SelfBrandBook
Ілиясов Еркебұлан. Ұлт бірлігі – табыс кілті . «Біздің зауытымыз – мемлекетіміздің моделі».// Казахстанская правда. 18.10.2008 ж.
Он үш ұлттың және ұлыстың өкілдері Кентау трансформатор зауытында жұмыс істейді. Шахтерлер қаласындағы көпұлтты еңбек ұжымы – әдеттегі құбылыс, өйткені бұл ұжым тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан бір үлкен отбасы. Бұнда жылы шырайлық, кішіпейілділік пен өзара түсіністіктің ерекше күйі орнаған. Кентау 44 ұлт пен ұлыс өкілдерінің жиналып өмір сүретіндігін мақтан тұтады, олар шағын қаланың ырғақты өміріне өздерінің этикалық әртүрлілігімен ерекше тартымдылық берді.
- Менің зауытым – үлкен мемлекетіміздің шағын ғана моделі, бұнда бәрі ұлтқа байланыссыз өздерін жайлы сезінеді, - дейді Георгий Топалиди.
- Бізде түгелдей интернационал, сонымен қатар ешқандай бөліну жоқ. Мереке күндері де, жұмыс күндері де бәріміз біргеміз. Ұжымның бұндай бірлігі зауыттың да, қаланың да қиын-қыстау кезеңдеріндегі қиын күндерге шыдауға көмектесті. Енді біз жаңа құралдарды тату меңгеріп, өнімнің жаңа түрлерін өндіріп жатырмыз.
Георгий Евстафьевич трансформатор зауытында отыз жыл бойы электромонтер болып еңбек етіп келеді, бүгінгі таңда, кәсіпорын әлдеқайда күрделі құралмен жабдықталғанына, оның қызметі арнайы білімді қажет ететіндігіне сендіреді. Өзі Прокопьевск пен Киевке бірнеше мәрте біліктілікті арттыру курстарына барған, өз бетінше оқиды, жинаған қомақты тәжірибесін жұмыс жөніндегі әріптестерімен шын көңілмен бөліседі. Кәсіпорынның басшылығы жаңа технологияларды меңгеруге және білім деңгейін көтеруге талпынған қызметкерлерді ынталандырады. Аса заманауи жобаларды назарға алмаса, жаңа, әлдеқайда күрделі өнімнің түрлерін меңгермесе, зауыт қарқынды түрде дами алмайды
- Шын мәнінде, трансформатор жасау ғылымды қажет ететін өндіріс болып табылады, - дейді кернеуі 35-110-220 кВ күш беретін трансформатор өндірісі бойынша жобаның жетекшісі Еркебұлан Ілиясов.
- Әрине, жаңа трансформатор зауытын салу үшін банктерден несие алу арқылы ақшалай қаражат та табуға болады, технологиялық құралдарды сатып алуға және қажетті ғимарат, құрылыс салуға болады. Бірақ, құрылымдар мен технологияны кез келген инженер-электрик игере алмайды. Бүгінгі таңда, зауыт нәтижелі әрі қарқынды дамып келеді. Бәсекелестіктің жоғарылығы мен қатаңдығын есепке ала отырып, кәсіпорында өндірісті жылдамдату және жан-жақты жетілдіру жүріп жатыр, стратегиялық менеджмент жетілдірілуде, корпоративті мәдениет дамуда.
Еркебұлан, Алматы энергетика және байланыс институтының түлегі, Қытайдың осы тәрізді кәсіпорындарында бірнеше мәрте болған, онда трансформатор өндірісінің жұмыс істеу ерекшелігін мұқият зерттеген. Кәсіпорынға ең күрделі міндеттерді шешуге қабілетті дайын маман болып келу үшін, ол институтта оқыған жылдары басқа да кентаулық студенттермен бірге зауытта өндірістік практикадан өткен. Қуаттылығы жоғары трансформаторлардың өндірісін меңгеру жөніндегі жобаны басқару дәл осы Е.Ильясовқа тапсырылған. Өз дәуірінде, Кентау трансформатор зауыты қуаттылығы 25-тен 400кВ дейінгі трансформаторларды өндіруге бағытталған. Қазір кәсіпорында қуаттылығы анағұрлым жоғары өнімдерді өндіруге тапсырыс бар.
