқын ерекше рухын, оңтүстік мегаполистің күрделі әрі мақсатты сипатын сезінуге болады.

Бұндай ауданды басқару – үлкен жауапкершілік және бұл жауапкершілікті Марат Үсенұлы Пірінбеков тамаша түсінеді. Әкім әлеуметтік-техникалық инфрақұрылымды одан ары дамыту, өмір сүрудің және бизнес жүргізудің ыңғайлы шарттарын жетілдіру тәрізді басым міндеттерді алға тартуда. Алға қойған міндеттерді орындай отырып, аудан халқының маңызды мәселелерін шешіп, халыққа пайдасын тигізуге ұмтылады. Әкімнің толық жұмыс кестесінде көптеген жұмыстар бар: азаматтармен кездесу, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің және коммуналдық қызметтердің өкілдерімен тексеру жүргізу, бұл ауданның тіршілігін қамтамасыз ету деңгейінің көтерілуіне жақсы әсер ететіндігі сөзсіз.

Тәртіпке деген сүйіспеншілік ауданның тұрғындарына аудандағы санитарлық жағдайдың толығымен өздеріне байланыстылығы туралы идеяны жеткізуге итермеледі. Осы мақсатта ол тұрғындардың туған қалаларына деген патриоттық сезімін, сыртқы жабдықтау элементтеріне деген ұқыпты қатынасын туғызған «Алмалылықтар» атты жобаның бастамашысы болды. Бұл идея іргелес аумақтарды жабдықтау және көгалдандыру мәселесін шешуге алмалылықтар, халық, әсіресе, жастар белсене қатысты. Жобаны жүзеге асырудың арқасында Алмалы ауданының күтім жасалған әрі жайлы аулалары, гүлзарлары мен саяжолдары барша алматылықтар мен қаламыздың қонақтары үшін сүйікті орындарға айналды.

Алмалы ауданының әкімі қызметін атқарып жатқан кезеңдегі ең маңызды іс – халықтың тіршілігі үшін жайлы жағдай жасау, тіршілік етудің сапалы жаңа ортасын қалыптастыру деп есептейді Марат Үсенұлы Пірінбеков. Тіршілік ету үшін жайлы жағдайды тиімді жасау кешенді шешімді қажет ететіндігін есепке алатын болсақ, бұл мақсатта көп нәрсе жүзеге асырылып жатыр.  Коммуналдық қызмет жұмыстарын сапалы әрі уақытында, еш қателіксіз орындайды. Ауданда өнеркәсіптік салада әрекет ететін 438 кәсіпорын, оның ішінде 29 ірі және орта кәсіпорындар (21 компанияның ИСО сапа менеджменті бар) жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға мүмкіндік береді және мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерін қамтамасыз етеді, бұл Алмалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымды әсерін тигізеді.

Әкім қызметінің маңызды бағытының бірі – шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты мәселелердің бірқатарын шешу болып табылады. Бүгінгі таңда, кәсіпкерлік болашақтағы әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызды иінтірегі болатын ауданның экономикасын дамытуда үлкен рөл атқаруда. Ауданда ауданның салық түсімдері салық төлемдерінің 61,8%-ын қамтамасыз ететін шағын бизнестің 5562 субъектісі және 10 657 жеке кәсіпкерлік әрекет етеді.

Қазіргі кезде Марат Үсенұлы Пірінбековтың басшылығымен санитарлық тазалық пен жабдықтау бойынша еңбек жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін Алмалы ауданы үшін алғашқы «Мастер хаус» жобасы әзірленіп жатыр.

Алмалы ауданының орталық бөлігінде нағыз тарихи орталық бар. Аудан әкімі тарих және архитектура ғимарат-ескерткіштерін сақтау ісіне белсенді түрде қатысуда. Сонымен бірге, ауданда құрылыс жүріп жатыр, ауданның ансамбіліне біртіндеп заманауи тұрғын үй және кеңсе ғимараттары үйлесімді түрде еніп келеді. Сондай-ақ құрылыстың озық технологиялары пайдаланылуда әрі әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым тұрғызылуда.

Әкім қызметінің сөзсіз басымдылықтарының бірі – білім беру. Бұл салада білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, мектептерді заманауи құралдармен жабдықтау, білім берудегі көшбасшыларға – инновациялық мектептерге, үздік оқытушыларға, дарынды жастарға рухани және материалдық қолдау көрсету жобасында маңызды жағымды нәтижелерге қол жеткізілді. Өзінің алғашқы міндетінің жүзеге асқандығын Марат Үсенұлы Пірінбеков аудан мектептері бейнесінің формасы жағынан да, мазмұны жағынан да өзгергендігінен байқап отыр. Мектеп міндетті білім беру орталығы ғана емес, сондай-ақ шығармашылық және спортпен айналысу орталығы болуы тиіс.

