SelfBrandBook
Өмірбаяны
Ильясов Еркебұлан Сайдоллаұлы
Туған күні – 1985 жыл 23 қазан.Туған жері – Түркістан, Оңтүстік Қазақстан облысы.
Тұрғылықты жері– Алматы қ., Қазақстан.
Ильясов Еркебұлан Сайдоллаұлы – «Alageum group» компаниясы Директорлар Кеңесінің төрағасы, «Alageum Electric» компаниясының коммерциялық директоры, GR club төрағасы.
Күш-жігері мол басшы энергетиктер әулетінде дүниеге келген, жаңа кәсіпорындардың қалай құрылатынын, зауыттардың қалай ашылатындығын бала кезінен көрген, «Alageum Group» компаниялар тобына енетін «Alageum Engineering» жобалау институты» акционерлік қоғамы, Алматы электрмеханикалық зауыты, «Қазтрансформатор» сауда үйі, «Yassy Transformer» тәрізді кәсіпорындарды құру кезінде барлық келіссөздер барысына бала кезден бастап қатысқан. Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің энергетика саласындағы шоғырланған үдерістерді дамытуға қосқан үлесі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Электр энергетикалық кеңесінің Дипломымен, Қазақстан Ұлттық Экономикалық палатасы «Атамекен «Одағы» Президиумы Төрағасының алғысхаттарымен марапатталған.
Еркебұлан Ильясов энергетиктер әулетінде дүниеге келген. Тұлғаның тағдырын көбіне отбасындағы білім, дағдылар, сапалар анықтайды. Еркебұлан жақындары мен туыстарынан сүйіспеншілік, қамқорлық, әлемді танудың алғашқы тәжірибесін ғана емес, сондай-ақ өзінің кәсіби жолының бағытын да алды. Энергетиктер әулетінде 5 бала бар. Отбасы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында тұрып жатқан кезде Еркебұлан екінші болып дүниеге келген екен. Шымкент қаласында орта мектепке барады, орта білім туралы аттестатты Тұран университетінің жанындағы Тұран жеке лицейін тәмамдап, Алматы қаласынан алған.
Жоғары оқу орнын таңдауға көбіне энергетикалық тұрғыдан дамыған елдің болашағы зор деген қиял әсер етті. Еркебұлан Алматы энергетика және байланыс институтының «инженер-электрмеханик» мамандығына түсіп, оқуын сәтті аяқтады. Еркебұлан энергетикалық саланы толығымен түсіну үшін оның қалыптасқан жерінен тәжірибеден өту керектігін түсінді, сондықтан да оқуды жұмыспен бірге алып жүремін деген мақсатпен Алматы электрмеханикалық зауытына монтаждаушы болып орналасты. Жазғы демалыс кезінде Кентау трансформатор зауытында тәжірибеден өтті. Жоғары курсқа келгенде Еркебұлан болашақ жұмысына аса қажетті мамандандырылған пәндерге баса назар аудара отырып, энергияны қайта бөлу өнерін меңгеріп алды.
Еркебұлан Ильясовтің өміріндегі тағы бір маңызды оқиға – оның дипломдық жобасы болды. Тақырыбы – трансформатор салудағы болашағы бар әрі жаңа бағыт «Кернеуі 35-110-220 кВ күшті трансформаторлар». 50 жыл бойы Кентау трансформатор зауыты қуаты аз трансформаторлар өндіріп келген, сондықтан да Еркебұлан қызығушылық танытты, түбінде басшылық мақұлдады. Жоба сәтті жүзеге асты, сөйтіп Еркебұлан басшы ретінде тәжірибе жинақтай бастады.
Кейінгі екі жылда Еркебұлан трансформатор жасау саласындағы білімі мен дағдыларын жетілдіре отырып, Алматы электрмеханикалық зауытында қызмет етті, Еркебұлан құрамына Алматы электрмеханикалық зауыт енетін «Alageum Group» басқарушы компаниясына бас директордың орынбасары қызметіне ауысты.
«Alageum Group» компаниясы электртехникалық өнімді жобалау, өндіру және монтаждау бойынша маманданған төмендегі бірқатар тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорындардың активтерін басқарады: «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, Кентау қ., «Алматы электрмеханикалық зауыты» ЖШС, Алматы қ.
