Ілиясов Еркебұлан. Экономикаға арналған трансформатор.// Казахстанская правда. 13.04.2010 ж.
Энергетикалық қуаттың нығаюы – мемлекеттің экономикалық мүдделер саласына енетін басым стратегиялық мақсаттарының бірі. Оның өсуінде электр техникалық машина жасау өндірісі ерекше орынға ие. Бұл саланың бір бөлігін «Кентау трансформатор зауыты» АҚ иеленген, 2009 жылдың аяғында өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. Оның биографиясындағы елеулі кезең жаңа жоғары технологиялық өнімді өндіру бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыру болды. Кернеуі 35–110 кВ күш беретін трансформаторлар өндірісі бойынша зауытты іске қосуға Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қатысты.
Трансформаторлар – электр техникалық өнім нарығындағы анағұрлым қажетті және бәсекелестік сегмент. Ондағы бәсекелестік күн сайын өсіп келеді. Зауыттың жаһандық техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасының аясында еуропа мемлекеттерінің тым заманауи жоғары технологиялы құралдары сатып алынды. Кәсіпорынның конструкторлары, технологтары оны басқаруды шетелдік серіктестерден үйренді.
Кентау трансформатор зауыты республика экономикасының барлық саласына өзін сенімді жабдықтаушы ретінде танытты. Кәсіпорын «Alageum Electric» брендімен кернеуі 10–35 кВ қуаттылығы 25 000 кВА дейін, күш беретін майлы және құрғақ трансформаторларды, әртүрлі қолданылатын аралық станцияларды, төменгі вольтті және жоғары вольтті ұяшықтарды өндіреді.
Сонымен қатар, болашақты болжай отырып, инженерлік кадрларды даярлаумен және тәрбиелеумен айналысамыз. Олардың кәсіби дайындығы мемлекеттік идеологияның бір бөлігі болуы тиіс. Мемлекеттің индустриалды болашағы мүддесінде ғана инженер кәсібінің әлеуметтік мәртебесі мен беделін қайтаруға болады.
Сонымен қатар, кернеуі 35 кВ қуаттылығы 25 МВА, 110 кВ до 16 МВА дейінгі класты трансформаторлардың өндірісін меңгергеннен кейін, кернеуі 110 кВ қуаттылығы 63 МВА класты күш беретін трансформаторларды өндіруші бола отырып, ары қарай дамыту ойымыз бар. Бұл тәкаппар мақсат. Оны жүзеге асыруда Елбасының «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық даму – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауынан қолдау көрсетіледі деп ойлаймыз, онда Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық бизнес туралы бірден былай деді: «Біздің кәсіпкерлеріміздің қазірден бастап жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалауы, жаңа нарықтарға шығу бойынша тиімді стратегияларды әзірлеуге шындап кіріскендігі, бәсекелестік артықшылықтарды арттыруы маңызды деп ойлаймын».
Тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде жаңа өндірісті ашып, қазақстандық құрамды ұлғайта отырып, біз мемлекеттің стратегиялық, экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігін нығайтамыз. Электр техникалық құралдың сенімді жабдықтаушы беделі оның экономикасының барлық салаларын көп нәрсеге міндеттейді және қазақстандық «Alageum Electric» (Алагеум Электрик) сауда брендін «Siemens», «General Electric», «Schneider electric» тәрізді салмақты әрі атақты брендке айналдыру арманын жүзеге асыруға сенімділік береді. Осы патриоттық рух объективті қиындықтарды жеңуге, ілгері басуға, республиканың электр техникалық машина жасау өндірісін жаңа бәсекелестік биіктікке көтеруге көмектеседі.
Еркебұлан Ілиясов, «Alageum Electric» (Алагеум Электрик) АҚ бас директорының орынбасары.
Еркебұлан Ілиясов. Экономикаға арналған трансформатор.// Казахстанская правда. 13.04.2010 ж.