Жаңа жылдан бастап кернеуі 35 кВ, қуаттылығы 1 000-нан 25 000 кВА дейінгі трансформаторлардың сериялық өнімі басталмақ. Цехтың құрылысы аяқталды, құрал-жабдықтар әкелініп жатыр, монтаж және желілерді орнату басталып жатыр. Жоба «БРК-Лизинг» желісі бойынша қаржыландырылуда. Жаңа өндірістің жұмысы барысында зауыт Өзбекстандағы Чирчик трансформатор зауытымен тығыз жұмыс істеді. Этникалық қазақтардан он төрт отбасы тарихи отанына оралып, Кентауда жұмыс істеуге ықылас білдірді. Зауыт басшылығы оралмандарды жұмыспен ғана қамтымай, тұрғын үй мәселесін де шешіп берді.
Өнімнің жаңа түрін меңгеруге көшпес бұрын, зауыт басшылығы нарықты зерттеді. Жыл сайын Қазақстанға 10-35 кВ класты трансформаторлардың үлкен мөлшері импортталады, әсіресе, Қытайдан. Сондықтан да отандық трансформатор жасау қатаң бәсекелестікті басынан өткеруде. Зауыт өнімнің бәсекеге қабілетті болатындығына күмәнданбайды, өйткені дәл осы заманауи құралды орнату өнімнің сапасын жақсартуға және өнім түрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Мәселен, Италияда сатып алынған жаңа технологиялық құрал еңбек өнімділігін шамамен үш есеге арттырды. Кәсіпорынның экономикалық қызметінің есептеуі бойынша, сатып алған құрал қаражатының орны жылдам толады. Тесік жасайтын кешен тұтастай бір штамптау шаруашылығының орнын алмастырады. Бағдарламалық қамтамасыз ету құралды реттеу уақытын айтарлықтай үнемдейді және пайдалануға ыңғайлы. Зауыттағы өндірісті жетілдіру және техникалық қайта жарақтандыру үдерісі арнайы әзірленген бағдарлама бойынша жүріп жатыр.
Кәсіпорында орамды электр техникалық болатты ашу бойынша екі автоматты желі орнатылған. Бұл агрегаттың бос жүру шығынын жиырма пайызға төмендетіп, өнімнің техникалық параметрлерін жақсартты. Германиядан орау сымдарын фольгаға ауыстыруға мүмкіндік беретін «TESSAG» фирмасының станогын алып келді. Монтаж және құю құрылғысының вакуумын іске қосу зауытта құрғақ трансформатор өндіруге мүмкіндік берді. Италияндық «Lae» фирмасы зауытты магнит өткізгіштерін, пластиналардың қисық тораптары бар трансформаторларды дайындаудың заманауи жоғары өнімділік желісімен жабдықтады. Ресейде өндірілген дәнекерлеу, бетті бүктеу және басқа да құралдар сатып алынды. Бірте-бірте зауыт заманауи, өндірістің жаңа технологияларымен жабдықталған ерекшеліктерге ие болып келеді.
- Біздің мамандарымыздың көбі, өз уақытында, ресей кәспорындарында оқыған, - дейді қызметкерлер және әлеуметтік мәселелер жөніндегі директор Серік Айтөреев, – ол жақтан біз нормативтік-техникалық құжатнама, материал қорларын және құрамдас бұйымдар аламыз. Жыл сайын біздің байланысымыз нығайып келеді, ал өнімді өзара жеткізу бойынша табысты әрі нәтижелі ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтерілді. Кадрларды өзіміз даярлау керектігін түсіне отырып, кадрларды дайындау мәселесіне аса үлкен назар аударып отырмыз. Мамандарымыз халықаралық көрмелерге және симпозиумдарға қатысады. Біз, тіпті, ағылшын тілін оқу бойынша тегін курстар ұйымдастырамыз, ал шетел тілін білгендігі үшін жалақыға отыз пайыз үстеме қосып береміз.