Бас директордың орынбасары қызметін, содан кейін «Alageum Group» басқарушы компаниясындағы филиалдардың Директорлар Кеңесі төрағасының орнын иеленген Еркебұлан Ильясов GR (Үкіметпен байланыс) қызметін меңгере бастады. Жаңа зауыттар мен цехтардың құрылысы, жаңа өндірістік қуаттылықтарды іске қосу, жаңа мамандарды тарту, Мемлекеттік жылдамдатылған индустриалдандыру бағдарламасына қатысу жөніндегі «Alageum Electric» компаниясының кең ауқымды қызметі – бұның бәрі Үкіметпен, елдің мемлекеттік құрылымдарымен дұрыс қарым-қатынас жасауды талап етті. Билік өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстың маңыздылығын түйсінген Еркебұлан Сайдоллаұлы Президиум мәжілісі мен Қазақстан Ұлттық Экономикалық палатасы «Атамекен» одағы» төрағасының бірлескен жұмысына белсенді қатысты. Еркебұлан Ильясовтың ұсыныстары Қазақстан Ұлттық Экономикалық палатасы «Атамекен» одағы» Президиумы төрағасының алғысхатында көрсетілген. 2012 жылы қаңтарда Еркебұлан Ильясов ҚР Парламент Мәжілісінің депутатына сайлауға түсті. Сайлау алдындағы науқан барысында ол бизнес және мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен бірнеше рет кездесіп, бәсекеге қабілетті Қазақстанды қалыптастырудағы мемлекет пен бизнестің өзара әрекет ету тетіктері мен түрлерін дамытудың маңыздылығын байқады.
2012 жылдан бастап Еркебұлан Ильясов GR club төрағасы ретінде жаңа болашағы бар бағытты басқарды. GR club-тың ерекшелігі – үкіметпен байланыс орнатуды жүзеге асыру, бизнестің мүддесін үкімет мүддесіне айналдыру (тендерлер ұтып алу, жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету, инвестиция тарту).
«Alageum Electric» компаниясының коммерциялық директоры ретінде Ильясов Еркебұлан жаңа технологияларды енгізу сияқты басым бағыттардың бірін дамытуды көздеп отыр. Осы мақсатта «Alageum Electric» АҚ-тың Өндірістік-техникалық департаменті құрылды. Департамент мамандары басшысы Еркебұлан Сайдоллаұлымен бірге озық тәжірибе алмасу үшін Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония сияқты технологиясы дамыған елдерге жиі барып тұрады. Соның нәтижесінде «энергияны үнемдеу», «энергияның тиімділігі», «жаңа технологиялар трансферті» тәрізді ұғымдар тұрмысымызға мықтап енді. Кәсіпорындарды жаңғырту сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүріп жатыр, ҚР аумағындағы жаңа кәсіпорындар құрылысына белсенді түрде инвестициялар салынып жатыр. Болашақта Орал, Алматы және Шымкент қалаларына жаңа зауыттар салу жоспарланып отыр. Кәсіпорын құрылысына салынатын инвестициялар көлемі 70 млн. долларды құрайды.
Инженер-энергетиктер одағының, сондай-ақ «Alageum Electric» Қазақстан электрэнергия қауымдастығының мүшесі ретінде компания экспортты арттыру, жабдықтарды жеткізу, энергетика саласында мемлекетпен өзара байланыс жасау мәселелері бойынша ТМД елдерінің осыған ұқсас кәсіпорындарымен қызмет істеседі. Еркебұлан Сайдоллаұлы Ильясовтың тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің энергетика саласындағы шоғырланған үдерістерді дамытуға қосқан үлесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Электрэнергетика кеңесінің дипломында көрсетілген.
Компанияның бұл саладағы жетістіктерін Еркебұлан Сайдоллаұлы 2010 жылы 23 маусымда Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде айтқан болатын, «Жылдамдатылған индустриалдану мәселелері» секциясының жұмысына ол белсенді түрде атсалысты.
Болашақта компания энергияны үнемдеу жүйелерін, энергияның балама көздерін қолдану есебінен электр энергиясын тұтынуды бақылауға мүмкіндік беретін ақылды үй, ақылды есептеуіштер тәрізді ғылымды қажет ететін күрделі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
«Alageum Electric» компаниясының мақтанышы – 50 жылдық даму тарихы бар, 1200 адамнан тұратын еңбек ұжымы бар Кентау трансформатор зауыты. Қала тәріздес кәсіпорын моноқала тізіміне енген Кентау қаласына өмір сыйлап отыр. Өндірілген өнімінің жоғары сапасы үшін «Алтын сапа» (жыл сыйлығы) сыйлығының иегері атанған. Ұлттық компанияларға электртехникалық өнімдерді арнайы жеткізушісі болып табылады. Ең соңғы жетістіктерінің бірі - 35-110-220 кВ кернеулі жаңа трансформаторларды енгізу әкелінетін жабдықтардың импортын төмендетуге мүмкіндік берді, осылайша капиталдың республика шекарасынан тыс шығуын төмендетті.