Бүгінгі таңда халықтың денсаулығы әлеуметтік аман-есендіктің өлшемі ғана емес, сондай-ақ ұлттық беделдің пәні болып табылады. Аудан әкімі бұл мәселеге айтарлықтай күшті назар аударады. Жоғары кәсіби деңгейдегі спортшылар мен халықты дене шынықтырудың және спорттың көптеген түрлеріне тартудың арасында тікелей байланыс бар. Алмалы ауданында балалар-жасөспірімдер спортын дамыту, қазақстандық жеңіл атлетика, күрес, ат спорты дәстүрлерін, сондай-ақ шығыс жекпе-жегін қайта өркендету үшін көп нәрсе атқарылып жатыр.

Алмалы ауданының әкімі өмірдегі барлық ауқымды жобаларды орындау үшін инвестиция қажет дегенді сенімді түрде айтады. Салымды қажет ететін бағдарламалар мен жобалар тізімі өте көп. Демек, инвестиция коммуникациялық тасжолдарды оқшаулау үшін қажет. Мегаполистің тарихи орталығында көлікті қаңтару проблемасы бүгінде өзекті болып отыр. Оны шешу үшін жерасты және механикалық қаңтарма (бұл объектілердің орындары белгіленген) жобаларын жүзеге асыруға тағы да қаражат қажет. Басқару кадрларының біліктілігін арттыруды қалыптастыру қажеттілігі бар. Осы мақсатта ауданда қызметкерлердің кәсібилігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл мәселеде де, маңызды компанияларда, консалтинг агенттіктерде және т.б. кадрларды оқытуды сеніп тапсыру мүмкіндігі үшін инвесторларды қатыстыру керек.

Еңбек қызметі

  • 1992-1994 жж. – Алматы қаласының ОРПО жүйесінде жұмыс істеді.
  • 1994-1997 жж. – Алматы қаласы Кеңестік аудандық әкімшілік, сауда бөлімінің меңгерушісі.
  • 1997-2008 – Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары.
  • 2008 - бүгінге дейін – Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі.

Кеңес аудандық әкімшілікте және Алмалы ауданы әкімдігінде жұмыс істеген жылдары Марат Үсенұлы жігерлі, жаңашыл ойлайтын басшы беделіне ие болды.

Жұмыс барысында ие болған құнды шеберліктер ауданның құрылымдық күштеріне сүйене отырып, жұмыс істейтін команда құруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, әкім өзін ымырасыз басшы және қаланың өзекті, соның ішінде әлеуметтік мәселелерді шешудегі жақсы экономист ретінде көрсетті. Халыққа сүйіспеншілікпен қарау және құрметтеу әрі тіпті, ең күрделі мәселелерді шешу үшін барынша мүмкіндік жасауды зерделеу оның табысты қызметіне көмектесуде. Бұл ең қажетті басты нәрсе – мемлекеттің даму идеясына еніп, сол бағытта қызмет ету.

 Білімі

  • 2010 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының «Құрылыс» мамандығын тәмамдаған.
  • 1996 жылы Қазақ басқару академиясында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына ие болды.
  • 1998 жылы Қырғыз мемлекеттік университетінің «Юриспруденция» мамандығын тәмамдады.
  • 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын қызыл дипломмен бітіріп, экономист біліктілігін алып, аспирантураға қабылданды.
  • 1986 жылы Кеңес армиясының қатарына шақырылады. Әскери борышын ГХР Дрезден қаласында Үкіметтік байланыстың механик әскери бөлімінің командирі лауазымында өткерді. 1988 жылы институттағы оқуын жалғастырды.
  • 1985 жылы Телман (Талдықорған ауданы) атындағы орта мектепті бітіріп, Алматы халық шаруашылығы институтының жобалау-экономикалық факультетіне түседі.

Мектепті сәтті аяқтаған Марат Үсенұлы Пірінбеков Халық шаруашылығы институтының жоспарлау-экономикалық факультетінің «ауыл шаруашылығын жоспарлау экономисті» мамандығын таңдап, таяу арада қызыл дипломмен тәмамдайды. Марат Үсенұлына Ломоносов атындағы ММУ, Плеханов атындағы институттың дипломдары бар оқытушылар үлкен әсерін тигізді. Олар студенттерге экономикалық ғылымдарды үйретіп қана қоймай, сондай-ақ өмірге деген көзқарасты, болашақта жұмыс істеу шеберлігіне, болашағыңды нақты елестетуді үйретті.