Бүгінгі таңда, шамамен 1 200 адам трансформатор зауытында еңбек етеді. Жаңа өндірісті іске қосу қала тұрғындарын тағы үш жүз жұмыс орнымен қамтиды. Тағы бір айта кететіні, кәсіпорындағы орташа жалақы 96 мың теңгені құрайды. Тағы да әртүрлі әлеуметтік жеңілдіктер бар. Мәселен, жұмысқа тегін алып келу – алып кету.
Өткен жылы кәсіпорындағы тауардың өсуі 53 пайызды құрады. Сонымен қатар, осы көрсеткіштермен бірге дайын өнімнің өтімділік нарығы кеңейіп, экспортты әлеует ұлғаюда. Осы жылдың тоғыз айында жалпы өндірілген өнімнің көлемі шетелге жіберілді. Қазір ол Ресейге, Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға жеткізіледі. Өндірістік байланыстың таралу шегі де осындай әртүрлі. Мәселен, зауыт бірнеше ондаған ресей өндірушілермен байланыс орнатқан. Трансформатор өндірісіне қажет құрамдас бөліктердің және басқа да материалдық ресурстардың айтарлықтай бөлігі кеншілер қаласына Ресейдің түкпір-түкпірінен келеді. Бүгінгі таңда, зауыт Ресейдің барлық аймақтарымен шарттық міндеттемелер бойынша тығыз байланыс орнатқан: Пермьнен кабель өнімін, Сафоновтан – термометр, Саранскіден – жарық техникасын, Кольчугинодан – түрлі түсті прокат алып келді. Ресей мамандары кентаулықтарға жаңа өзгерістерді енгізуді меңгеруге көмектесіп жатыр.
Кәсіпорын екінші жыл қатарынан үш ауысыммен жұмыс істеп жатыр, бұл біздің мемлекетіміздегі бірден-бір трансформатор зауыты өніміне деген сұраныстың өсуін растайтындығы сөзсіз. Зауыттың негізгі тұтынушылары «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» тәрізді қазақстан ұлттық компаниялары болып табылады. Зауыт компаниялардың трансформатор және басқа да құралдарды жеткізу бойынша өткізетін тендерлеріне белсенді түрде қатысады.
Тұтынушылардың сұраныстары артуда, бүкіл әлемде жаңа технологиялар белсенді түрде енгізілуде, кентаулық трансформатор жасаушылар бәсекеге түсіп, нарықтағы орнын сақтап қалу үшін шет қалмау керектігін түсініп отыр. Сондықтан да, кәсіпорын барлық жаңа және озат өнімдерді енгізу бойынша инновациялық алаңға айналды. Пікірлестердің тату-тәтті ұжымы бірқатар жобаларды нәтижелі жүзеге асырды, Түркістанда кернеуі 110-220-500 кВ, күш беретін трансформаторлар мен блокты аралық станцияларды өндіретін кәсіпорынның құрылысын бастады. Өндірісті іске қосу келесі жылы деп белгіленгендігі мәлім. Мақсат оңай емес, бірақ зауыт мемлекеттің индустриалды даму болашағын және энергетикалық қауіпсіздігін ойлау керектігін өте жақсы түсінеді, әйтпесе, біз жоғары технологиялы мемлекеттердің қатарына өте алмаймыз. Бүгінде зауытта осы мақсатқа қол жеткізуге қажетті нәрсенің бәрі бар. Және кәсіпорынның ең басты қазынасы – бұл алға қойған ауқымды мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлік құруға қабілетті адамдар.
Еркебұлан Ілиясов, «Alageum Electric» (Алагеум Электрик) АҚ бас директорының орынбасары.
Текст: Любовь Доброта
Еркебұлан Ілиясов. Ұлт бірлігі – табыс кілті . «Біздің зауытымыз – мемлекетіміздің моделі».// Казахстанская правда. 18.10.2008 ж.