«Кентау трансформатор зауыты» АҚ - ТМД және қиыр шетел мемлекеттері нарығында 50-жылдық тәжірибесі бар кеңінен қолданылатын трансформатор жабдығының озат қазақстандық өндірушісі. Зауыт 10, 35, 110 кВ-тан 63 000 кВА-қа дейінгі күшті майлы және құрғақ трансформаторларды, әртүрлі қызмет атқаратын аралық стансаларды (ОРУ, КРУ, ЗРУ, ОПУ 35, 110 кВ), төменгі вольтті және жоғары вольтті ұяшықтарды және басқа да аса қажетті электр техникалық жабдықтарды өндіріп шығарады. Алматы қ. «Алматы электрмеханикалық зауыты» ЖШС сөре құрылымдарын, аралық стансаларды, төменгі және жоғары вольтті ұяшықтарды өндіріп шығарады. Зауыттың бүкіл өнімі сертификатталған, Халықаралық ISO 9001:2000 («IQNET» менеджменттің бағалау және сертификаттау жүйесі бойынша халықаралық желінің мүшесі) стандартының талаптарына сәйкес менеджмент және сапа жүйесі енгізілген. «Alageum Electric» АҚ-тың Астана, Ақтөбе, Ақтау, Алматы, Шымкент, Орал, Атырау және Өскемен қалаларындағы филиалдары арнайы өндірістік базамен және 10, 35, 110, 220, 500 кВ аралық стансалардың құрылысына, монтажына, электртехникалық жабдықты іске қосу-реттеу және электр беру желілеріне бағытталған қажетті арнайы техникамен жабдықталған.
Трансформатор жасау сияқты ғылымды қажет ететін өндірістегі табыстың кепілдігі біліктілігі жоғары кадрлардың болуы болып табылады. «Alageum Electric» компаниясы басшылығының өкілі ретінде Еркебұлан Сайдоллаұлы кадрларды даярлауға үлкен мән береді, бұл сияқты өзекті салаға инвестициясын аямайды. Осы жұмыс аясында Алматының төмендегі техникалық жоғары оқу орындарымен Меморандумға қол қойылған: Алматы энергетики және байланыс университеті, Қазақ Ұлттық техникалық университеті. Кадрларды даярлау концепциясының ерекшелігі – компания жоғары оқу орнының оқытушыларын арнайы бағдарлама бойынша екі апта оқытады, олар осының нәтижесінде алған білімді студенттерге жеткізулері тиіс. Бағдарламада білімнің теориялық та, практикалық та қырлары көзделген. Оқыту нәтижелері бойынша оқытушылар әдістемелік оқулықтар дайындайды, олар трансформатор жасау саласындағы болашақ мамандарды дайындаудың жоғары оқу орнының тәжірибесінде қолданылады. Компанияның басқа кәсіпорындардан ерекшелігі – студенттерді өндірістік тәжірибеге шақыра отырып, тәжірибеден өтіп жатқандарға жалақы төлейді. Түлектердің қатарынан Кентауға жұмыс істеуге келген жас мамандарға кәсіпорын есебінен тұрғын үй беріледі. Шарт жасап, біртіндеп пәтерді сатып алуға да бодады. Не болмаса, пәтердің коммуналды қызметтерін төлеп, тұра беруге болады. Компанияда жұмыс істейтін адамдардың отбасында сәби дүниеге келіп жатса 500 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.
Бүгінгі таңда, талабы жоғары басшының өмірі іссапарларға толы. Үйінде отбасының қорғаушысы – жары Сәуле күтіп отырады, соның арқасында мықты әрі сенімді қамқоршысы бар. Кейде қолы босаған кезде Еркебұлан Сайдоллаұлы сүйікті ісі – балық аулаумен қуана-қуана айналысады.
Ақпарат соңғы рет 09.09.2012 ж. жаңартылды.