Халық шаруашылығы институтындағы оқу Марат Үсенұлы Пірінбековке классикалық, академиялық білім беріп қана қоймай, сондай-ақ ересек өмірге жолдама берді. Соңғы курстарда оның аспирантураға қалып, кандидаттық диссертациясы жұмысын бастауды ұсынды. Ғылыми ізденістермен айналысқан тәжірибесін жинақтай келе Марат Үсенұлы аспирантураның ақылмен тиімді жұмыс істеуіне, қысқа мерзімнің ішінде әртүрлі салалардағы білімді меңгерудің қалыптасқан қажеттілігіне үйретті деп атап өтеді. Жалпы, жоғары оқу орнындағы әлем Марат Үсенұлына сенімді достар, экономика деген ұлы ғылым туралы білім беріп, кез келген уақытта да өмірді сүюіне үйретіп, әлемнің ауқымды елестерін берді.

Мамандық бойынша алған екінші дипломы - «юриспруденция», оны Марат Үсенұлы мемлекеттік құжатта істеп жүріп алды. Алған білімі құқықтық алаңда дұрыс бағыт таңдауға, заң рухына және әріптеріне сәйкес қатаң қызмет етуге көмектеседі.

Оқу мен жұмыс барысында алған берік іргелі кәсібилігін Марат Үсенұлы барлық салада көрсете біледі. Демек, қала құрылысы саласында ол 2010 жылы бітірген Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясынан алған біліміне сүйенеді.

Әуестігі

Марат Үсенұлының әуестігінің бірі каратэ болып табылады. Карате өнері – бұл жан-жақты білім, сондай-ақ эстетикалық құрамының да атқаратын рөлі жоғары. Күрес өнерінің бұл түрі дене және рухани дамуға, өзін-өзі жетілдіруге негізделген.  Каратэ тұлғаны тәрбиелейді, адамды өмірдің қиындықтарына төтеп беруге дайындайды, үлкендерге құрметпен қарауға, адамдарға және қоршаған ортаға мейірімділікпен қарауға үйретеді. Марат Үсенұлы бұл саладағы барлық табыстарын спорт шебері атағына ие болған ұлына арнайды. Әкесінің үлгісі бойынша ұлы каратэмен шынайы айналысып, Қазақстанды әлем чемпионатында лайықты түрде көрсетіп, жұрт алдында жоғары сатыға көтерді. Күрделі күресте ұлының каратэден әлем чемпионы титулына ие болуы – әкесі үшін үлкен мақтаныш.

Соңғы жылдары жекпе-жек балалар мен жастар арасында кеңінен жайылып, сенімді түрде алдыңғы қатарлы орындарға ие болып келеді. Каратэ жеңісі жастардың дене-бітімінінің жетілуінде, олардың керемет сезімін тәрбиелеуде алатын орны күшті. Осыны түсіне отырып, Марат Үсенұлы өскелең ұрпақтың шығармашылық күші мен қабілеттіліктерін айқын көрсету мақсатында каратэны белсенді түрде дамытып келеді. Бүгінгі таңда ол Қалалық Карате-до федерациясының Президенті болып табылады.

Марат Үсенұлының каратэден басқа да бірталай қызығушылықтары мен әуестіктері бар. Ол көзбе-көз тілдесуді өте жоғары бағалайды, қызықты әңгімелесушіге әрдайым риза. Оның өмірінің ажырамас бөлігі – ойландыратын және оқығандарды зерделейтін кітаптар болып табылады. Сондай-ақ, бәрінен бұрын құжаттамалық проза жанрын – ұлы отандастарының және есімдері әлемге әйгілі тарихи қызметкерлердің шығармаларын анағұрлым жоғары бағалайды. Музыка шабыттанудың, көңілді жайландырудың және бояулар мен дыбыстардың үздіксіз елірушілігінің бастауы. Ол мейірімді көңіл-күй, өмір сүруге, сүюге, шығармашылықпен айналысуға, өмірді жақсы жағына өзгертуге құштарлық сыйлайды. Қазақ халық музыкалары, самал жел мен жүйрік тұлпардың дауыстары естілетін күйлері дәл осындай қабілеттерге толықтай ие. Біздің ата-бабаларымыз өмірдің көп қырлылығы мен қайталанбастығын музыкада бейнелей білген дейді Марат Үсенұлы Пірінбеков.

Отбасы

Марат Үсенұлы Пірінбеков – адал жар, қамқор әке. Сенімді пікірлесі әрі дана кеңесшісі – жұбайы екеуі үш баланы тәрбиелеп отыр.

Балаларды тәрбиелеу мәселесінде Марат Үсенұлы балаларына таңдаудың толық еркіндігін береді, өйткені балалары арасындағы қарым-қатынас – сенімділікке және өзаратүсіністікке негізделген.  Балалардың бойындағы мақсаттылық, патриотизм және өз-өзіне деген сенімділік қасиеттерін тәрбиелеген маңызды. Марат Үсенұлы мен оның жұбайы үшін өмір жолындағы таңдау мәселесінде балалардың өзіндік жетілгені маңызды.

Ақпараттың соңғы жаңаруы 23.05.2011